Читайте также:
|
|
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады жəне олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік жəне əлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты. Мемлекет қаржысы үшін көп дəрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-əрекеті қолайлы, сондықтан ол бөлгіштік жəне бақылау функцияларын орындайды. Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен байланысты (мемлекеттік кəсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар) қаржылық қатынастар əрекеті жағдайларында мемлекет қаржысының. ұдайыөндірістік функциясы іс-əрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның «адамның өсіп-өнуіне», оның материалдық,əлеуметтік, табиғи жəне моралдық игіліктеріне жəрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік функцияның ғаламдық əрекеті жəне жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады. Мемлекеттің қаржысы республикалық жəне жергілікті деңгейлерде іс-əрекет етеді жəне мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік жəне муниципалдық кəсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымыныңарқасында мемлекет экономикалық, əлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық жəне аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалықжəне əлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттіңқаржысы жалпы мемлекеттік (республикалық) жəне жергілікті (муниципалдық)қаржылар болып бөлінеді. Егер қаржылық қатынастарды топтастыру кезінде мемлекеттің экономикамен əлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда ҚР мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады:ҚР мемлкеттік қаржысы:1)республикалық қаржы (бюджет және бюджеттен тыс қорлар кіреді); 2)жергілікті қаржы (мемлекеттік кредит және кәсіпорындардың қаржысы кіреді). Мемлекет қаржысының құрамында республикалық жəне жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады.Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық əдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едəуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері – республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық жəне жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады. ҚР аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарынұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңыздыорын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе эко-номикалық үдерістерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кəсіпорындар шығаратын өнімінің бəсекелестік қабілетін арттыруға,аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жəрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады. Бюджеттен тыс қорлардың арналымы – арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мəртебесі қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Қорлардың дербестігі (автономдығы) өкілетті жəне атқарушы органдардың қатысуысыз дербес басқаруды қажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкіндік береді
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 358 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | | | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. |