Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары

Читайте также:
  1. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  2. Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы
  3. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
  4. Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
  5. Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
  6. Зақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері

Қаржы менеджменті кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты және қаржы активтерін қалыптастыру және пайдалану нәтижесінде туындайтын ақша ағымының қозғалысы жөнінде басқарушылық шешімдерін қабылдау мен оларды жүзеге асыру қағидалары мен әдістерінің жүйесін сипаттайтын ғылым. Ол қаржының қазіргі теориясының негізінде жасалған және қаржы нарығындағы дамудың бағыт-бағдарын зерттеуде қолданылатын төмендегі тұжырымдарға сүйенеді:

- идеальды капитал нарығының тұжырымы;

-дисконтталған ақша ағымының тұжырымы;

-капитал құрылымының (Модильяни-Миллер) тұжырымы;

-дивидендтер теориясы (Модильяни-Миллер);

-қоржын (портфель) теориясы және қаржы активтерінің табыстылығын бағалау моделі;

-опциондардың баға белгілеу теориясы;

-нарықтың тиімділігі гипотезасы;

-агенттік қатынастар тұжырымы және т.б. Күнделікті іс-тәжірибеде қаржы менеджментінің төмендегі 4 негізгі тұжырымы қолданылады: 1. Ақшаның уақыттағы құны тұжырымы, яғни қаржы нарығындағы пайданың нормасын есепке алғанда (әдетте несие пайызының нормасы), ақшаның құны уақыт жөнінен өзгеріп отырады. Бұл тұжырымға сәйкес белгілі бір сомадағы ақшаның құны уақыттың әр кезеңінде әр түрлі болады, яғни қазіргі кезеңдегі ақшаның құны әдетте уақыттың болашақ кезеңдегі құнынан жоғары болады. 2. Инфляция факторын есепке алу тұжырымы инфляцияға байланысты ақша қаражаттарының құнсыздануынан болатын табысты жоғалтулардың орнын толтыруда активтер мен ақша ағымының құнын нақты көрсетуге негізделеді. 3.Тәуекел факторын есепке алу тұжырымы кәсіпорынның қаржышаруашылық қызметіне ықпал ететін жағымсыз қаржы салдарын мейлінше азайтуға, қаржылық операциялардың табыстылығын қамтамасыз ету үшін оның деңгейін объективті бағалауға негізделеді. 4. Өтімділік факторын бағалау тұжырымы инвестицияланатын объектінің табыстылығын қамтамасыз ету үшін оның өтімділік деңгейін объективті бағалауға негізделеді. Қаржы менеджментінің негізгі санаттарына тоқталайық. Қаржы ресурстары деп кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындауға және ұдайы өндіріс шығындарын өтеуге арналған табыстар мен сыртқы ақша түсімдері нысандағы ақша құралдарының бір бөлігін айтады. Қаржы ресурстары өзінің қалыптасуына қарай ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған), ал кәсіпорынның иелігінде болу уақытына байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Капитал – кәсіпорынның айналымына салынған және осы айналымнан табыс әкелетін қаржы ресурстарының бір бөлігі. Егер кәсіпорын капиталының мөлшері қаржы ресурстарының көлеміне жақындаса, онда кәсіпорынның тиімді жұмыс жасағандығы. Капитал кәсіпорынға тиістілігіне қарай: меншікті (өз меншігіндегі) және қарызға алынған (заемдық) болып бөлінеді. Меншікті капитал – бұл кәсіпорынның активтерін құру үшін пайдаланатын меншік құқығындағы ақша құралдарының құны. Қарыз капиталы қайтарымдылық шартымен тартылған ақша құралдары мен басқа да мүліктік құндылықтарды білдіреді. Капитал өндірісте пайдалану сипатына қарай: негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал – бұл кәсіпорынның айналымнан тыс активтерінің барлық түрлеріне салынған капиталының бір бөлігі. Айналым капиталы – айналым активтеріне салынған капитал. Кәсіпорын капиталының қызмет етуі негізгі үш сатыдан тұратын айналыс процесімен сипатталады. Бірінші сатыда – капитал ақшалай нысанда операциялық активтерге инвестицияланады; екінші сатыда – өндіріс процесінде капитал тауарлы нысанға айналады; ал үшінші сатыда – тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудың негізінде тауарлы капитал ақша құралдарына ауысады.

 

82)Қаржылық менеджметтің категориялары және негізгі көрсеткіштерінің мәні: экономикалық пайда, экономикалық қосылған құн, экономикалық рентабельдік, таза келтірілген құн.

Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар бухгалтерлік есеп берудің халықралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді:

1. Баланстық есептің элементтері

2. Қаржылық шаруашылық есептің нәтижесі туралы есептің элементтері.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес бес қаржылық есеп нысаны қарастырылады:

- Бухгалтерлік баланс

- Кірістер мен шығыстар туралы есеп

- Ақша қозғалысы туралы есеп

- Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп

- Есеп саясаты немесе түсініктеме хат.

Баланстық есептің элементтері:

1. Кірістер

2. Міндеттемелер

3. Капитал

4. Табыстар, кірістер

5. Шығындар

6. Пайда

7. Зиян шегу немесе залал.

Қаржылық есеп элементтерін бағалау― дегеніміз ақшалай саладағы элементтің ерекшелігін анықтау процесі. Бағалау нәтижесінде элементтің мөлшері бекітіліп, балансқа және кірістер мен шығындар туралы есепке енгізіледі. Бұл ретте нақты бағалау әдісін таңдап алу қажет. Қаржылық есепті құрастыру процесінде таңдап алған бағалау әдісінің біреуі ғана қолданылуы қажет.

Қаржылық есепте үш бағалау әдісі қолданылады:

1. Тарихи құн әдісі. Бұл әдіс бойынша активтер оларды сатып алу кезіндегі эквивалентте немесе ақша қаражатында көрсетіледі, оларды сатып алу кезіндегі ұсынылған әділеттілік құн негізінде бағаланады.

2. Қалпына келтіру құны. Бұл әдіс бойынша активтер егер де эквивалент актив есепті кезеңде алынатын болса, олар қаржылық есепте есепті кезеңдегі ақша қаражаты және эквиваленті негізінде бағаланады.

3. Дисконтталған құн әдісі. Бұл әдіс бойынша активтер болашақтағы таза ақша ағымдары негізінде дисконтталған құн бойынша бағаланады. Ал міндеттемелер нақты кезеңдегі міндеттемелерді жабу эквивалентінде қарастырылады.

Әкімшілік жүйеден нарықтық экономикаға өту процесімен орыс экономистер Ресейдің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты төрт көрсеткішті қарастырған.

1. Қосылған құн


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 412 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою | АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ | Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ | Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны | Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау | Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы | Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері| Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)