Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
  2. АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ
  3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
  4. Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
  5. Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАРЫ

Инвестициялық жобаларды бағалау және оларды қаржыландыруға таңдауға келесі әдістерді қолдануды ұсынады:

· қарапайым бухгалтерлік пайда нормасы;

· (дисконтсыз) инвестицияның өтімділігінің қарапайым әдісі;

· Жобаның өтімділігінің дисконттық әдісі;

· Инвестицияның рентабельдігінің индексінің есебі;

· Рентабельділіктің ішкі ставкалары инвестицияның рентабельдігінің нормасының есебі әдісі;

· Инвестицияның тиімділігі коэффицентінің есебі;

· Қарыздарды толық өтеу мерзімі;

Бірақта, дүниежүзілік практикада инвестицияны бағалауда ең жиі қолданылатын әдіс, өнеркәсіпті дамытудың халықаралық ұйымдарының БҰҰ талаптарына сәйкес келеді.

Инвестициялық жұмыстарды талдауда қолданатын барлық әдістерді екі топқа бөлуге болады:

А) дисконттау арқылы бағалауға негізделген;

Б)Есептеу арқылы бағалауға негізделген;

Дисконттау арқылы бағалауға негізделген әдістерге:

· Таза ағымдағы құн әдісі немесе таза дисконтталған нәтиже (табыс) NPV

· Табыстылық әдісі Ri

· өтімділіктің ішкі нормасы әдісі IRR

· ағымдағы өтімділік әдісі PP

Таза ағымдағы құн әдісі – болжамдалған кезеңде ақшаның және инвестицияның түсімінің дисконтталған құнын салыстыруға негізделген. Ақша түсімі – таза пайданың сомасы және амортизациялық төлемдер. Жобаға шешім қабылдауда ескеретіні келесі ереже:

· егерде NPV > 0, онда жобаны қабылдау қажет;

· егерде NPV< 0, онда жоба қабылданбайды;

· егерде NPV=0, онда жоба сол уақытта қабылданады, егер оны сату ережесіне іске асырылған жобаға салған капиталдан ақша ағымдарын күшейтсе.

Альтенативті жобаларды салыстыру үшін инвестицияның (Ri) рнтабельдігі индесксі қолданылады.

Пайдалылықтың индексі табыстылықтың ағымдағы көлемінің инвестицияның әрбір теңгеге есептегендегі шамасын көрсетеді. Неғұрлым табыстылық көрсеткіші жоғары болса, соғұрлым жоба артықшылықты болады..

Аржылық талдаудың түсінігі, қаржылық жағдайды, қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады: •қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш

және қорлар есебі;

•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

• кәсіпорын табыстылығын бағалау;

• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-сайды.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшы-лармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:

жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан

бастаған жөн және оған мыналар жатады:

• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау; • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

• баланс өтімділігін талдау;

• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы | АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ | Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны | Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары | Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны | Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау | Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы | Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері | Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері | Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ| Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)