Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  4. Анестезиология және реанимация
  5. Анестезиология және реанимация»_ каз
  6. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  7. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу жəнеоларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметжəне қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудыңқаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтеріментығыз байланысты жəне бір мезгілде жүзеге асырылады.ҚР қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) жалпы мемлекеттік, қоғамдық жəне аудиторлық бақылау болып ажыратылады. Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік жəне ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.- Мемлекеттік қаржылық бақылау – бұзушылықтарды анықтау, жою жəне болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің ҚР-ның бюджет жəне заңнамасын сақтауын тексеру жəне талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау. Сыртқы бақылау – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мəслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау. Ішкі бақылау – ішкі бақылау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне оны ішкі бақылау службалары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау. Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық жəне қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын,бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуын, бақылау тексеріс жұмысының мəн-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық жəне нысапсыздық фактілерін бұлтартпау. Қоғамдық бақылау - Қоғамдық ұйымдардың:кəсіподақтардың,партиялардың,жастардың,бұқаралыққозғалыстардың,ғылымитехникалық,мəдениағартушылық,спорт,шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы.Қаржылық бақылау жүргізілу әдістері бойынша келесілерге бөлінеді:1)Тексеру 2)Зерттеу 3)Экономикалық талдау 4)Тексеріс 5)қадағалау. 1)Тексеру қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру. 2) Зерттеу – кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі. 3)Қадағалау қаржылық қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т.б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады. Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды. 4)Экономикалық талдау бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау. 5)Тексеріс (ревизия) қаржылық бақылаудың кең тараған түріне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу.

79)Қаржылық жоспарлаудың өзгешелігі,қағидаттары мен жоспарлау әдістері Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:1)Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:а)мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;б)материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады;2) Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді;3) Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады;4) Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді;5) Бағдарламалық мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар мен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату;6) Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады. Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік. Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 338 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері | Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою | АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ | Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ | Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны | Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау | Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері| Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)