Читайте также:
|
|
Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды. Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы - ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.
Қарыз капиталы келесідей артықшылықтармен сипатталады:
- Кәсіпорынның несиелік рейтингі жоғары болғанда, оның кепіл қалдыру немесе гарант беру негізінде қарыз тарту мүмкіншілігінің кеңдігі;
- Кәсіпорынның активтерін кеңейту және оның шаруашылық қызмет көлемінің қарқынды өсуін жоғарлату және кәсіпорынның қаржылық потенциалын өсіру қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі;
- Салық салу есебінде меншікті капиаталмен салыстырғанда қарыз капиталы құнының төмендігі;
- Қаржылық тиімділіктің өсуін генерациялау қабілеттілігі.
Қарыз капиталдардың бірінші және негізгі қайнар көзі болып табылатын қайта өндіру процесінен шығатын қаражаттар, яғни олар өздерінде ақша капиталын жинап отырады.
Қарыз капиталдың екінші қайнар көзі болып рантье капиталдары (ақша капиталистердің) табылады. Олар капиталистер өзінің байлығын өндіріске салуды және одан пайда алуды жөн көрмейді, сол капиталды басқа капиталистерге немесе мемлекетке қарыз беру арқылы пайда алу дұрыс деп санайды және осыдан бастапқы қарыз капиталын қайтару шарты бойынша ссудалық пайыздар арқылы пайда табуды көздейді.
Ссудалық капиталдың қалыптасуының үшінші қайнар көзіне несиелік ұйымдарға өздерінің түскен табысын және жинаған ақша қорларын салып жүретін қалған несие берушілер бірлестігі жатады. Солардың қатарына зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік бюджеттің уақтша бос ақша қаражаттары, жиналымдар және басқа институттардың, әртүрлі кластардың табысы кіреді.
Қарыз капиталының құнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
- Құнды бағалаудың базалық көрсеткіштерін қалыптастырудың қарапайымдылығы. Мұндай базалық көрсеткіштерге несие үшін процент формасында қарызға қызмет ету құны, облигация бойынша купондық ставка және т.б. жатады. Бұл көрсеткіш компанияның несиелік келісім-шарт талаптарында, эмиссиялық немесе басқа да міндеттемелер келісім-шарт талаптарында тікелей көрсетіледі.
- Салық корректорындағы қарыз капиталының құнын бағалау процесіндегі есеп. Қарызға қызмет ету төлемі (несиге проценттер және т.б.) өнім шығындарына (өзіндік құнға) кіретіндіктен, олар компанияның салық салу базасының мөлшерін төмендетеді.
- Кредиторлармен бағаланатын компанияның несиеқабілеттілігінің деңгейімен байланысты қарыз капиталын тарту құны. Кредиторлардың бағалауы бойынша неғұрлым компанияның неисеқабілеттілігі (яғни, қаржы нарығында оның несие рейтингісі) жоғары болса, соғұрлым осы компанияның қарыз капиталын тарту құны (несие және оның әртүрлі формалары бойынша төмен проценттік ставка – " прайм райт " – "біріншікласты қарызгерлер" үшін кредиторлармен белгіленеді) төмен болады.
- Қарыз капиталын тарту тек қарызға қызмет ету ғана емес, сонымен қатар осы негізгі қарыздың сомасын төлеу міндеттемелері бойынша ақша ағымдарының қайтарымдылығымен әрқашанда байланысты болады.Бұл қауіпті жағдайларға әкелетін қаржы тәуекелінің ерекше түрлерін генерациялайды (компанияның банкроттыққа ұшырауы). Компанияның ағымдағы кезеңіндегі төлемқабілетсіздік тәуекелін төмендетуде ұзақмерзімді несие және оның барлық формалары бойынша проценттік ставканың қысқамерзімдіге қарағанда әрқашанда жоғары болады.
Капиталдың толықтай жiктемесiне тоқтала кетейiк:
1. Кәсiпорын иелiгiне қарай: өзiндiк және қарыз капиталы;
2. Мақсатты қолданылуына қарай: өндiрiстiк және ссудалық;
3. Инвестициялау формасына қарай: қаржылық формадағы капитал, материалдық формадағы капитал, материалдық емес формадағы капитал;
4. Инвестициялау объектiсiне қарай: негiзгi және айналым;
5. Айналым үрдiсiндегi формаға қарай: ақшалай формадағы капитал, материалдық формадағы капитал, тауарлы формадағы капитал:
6. Меншiк формасына қарай: жеке жiне мемлекеттiк;
7. Ұйымдық-құқықтық формасына қарай: акционерлiк, пайлық, дара;
8. Тарту көзiне қарай: шетелдiк және ұлттық.
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау. | | | Оғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру |