Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер

Читайте также:
  1. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  2. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  3. Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы
  4. Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
  5. Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
  6. Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер
  7. Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.

Опцион – опциондық шарттың бекітілгенін айғақтайтын туынды бағалы қағаз.

Осы уақытқа дейін опциондар теориясы корпорацияның қаржысын басқарудағы теорияның маңызды тарауы болып саналған жоқ (инвестиция теориясынан айырмасы). Шынында, корпорацияның қаржылық тәжірибесінде ол мына жағдай үшін қолданылады, яғни мынадай қаржылық құралдардың ерекшеліктерін түсіндіруде қажет: варранттар мен конверттелген бағалы қағаздар. Алайда кейбір шешімдер, қаржылық менеджмент салаларында қабылдануда, опциондар теориялары аясында түсінікті болады және жақсы талданады.

Опциондар теориясы басқа да жағдайлармен жұмыста, талдауда қолданылады, мысалы, жал келісімшарттарының жойылуында немесе жобаларды жүзеге асырудан бас тартуда. Нақты атап өтерлігі, фирманың акционерлік капиталы, зайымдық қаржыландыруды пайдалануда сатып алушының опционы ретінде алға тартылуы ықтимал.

Фирма зайымдық капиталды тартады, несиегерлердің фирма активтері акционерлерінің сату үдерісіне қатысты әрекеттерде басшылыққа алады, яғни активтер үшін қолма-қол қаражатпен есеп айырысады (ұсынылатын зайымның сомасы), бірақ осы орайда акционерлерге сатып алушы тарапынан опцион алға тартылады, жүзеге асыру бағасы зайымның өзінің сомасына тең және ол бойынша пайызбен шамалас. Егер компания ісі алға басса, өз опциондарын акционерлер жүзеге асырады, ал компанияның ісі кері бағытта өркендесе, негізгі қарыз бен пайызды төлеуі тиіс. Кері жағдайда компания үшін келеңсіздіктер орын алған жағдайда акционерлер сатып алушы опциондарын жүзеге асыра алмайды (несиегерлер қарыздарын жаба алмайды) және компанияны басқару несиегерлердің қолдарына көшеді.

Фьючерс – тараптардың бекіту барысында белгіленген бағасы бойынша келешекте сатылатын және сатып алынатын биржалық (базистік) активтің стандартты биржалық келісім-шартын білдіретін туынды бағалы қағаз.

121) Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың сыныпталуы.

Шығын экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа бөлінеді біріктіріледі:1.Негізгі және айналым капиталын дайы жаңғыртуға жұмсалатын;2.Өнім(жұмыс,қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын;3.Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын;4.Біржолғы шығыс.Өнім,жұмыстарды және қызметтерді өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарға тоқталатын болсақ, бұл шығын негізгі және айналым капиталын, сондай-ақ еңбек ресурсын тиісті мақсатта пайдаланумен пайдаланумен байланысты; ол өнімді,жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі. Қызметтің кәдімгі түрі бойынша өнім жасаумен және оны сатумен, тауар сатып алумен және сатумен байланысты шығын танылады. Жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты жүзеге асырылатын шығысы да осындай шығын болып саналады.Қызметтің кәдімгі түрі бойынша негізгі құрал-жабдықтың, материалдық емес активтің және амортизациялық аударым түрінде жүзеге асырылатын өзге де амортизацияланатын активтің құнын өтеу де шығыс болып саналады. Қызметтің кәдімгі түрі бойынша жұмсалатын шығыс бухгалтерлік есепте ақшаға шағылған, ақшалай немесе өзге нысандағы төлем мөлшеріне немесе кредиторлық берешектің мөлшеріне тең сомада қабылданады.Қызметтің кәдімгі түрі бойынша шығыс мынадан қалыптасады: 1.Шикізат, материал, тауар мен өзге де материалдық-өндірістік запас сатып алумен байланысты жұмсалатын шығыстан; 2.Өнім өндірісі, жұмыс орындау, қызмет көрсету және оларды сату мақсатында материалдық-өндірістік запасты қайта өндеу (пысықтау) процесінде пайда болатын шығыстан; 3.Тауар сату(қайта сату) процесінде пайда болатын шығыстан (негізгі құрал жабдықты және өзге де айналым активін ұстау және пайдалану, сондай-ақ оларды түзік жағдайда ұстауға жұмсалатын шығыс); 4.Коммерциялық шығыстан; 5.Басқарушылық шығыстан;Қызметтің кәдімгі түрлері бойынша шығысты қалыптастырғанда оны шығын мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет: 1.Материалдық шығын; 2.Еңбекақыға жұмсалатын шығын; 3.Әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығын; 4.Амортизация; 5.Өзге шығын.Бухгалтерлік есепте басқару мақсатында шығын баптары бойынша есеп ұйымдастырылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.Ұйым қызметтің кәдімгі түрінің қаржысының нәтижесін қалыптастыру мақсатында сатылған тауардың, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын анықтайды. Өзіндік құн есепті жылы да, өткен есепті жылы да шығын ретінде танылған шығыстың, сондай-ақ кейінгі есепті жылы кіріс алуға қатысты ауысқан шығыстың негізінде өнім өндірісінің ерекшеліктеріне, жұмысты орындау мен қызмет көрсетудің және оны сату,сондай ақ тауарды сату ерекшеліктеріне байланысты нақтыланып қарастырылады.

 

122)Өнімді өндіруге және өткізуге шығын сметасы. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құны: түрлері, құрлымы, төмендету жолдары мен резервтері. Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі ең негізгілері – бұл бір дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және бір теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар, өткізген өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген, өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.Өндірістік шығындар сметасы – кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің, экономикалық элементтерінің, кесіп алғандағы, оның барлық шығындарының соммасы көрсетілген жалпылама көрсеткіш. Онда, біріншіден, өнімнің жалпы және тауар өндірісімен байланысты негізгі және қосымша өндірістің барлық шығындары; екіншіден, өндірістік емес қызмет көрсету және жұмыс шығындары; үшіншіден, орналасқан жері мен қайнар көзіне байланыссыз жаңа өндірісті қабылдауға кеткен шығындар көрсетілген. Бұл шығындар ережесі бойынша зауыт ішіндегі айналым есебісіз алынады.Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:1.Нақты бір өнімге жатқызуға болатын тікелей шығындар есебі және шыққан орнында жойылатын шығындар; 2.Бастапқы шығын есебі, бірақ ол нақты шығындарды алып жүрмейді. Жойылуына байланысты ол 2 түрлі болады: - пайда болған орнында жойылатын тікелей жойылу шығындары;- шығындардың пайда болған орнына тікелей қатысты емес шығындар.Басшылар сметаның көмегімен, өздерінен төменгі деңгейдегі басшыларға өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық шешімдерді қабылдауға, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады. Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай оны бірнеше түрге бөлуге болады: жоспарлы, болжамды (есеп) және нақтылы.Жоспарлы өзіндік құн– ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайына байланысты қажетті шығындар. Болжамды өзіндік құны– технико-экономикалық есептерді ескере отырып, жаңа енгізілген ғылыми жетістіктерге кеткен шығындар.Нақтылы өзіндік құн– барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн. Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері: 1. Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны. 2. Еңбек ақы. 3. Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына. 4.амортизация. 5. Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады:1.өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).2. B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі; 3. B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.4.Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).5. өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).6. Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру. 7. өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).8. Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.

123)Өнімді өткізуден түскен түсім, оны жоспарлау және қолдану Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады

Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.[

Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс өлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардын, < тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсе-тілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бүл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

 

124)Пайлық (жарналық) инвестициялық қорлар: түсінігі, түрлері, активтер құрылымы Инвестициялық қорлар – жеке жəне ұжымдық тұлғалардың ақша қара жатын немесе активтерін басқару үшін кəсіби инвестиция лық ме неджерлер қолданатын механизм.Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрле1) акционерлiк инвестициялық қор; 2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi. Инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы.1. Акционерлік және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.
2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi:1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi;2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды.Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде оны тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс.3. Акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесі, қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс.6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi;4) мемлекеттiк бағалы қағаздарды және Қазақстан Республикасы қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, олардың жалпы санының он бестен асатын пайызы мөлшерiндегі бiр заңды тұлғаның бiр түрдегi қаржы құралдары болмауға тиiс.7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама | Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. | Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы | Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару| Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)