Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері

Читайте также:
  1. Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
  2. Р сақтандыру нарығына қатысушылар
  3. Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
  4. Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
  5. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
  6. Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері

Пруденциалды нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтауға міндетті нормативтер."Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалды және сақтандыру (қайта сақтандыру) арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынудың нысаны мен мерзімін және пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді белгілейді.

1.Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында осы Ережеде пруденциалдық нормативтердің мынадай түрлері белгіленген:

1) төлем қабілеттілігінің нормативтері;
2) қаржылық тұрақтылық нормативтері.

2. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері олардың өтімділігін ескере отырып оның қабылданған міндеттемелер мен активтер арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауы болып табылады.

3. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштеріне:
1) жарғылық және меншік капиталдың ең төменгі мөлшері;
2) активтердің құны және оның диверцификациялану дәрежесі;
3) сақтандыру резервтері мен өзге де міндеттемелердің мөлшері;
4) төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері;
5) сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі міндеттемелер көлемдерінің арақатынасы;
6) көрсетілетін сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің рентабельділігі (пайдалылығы);
7) іске асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігі.

Төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы төлем қабілеттілігінің мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
1) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі, ол мына формула бойынша өтімділігі жоғары активтердің сақтандыру резервтеріне қатысы ретінде есептеледі:

ВА
Нва = > ------------------,
СР
мұндағы:
Нва - өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі;
ВА - осы Ереженің 6-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген өтімділігі жоғары активтердің құны;
СР - сақтандыру ұйымының уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің сомасы.
Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс;
2) сақтандыру ұйымының мына формула бойынша оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру резервтері мен өзге де міндеттемелер сомасына азайтылған барлық активтер құнының жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жеке капиталының ең төменгі мөлшеріне қатысы ретінде есептелген меншік капиталының жеткіліктілік нормативі:

А - СР - О
Нк = > ------------------,
Мск
мұндағы:
Нк - сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі;
А - сақтандыру ұйымының осы Ереженің 6-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген барлық активтерінің құны;
СР - сақтандыру ұйымының уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің сомасы;
О - сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін қоспағандағы міндеттемелері;
Мск - жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген меншік капиталының ең төменгі мөлшері.
Сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс.

САҚТАНДЫРУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ. САҚТАНДЫРУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҮДЕРІСІНДЕГІ КӨРІНУІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ.

Сақтандырудың экономикалық категориядағы арнайылығы келесі белгілермен сипатталады:

1) кездейсоктыктың белгілері;

а) жазатайым жағдайлар, яғни нақты тәуекелдің болуы; б)қоғамдық өндіріске түскен материалдық немесе басқада шығынды өтеу қажеттілігі;

2) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, қоғамдық қауіпсіздік
талаптарын объективті түрде қанағаттандыру;

3) сақтандыруда оған қатысушы сақтандырушылар арасында болған шығынды өтеу таралымы іске асады;

4) шығынды қайта тарату, аймақтық бірліктер арасында; Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі бұл формалары мен әдістер жүйесі мақсаттық ақша қаражатттарын қалыптастыру мен оларды әртүрлі күтпеген, қолайсыз болмыстарда шығынды өтеуде қолданылатын, сонымен бірге азаматтарға олардың өміріндегі оқиғалар болғанда көмек көрсету үшін қажет.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән
қызметтері атқарады. Сақтандырудың қызметі мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі кызметтерін атап көрсетуге болады:

Бөлу қызметі: Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтаңдыруда бөлу қызметі сақтаңдырудың тиісті түрлерінің жинақтық қызметіне бүгіледі.

Бақылау қызметі тараптардың сақтық телемдерін жұмындыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде «Қаржы» және «Несие» категорияларымен де байланысы бар. Жалпы оларға ортақ функцияларды белгілеп, төмендегідей көрсетуге болады:

а) арнайы ақшалай сақтандыру қорын қалыптастыру. Оны міндетті немесе ерікті түрде қалыптастыру мына функция қызметінің көмегімен атқарылады:

- уақытша бос ақша қорларын банк немесе басқа да коммерциялық структураларды инвестициялау;

- ақша қорларын жылжымалы мүлікке салу;

- бағалы қағаздар сатып алу және т.б.

б) келтірілген зиян орын толтыру және азаматтарды жеке материалдармен қамтамасыз ету. Зиянның орнын толтыру құқығына жеке және заңды тұлғалар ғана тиесілі, өйткені олар сақтандыру қорын қалыптастырады. Бұл функцияның көмегімен олар экономикалық қажеттілікті сақтандырудың көмегімен ала алады.

в) сақтандыру кездей соғын болжау және оынң әкелетін зиянын азайту. Бұл функция болуы мүмкін зиянды стихиялық апаттарды, оқыс оқиғаға ұшырап қалмауды алдын ала сақтандыру үшін арналған. Бұны біле тұра сақтандыру орындары ерекше бір ақшалық қор ұйымдастырады. Қорды қалыптастыру үшін салық көлемдерінен ақшалық қор алынып отырады.

Сақтандырудың экономикалық мәніне қаржы категориясы біріншіден бөлу функциясын сондай-ақ мыналады бөліп көрсетуге болады:

а) тәуекелдік;

б) алдын ала болжау;

в) жинақтық;

г) бақылау, қадағалау.

А) Тәуекелдік функциясы. Тәуекел сөзін аударатын болса, ол шешім қабылдау және оның алдағы жағдайының қандай болатынын білмеу деген мағынаны береді. Тәуекелдік – бұл болуы немесе болмауы мүмкін. Тәуекелдік бұл сақтандыру келісім-шартының барлық кезендерінде болады.

Б) Алдын ала болжау функциясы – ақша қорларын сақтандыру, болашақта жанұяның қанағаттандыларлық өмір сүруне күмән келтірмеу үшін жасалынады.

В) Бақылау функциясы – сақтық төлемдерін жұмылдыру және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі толық құқықлы субъектілерге айналады.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 554 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. | Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы | Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері. | Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару | Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер | Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері| Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)