Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ
  2. Азақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
  3. Атмосфералық ауа, су және топырақ қоршаған ортаның негізгі нысандары ретінде
  4. Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ
  5. Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
  6. Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері
  7. Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы

Жобалық қаржыландыру – инвестициялық несиелеудің екінші түрі. Ақша қаражаттарының қайтару кезіндегі жобаларды несиелеу әдісі басқа да ақшалай қаражат көздерін тартуынсыз, сол жобадағы ақша ағымымен жүзеге асырылады.

Жобалық қаржыландырудың инвестициялық несиелеуден айырмашылығы, жобалық қаржыландыру кезінде заем берушінің міндетін қамтамасыз ету ретінде сол жобаның мүліктері (жылжымайтын мүлік, құрал-жабдықтар) орын алады.

Казіргі таңда экономиканы тиімді басқару шарты болып, мемлекет пен бизнестік конструкциялық өзара іс-әрекеті табылады. Осы өзара іс-әрекеттің ерекшелігі болып, әр елдегі нарықтық қатынастың арнайы маңыздылығымен байланысты әдістері мен нақты формалары ажыратылуы мүмкін.

Экономикадағы он жыл ішінде дамушы және дамыған елдер қатарында билік пен бизнестік өзара іс-әрекетінің маңызды формасы қалыптасты. «Public-рrivate рartnership» (PPP) терминін білдіретін мемлекеттік және жеке секторының серіктестіктері туралы айтылып жатыр. ТМД елдерінің әдебиеттерінде ол «мемлекеттік-жеке серіктестік» деп аталады. Мемлекеттік-жеке серіктестіктің әр түрлі формаларының дамуы, әлемнің барлық өңірлерінде экономиканың әр түрлі саласында олардың кеңінен таралуы жаңа экономиканың ерекшелігі ретінде бизнес пен мемлекеттің өзара қызмет формасы ретінде түсіндіруге болады.

Мемлекеттік-жеке серіктестік айналасында ерекшелігіне байланысты серіктестіктердің көптеген түрлерінің нақты тапсырмалары жеке модельдерге бөлінеді. МЖС мақсатына сәйкес кооперация, қаржыландыру моделі және ұйымдастырушылық моделі деп бөлінеді. Көптеген жағдайларда серіктестіктер өздерінің құрылымы мен әр түрлі модельдерінің артықшылықтарына сүйене отырып, формалар қолданылады. [1].

Ұйымдастырушылық модельге казіргі таңда МЖС-тің көп тараған түрі – концессия жатады. Концессия (от лат. concessio — рұқсат беру, кеміту), Муниципалитет немесе мемлекетке жататын шаруашылық объектілер, кәсіпорын немесе табиғи байлықтарды нақты бір жағдайда эксплуатацияға беру келісім-шартын айтады. Капиталистік елдерде концессиондар болып, жоғары табыс алу үшін қолданылатын ірі монополияларды айтады. Қаржыландыру моделіне біріктірілген проектік қаржыландыру, лизингтің барлық түрлері, жалға беру, коммерциялық жалға беру жатады.

МЖС пен проектік қаржыландыру моделінің жалпы ерекшілігі болып табылады:

• проектті бекіту, оның құрылымы және оны іске асыру;

•проектті іске асырудың институционалды негізі болып табылатын және автономды ресурстармен орналасқан ереже бойынша өз еркімен проекттік компаниялар құру;

• болашақ ақша ағымы есебімен қарыздың негізгі бөлігін төлеу және пайыздарды өтеу. Ол дегеніміз, проектінің капитал сиымдылығы үшін жеткілікті ұзақ мерзімге негізделген қаржыландырудың негізгі концепцияларын жасау керек;

• тәуекел мен табыстылықты анықтауға байланысты болашақ ақша ағымын талдау;

• барлық қатысушылардың маңызды мақсаты ретінде проектіні іске асыруды қамтамасыз ететін келісім-шарттар құру;

• серіктестіктердің міндеттерін мен жауапкершіліктерін анықтау.

Тәжірибе жүзінде барлық проектілер заем жинаушының барлық активтеріне құқылы кредит есебінен қаржылануы мүмкін.

Проектік қаржыландыру – кредитті қамтамасыз ету ретінде шаруашылық объектілердің активі мен кредитті төлеудің негізгі көзі ретінде осы объектілердің табыстары мен ақшалай түсімдерін кредитор бағалап және қарастыра отырып, нақты шаруашылық объектілерді қаржыландыру. Кредиторлар крелитті қайтару мүмкіндігін бағалай отырып, проектінің акционерлерін емес, керісінше сол проекттің өмірге қабілеттілігі мен тиімділік деңгейін қарастырады

108)Мемлекеттік кредит (МК) және оның нысандары. Қарыздар сипаттамасы. Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі жəне кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи жəне жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. МК ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде жəне ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды. МК ресурстарды: 1) бюджет тапшылығын қаржыландыру; 2) ұлттандырылған жəне аралас кəсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру; 3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдаын қаржы- ландыру: 4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады. МК түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне халықтың арасында пайда болады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел д.а. Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кəсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдарыалған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің мін- деттемелері ретінде болады. Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады. МК негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі жəне сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Мемлекеттік қарыздар, əдеттегідей, ақшалай ны- санда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады. Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына жəне билік- тің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыра- тылады. МК қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің əр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысанда-рын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады. Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи жəне жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік несиелер деп аталады. Бұл нысан ШЖС немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді. Бюджеттік кодекске сəйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы жəне мемлекет кепілдік берген қарыз алу.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 481 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Арыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері. | Оғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАРЫ | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ | Р сақтандыру нарығына қатысушылар | Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі. | Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері | Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама | Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы| Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)