Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару

Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  4. Анестезиология және реанимация
  5. Анестезиология және реанимация»_ каз
  6. Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
  7. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны

Операциялық тұтқа (леверидж) - шығындар құрылымы мен өнімді өткізуден алынған түсімді өзгерту арқылы операциялық пайдаға әсер етудің әлеуетті мүмкіндігі. Практикалық есептеулерде операциялық тұтқаның әсер ету күшін анықтау үшін жиынтық маржаның пайдаға қатынасы қолданылады. Жиынтық маржа – бұл өнімді өткізуден алынған түсім мен өзгермелі шығындардың айырмасы.

Операциялық тұтқанын әсер ету күші=

Операциялық тұтқаның әсер ету күші әрқашанда сатудың белгілі көлемі үшін, яғни өнімді өткізуден алынған нақты түсім үшін есептеледі. Тұрақты шығындар көбейген сайын пайданың мөлшері азаяды, ал операциялық тұтқаның әсер етуі күшейеді және керісінше. Яғни өнімді өткізуден түскен түсімнің көлемі азайса операциялық тұтқаның әсер ету күші артады. Бұдан операциялық тұтқаның әсер ету күші шаруашылық субъектісінің қызметінен туындайтын кәсіпкерлік тәуекелділікпен байланысты екені байқалады, яғни операциялық тұтқаның әсер етуі неғұрлым күшейген сайын кәсіпкерлік тәуекелділік деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Операциялық тұтқаның әсер ету күші екі құрамдас бөлікпен сипатталады. Олар: кәсіпорынның пайдалылық табалдырығы мен қаржылық беріктілік қоры (запасы).

Пайдалылық табалдырығы – бұл кәсіпорынға не зиян, не пайда әкелмейтін өнімді өткізуден алынған түсім.

Пайдалылық табалдырығынан өткеннен кейін алынған түсім мен пайдалылық табалдырығының айырмасы кәсіпорынның қаржылық беріктілік қоры немесе қауіпсіздік шегі деп аталады. Егер өткізуден алынған түсім пайдалылық табалдырығынан төмен болса, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлап, өтімді құралдардың тапшылығы пайда болады.

Кәсіпорынның қызметінің түріне байланысты пайда болатын тәуекелдің мынадай екі негізгі факторы бар:

1) өнімнің, шикізат пен энергия бағаларының және оларға сұраныстың тұрақсыздығы, яғни бағаның деңгейі мен сұраныстың көлемі неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым түсім тұрақты және кәсіпкерлік тәуекелділік деңгейі төмен болады;

2) несиелеудің қаржылық шарттарының тұрақсыздығы (активтер пайдалылығы тҧрақты болмаған жағдайда), қарыз қаражатының үлесі жоғары кәсіпорын таратылған жағдайда өтемақыларын алуда жәй акция иелерінің сенімсіздігі жағдайында қаржылық тәуелділік деңгейі жоғары болады.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 1133 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері | Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама | Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. | Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері.| Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)