Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р инвестициялыҚ климаты. Шетел инвестицияларын тартудыҢ жаҒымды факторлары

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
  2. АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ
  3. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  4. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
  5. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
  6. Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
  7. Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Doing Business 2014» жаңартылған рейтінгінде 50-ші орында тұр. «Инвесторды қорғау» индикаторы бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһанды индексінде екі жыл қатарынан әлемдегі 185 елдің ішінен 10-шы орынға ие болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2005 жылдан 2013 жылдың 30 қыркүйек аралығында, республика 177,8 млрд. АҚШ долл. тікелей шетел инвестицияларын тартты. Соңғы 5 жыл динамикасының көрсеткіші бойынша, осы аралықта жалпы инвестициялық сомадан 100 млрд. АҚШ долл. тартылды. Сонымен, елде дүниежүзілік қаржы дағдырыс жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып қалып, инвесторлардың сенімін тудырды.

ҚР негізгі бәсекелестік басымдылықтарға Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның тез өсіп келе жатқан нарықтарына географиялық жақын орналасуын жатқызады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы АТА-ны Еуропамен және Таяу Шығыспен қосатын негізгі трансконтинентальді бағыттар өтеді.

Кеден Одағының шеңберінде интеграциялық үдерістер маңызды рөл атқарады. Кеден Одағы ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долл. және 170 млн. жуық халық тұратын бірыңғай тауар нарығын ашады, ол біздің елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіншіліктер туғызады.

Қазіргі кезде, Қазақстанда шетел капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компаниялар жұмыс істеуде, соның ішінде Fortune – 500 тізіміне кіретін (Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, Данон (Франция), ENI/Agip, Bonatti, Saipem, Augusta, Westland, Italcement (Италия), GE (АҚШ) компаниялары бар.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатымен мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогты дамыту бойынша көпсатылы жүйе құрылды. Ол өзіне ҚР Президентінің Шетел инвесторлардың кеңесі, инвестициялық климатты жақсарту кеңесі, Премьер-Министрдің орынбасарының жетекшілігінде арнайы жұмыс органы, инвестициялық омбудсменнің принципі бойынша әрекет етуді қосады.

Қазақстан экономика саласында бірнеше стратегиялы бағдарламалық құжаттарды іске асыруда, мысалы индустриалды-инновациялық дамудың жылдамдатылған мемлекеттік бағдарламасы, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы.

2050 жылға дейін өндірілген энергияның 50% баламалы және жаңартылған энергия көздерімен қамтамасыз етіліп отырады деп болжануда, ЖІӨ-нің қосымша өсуі 3% кем емес болады.

Қазақстанда жағымды инвестициялық климат құрылған. Инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған.

Ұлттық заңнамалар мен халықаралық-құқықтық база әрдайым жетілдірілуде, инвестициялық жеңілдіктер пакеті ұлғаюда.

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңында инвесторлардың құқықтарының келесідей кепілдіктері бекітілген құқықтық қорғаудың кепілдігі, ұлттандыру және реквизиция болғандағы инвесторлардың құқықтарының кепілдігі (тек қана айрықша жағдайларда рұқсат етіледі).

Инвестицияларды көтермелеу және қорғау бойынша екіжақты келісімдер жасалды (олар: 47 екіжақты және бір көпжақты (ЕурАзЭҚ).

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес, инвестор басым салаларда инвестицияларды жүзеге асырған кезде келесі жеңілдіктерге ие болады. Материалдар мен шикізаттарды, құрал-саймандарды елге кіргізген кездегі кедендік баж салықтарынан босатылу, мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық және стратегиялық жобалар үшін (жоғары баға қосылған тауарлардың өндірілуі басым салалардың қызметінде, жоғары технологиялық салаларда және ивестиция көлемі 5 млн АЕК-тен кем емес).

7 жылға дейінгі салық жеңілдіктері қарастырылған (жер және мүлік салықтары нөлдік төлеммен); әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардағы өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электроэнергия, жер телімін иеленуге, ғимараттарды иеленуге, құруға кеткен шығындарды өтеу).

10 арнайы экономикалық аймақтардың шеңберінде келесі жеңілдіктер берілген; жер салығы, мүлік салығы, АЭА аймағындағы тауарларға ҚҚС босатылу, жер телімін 10 жылға тегін жалға беру.

АЭА шеңберінде «инновациялық технологиялар паркі» ИТП жоғарыда көрсетілгендерге қоса келесі жеңілдіктер берген әлеуметтік салық 0% аумақтан тысқарылық принциптері – ИТП қатысушылары АЭА аумағынан тыс жерде болуы мүмкін және ҚҚС-тан басқа салық жеңілдіктермен қолдана алады, бағдарламалық қамтамасыз етудің амортизациялық нормасы - 40% (стандарт – 15%).

2014 жылы 12 маусымда өткен Шетел инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында мәлім болғандай, Қазақстан Президенті Н. А. Назарбаев, Қазақстанда барынша жоғарыинвестициялық белсенділік көрсеткен 10 мемлекеттің атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, Италия, Малайзия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Корея Республикасы, АҚШ, Франция және Жапония азаматтары үшін біржақты визасыз режимді құру туралы жариялады.

Сол күні Президент 2014 жылы 24 шілдеде күшіне енген «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) қол қойды.

Осы Заң 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі-«Инвестициялар туралы заң») және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заң кодексіне(бұдан әрі-«Салық кодексі») айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізді. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Концессия туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңдарына шамалы өзгертулер енгізілді.

Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағында кəсіпкерлік қызметтің объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың жəне ақпарат нəтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетелдік капитал салу.Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу əдісі ретінде қарастырылуы жəне жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін. Шетелдік тікелей инвестициялар – шетел инвесторларының салған капиталының болуымен, отандық кәсіпорыннан артықшылығымен түсіндіріледі. шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар, халықаралық институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған. Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарызға əсер етпеуінде, ал халықаралық органдардан алынған займдар үкіметтің кепілдігімен алынады. Игерілген шетелдік тікелей инвестициялардың едəуір бөлігі мұнай, газ, түсті металл, энергетика салаларына бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік инвесторлардың көптеп келуіне əсер ететін жағдайлар бар. Мысалы, бай минералдық шикізат көздері, көптеген табиғи жер ресурстары, яғни түсті жəне қара металлургия, химия жəне мұнай химиясы. Еліміздегі өнеркəсіптік қуаттылық пен халықтың білім деңгейі жеткіліксіз мамандандырылған кадрларды қамтамасыз етті.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының келуінің жаңа перспективолары ашылып жатыр.
Бірінші, ең негізгі шетел капиталын тарту бағыты оның көмегімен Қазақстанның алынбаған ғылыми техникалық потенциялын меңгеру, әсіресе машина жасаудың конверсияланатын кәсіпорындарында.
Екінші, Қазақстанның экспорттық потенциялын кеңейту және диверсификациялау.
Үшінші, импорт алмастырушы өндіріс құру, халық тұтыну тауарларының, азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина жасау өнімдерінің, т.б. өндірісін дамыту.
Төртінші, транспортпен байланыс, өңдеуші салалар мен инфроқұрылым сфералары.
Бесінші, бай табиғи қорлары бар, еңбегі мол аймақтарға (бірінші кезекте оңтүстік, батыс және орталық) шетелдік инвестицияның келуіне ықпал ету.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 461 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы | Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері | Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері | Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары | Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ | Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері | Аржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі | Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау. | Арыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру| Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)