Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.

Читайте также:
  1. Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.
  2. Жалпы ереже
  3. Кесте. Жуғыш заттардың жалпы құрамы

Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі. Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы белгілер – меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар. Жер салығы: енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық əдістермен жерді ұтымды пайдалану жəне жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың əлеуметтік-мəдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін (бірқатар жағдайларды қоспағанда) міндетті болады. Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай, топырақ сапасы бойынша сараланған жəне жер алаңының бір өлшеміне – гектарға, шаршы метрге белгіленген. Жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері салық заңнамасымен белгіленеді. Ең жоғарғы мөлшерлемелер елді мекендердің жерлеріне белгіленеді; Ең төменгі мөлшерлемелер шөлейтті, шөлді, тау бөктеріндегі жəне таулы өңірлердегі суарылмайтын жерлерге белгіленеді. Мүлік салығы тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Мүлік салығы оның біршама екі дербес түрін кіріктіреді: заңи тұлғалар мен дара кəсіпкерлерге салынатын мүлік салығы жəне жеке тұлғалардың мүлік салығы. Заңи тұлғалар мүлік салығын салық базасының 1,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша, ал оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кəсіпкерлер мен заңи тұлғалар 0,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай (1 млн.теңгеден 120 млн. теңге жəне жоғары) жыл сайын 0,05%-дан 1,0%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша төленеді. ҚР мемлекеттік тіркеуге жататын жəне есепте тұрған көлік кұралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады. Жүк көтергіштігі 40 тонна жəне одан асатын карьерлік авто- самосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік кұралдары салық салу объектілері болып есептелмейді. Салық мөлшерлемелері салық салу объектілеріне (көлік құралдары қозғағышының көлеміне, жүк көтергіштігіне жəне түрлеріне) қарай айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленген жəне көлік құралдарының түрлері бойын- ша сараланған. Бұл ретте салықты есептеу үшін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне АЕК қолданылады. Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару кұқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша салық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заңи тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады. Мемлекеттік бюджет түсімдерінде көлік құралдары салығының үлесі 0,35%- ды құрайды

 

113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)

Меншікті капитал құны – бұл қарапайым акция иелерінің күткен ақшалай табысы. Қарапайым акциялар компанияның қаржылық ресурстарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жарғылық капиталдағы олардың үлесі 75 пайыздан аспауы тиіс. Акционерлік қоғамдар өндірісті дамыту, жаңарту және кеңейту үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту мақсатында қосымша акциялар шығара алады.

Капиталды бағалайтын мәліметтерді қолдануға негізделетін бірнеше модельдер

бар.

Дивиденд өсімін болжау моделі. Меншікті капитал құны мына формуламен есептеледі:

Се=

Мұндағы, Сe – меншікті капитал құны; D1 – инвестициялық жобаның бірінші орындалу жылына төленетін дивиденд; P – бір акцияның нарықтық бағасы; g – болжанған дивидендтің жылдық өсімі.

Артықшылығы бар акциялар құнын анықтау. Артықшылығы бар акциялар үшін әдетте белгіленген мөлшерде дивиденд төленеді. Сондықтан артықшылығы бар акциялар үшін табыс (артықшылығы бар акциялар құны - Cp) мына формуламен анықталады:

Cp=

Мұндағы, D – акцияға төленетін жыл сайынғы дивидендтің мөлшері; P – бір

акцияның нарықтық бағасы.

Бөлінбеген пайданың құны. Қор нарығының жеткілікті деңгейде дамымауы, көптеген отандық кәсіпорындар қызметі нәтижесінің шынайы көрсетілмеуі, олардың тиімді қызмет етуін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің ақпараттық базасының болмауынан таза пайданы біріншіден, барлық шаруашылық қызметтің нәтижесі, екіншіден қаржы ресурстарының негізгі көзі ретінде танимыз. Ол кәсіпорынның негізгі және өндірістен тыс қызметтерінен тапқан табысы және оның меншігі болып табылады. Дивиденд төлемеу және пайданы инвестициялау алынған табысты кейінге қалдыру болып табылады. Бөлінбеген пайда болашақта неғұрлым мол табыс алу мақсатында кәсіпорынды одан әрі дамыту үшін пайдаланылады.

Қарыз капиталын басқару. Кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қарыз капиталын пайдаланады.

Банктің ұзақ мерзімді несиелері. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда шаруашылық қызметті банктің ұзақ мерзімді несиелері арқылы қаржыландырудың рөлі зор. Ұзақ мерзімді несиелер деп 5 жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелерді айтады. Бұл жағдайда қарызға алынған капиталдың құны несиенің пайыздық мөлшерлемесіне тең болады және қарыз беруші мен қарыз алушының арасында жасалатын келісім шартпен анықталады.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 494 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ | Р сақтандыру нарығына қатысушылар | Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі. | Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері | Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама | Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.| Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)