Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері

Читайте также:
  1. Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
  2. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері NPV және JRR критерийлерін салыстыру
  3. Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері
  4. Р сақтандыру нарығына қатысушылар
  5. Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
  6. Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
  7. Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру

Сақтандыру компаниялары- сақтандырушы қызметін атқаратын, яғни сақтанушыға сақтандыру оқиғалары (қауіп-қатерлер) пайда болған жағдайда шығынын өтеуге міндеттеме алған мекемелер. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы — шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады. Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады. Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді. Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында орналастырылатындықтан сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады. Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі көзі – сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады.

Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.

Сақтандыру шарты - сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Шарт тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.

Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелiгi: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетiлген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегiнде сақтандырушы заңның барлық талаптарының жəне оның қызметiн тұтынушылардың мүддесiн сақтау бойынша мiндетiн атқарады. Егер сақтанушының қызметiн бақылайтын өкiлеттi мемлекеттiк орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметiн жүргiзуге лицензия (рұқсат) бермеудiң негiзi болып есептеледi.

Заңнамадағы анықтамасына сəйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бiрақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 827б. сəйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiпбөлiп төлеу қарастырылса бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi жəне тараптар үшiн мiндеттi болады.

Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуiн талап етуге құқылы. Тиiсiнше (өз кезегiнде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемiн жасау бойынша мiндетi орындалуын талап ете алады

Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рəсiмдейтiн құжаттар арасында таңдауға мүмкiншiлiк бередi. Тараптар шарттың барлық жағдайлары көрсетiлетiн бiр құжатты жасап оған қолдарын қоя алады. Мұндай шартты жасау жеке келiсiлген жағдайларға, бiрбiрiне сай келмейтiн тəуекелдерге байланысты сақтандыру жасалғанда қолданымдырақ болып келедi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 826бабында сақтандыру шартының мазмұны анықталады. Онда мыналар болуға тиiс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi жəне банктiк реквизиттерi; 2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса), тегi, аты, əкесiнiң аты (егер бар болса) жəне тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi жəне банктiк реквизиттерi; 3) сақтандыру объектiсi; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тəртiбi мен мерзiмдерi; 6) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi; 7) шарттың жасалу күнi жəне қолданылу мерзiмi; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисiн) номерi, сериясы; 10) шарттың жағдайларына өзгерiстер енгiзiлетiн кездер мен оларды енгiзу тəртiбi; 11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарттары мен оның мөлшерi.

Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулi жағдайларына мыналар жататындығы туралы қорытынды жасауға болады, олар: 1) сақтандыру объектiсi; 2) мүмкiн болатын сақтандыру жағдайы; 3) сақтандыру сомасы жəне сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тəртiбi мен мерзiмдерi; 4) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi; 5) шарттың қолданылу мерзiмi; 6) шартты өзгерту тəртiбi бойынша шартқа өзге де елеулi жағдайлар енгiзiлуi мүмкiн. Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтандырушының жағдайын нашарлататындай жағдайлар болса, онда осы заң актiлерiмен белгiленген ережелер қолданылады. Яғни, сақтандыру жөнiндегi нормалардың диспозитивтiгi сақтанушының жағдайын жақсартатын жағдайларға ғана таралады. Осыған себеп болып жоғарыда айтылған сақтандыру шартының ерекше əлеуметтiк маңыздылығы келедi, азаматтардың ажырамас мүдделерi, нарықтық арнайы субъектiлерiмен сақтандыру компанияларымен шарт жасайтын жеке кəсiпкерлер мен басқа да тұлғалардың мүдделерi есепке алынуы қажет.

Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру соманың) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген жəне сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.

Сақтандыру шартының кейбiр ерекшелiктерi сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болады. Бұл мысалы, шарт бойынша азаматтыққұқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру жəне зиян келтiру үшiн жауапкершiлiктi сақтандыру шарттарына қатысты. Осындай кездерде сақтандыру олар арқылы шарттық жəне деликтiлiк жауапкершiлiк жүзеге асатын тетiктерге қосымша болып келедi. Сонымен қатар құқық бұзушылық iсəрекетiне байланысты сақтандыру төлемдi жасауды қарастыратын нормалар жəне құқық бұзушының жауапкершiлiгiн тiкелей анықтайтын нормалар арасында белгiлi бiр қатынастар (қатысу) анықталады.

Сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн: 1) егер сақтандыру объектiсi өзiнiң болмысын тоқтатса; 2) Оны ауыстыру орын алмаған кезде сақтанушы болып келмейтiн сақтандырылушы сақтанушы болып келмейтiн сақтандырылған тұлғаның өлiмi жалпы ереже бойынша шарт мiндеттерi мен құқықтарының пайда алушылардан басқа тұлғаларға ауысуына əкелмейдi. 3) сақтанушының сақтандырылған мүлкiн алу, егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болса, ал заң актiлерiнде немесе сақтандыру шартында осыған қатысты өзге ереже қарастырылмаса. 4) өз кəсiпкерлiк немесе азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған сақтанушы кəсiпкерлiк қызметiн бекiтiлген тəртiпте тоқтатса. 5) сақтандырылатын жағдай туындау мүмкiндiгi жойылса жəне сақтандыру тəуекелдiгi сақтандыратын жағдайдан басқа негiзден өз болмысын жоғалтса.

Сақтандыру шартының жарамсыздығы бiр немесе екi тараптың қылмыстық мақсаттарымен байланысты болғанда, бiр жақты реституция жүргiзiлетiн болады, мысалы, қылмыстық мақсаттарды тек сақтанушы көздесе, болмаса, егер оларды сақтандырушы да көздесе, реституцияға жол берiлмейдi.

Аннуитет шарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтандырушы мерзімдік төлем түріндегі сақтандыру төлемін Пайда алушының пайдасына шартпен белгіленген мерзім ішінде төлеуге міндетті. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 676 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. | Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы | Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері. | Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару | Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру| Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)