Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  3. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  4. Анестезиология және реанимация
  5. Анестезиология және реанимация»_ каз
  6. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны
  7. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады: Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру, Салық салу, Инвестициялау,Сыртқы қарыз алу, Сыртқы берешек

Экспортты қаржыландыру. Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура және жанама әдістерді кірітіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізаттық ресурстар мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін. Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кедендік баждар, валюта бағамы, әлемдік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлемдік қаражаттардың бағамы жатады. Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу- нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды қолдану.

140)Туынды бағалы қағаздар түсінігі және айналыс ерекшеліктері: фьючерстік келісім-шарттар, опциондар Туынды бағалы қағаз деген базистік активтер бағасының өзгеруіне байланысты, яғни осы бағалы қағаздың негізі болған активке шығарылған мүліктік құқықты білдіретін құжатсыз формадағы бағалы қағаз. Базистік активтерге тауарлар, негізгі бағалы қағаздарға акция жəне облигация жатады. Туынды бағалы қағаздар деп аталуының себебі, олар негізгі классикалық бағалы қағаздарға шығарылады. Туынды бағалы қағаздарды сатып алу-сату үшін екі жақ мерзімді мəмілеге келеді. Онда мəміле жасаушылар көрсетілген активті болашақта алу, бірақ шарттасқан кездегі баға бойынша жеткізіп беру көзделеді. Туынды бағалы қағаздарды қолданып жасалған мерзімді мəміле туынды бағалы қағаздар нарығында сатып алынады жəне сатылады. Басқаша айтқанда, туынды бағалы қағаздар нарығы – ол мерзімді нарық.1 Мерзімді нарықтың басқалардан өзгешелігі – мəміленің орындалуы болашақта келісілген мерзімде жүзеге асырылады. Туынды бағалы қағаздарды шығарып, айналысқа түсірудің мақсаты – кез келген биржалық активтер бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен бірге бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіптен сақтандыру. Фьючерстік шарт – стандартты үлгідегі шарт, онда мəміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді. Фьючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған. Ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалық сауда барысында белгіленеді. Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бір ізге салынады: тауар дың тұтыну құны, оның саны жəне нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны жəне одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі жəне оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тəртібі жəне басқалар. Фьючерстік саудада тек мəміле жасасқан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мəміленің саны, жеткізіп беру айы жəне ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар. Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу, содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тəртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу. Фьючерстік шартты «сату» деген фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу (сату) міндеттемесін өзіне қабылдап алу, содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу. Опцион деген биржалық активті сатып алуға немесе сатуға құқық беретін стандартты биржалық шарт, басқаша оны еркін айналыстағы опциондық шарт деп те атайды. Құқықты сатып алу үшін белгіленген күнге дейін шарт орындалатын баға бойынша сыйақы деп аталатын белгілі бір сома төленеді. Əдетте, биржалық практикада опционның екі түрі – сатып алу («колл» опционы) жəне сату («пут» опционы) қолданылады. Бірінші жағдайда сатып алушы биржалық активті сатып алу міндеттемесін емес, опционды иемдену құқығын алады. Ал екінші жағдайда сатып алушы сол активті сату міндеттемесін емес, опционды сату құқығын алады. Опционды сатып алушы оны ұстаушы немесе иемденуші деп те аталуы мүмкін, ал опционды сатушыны оған жазылушы немесе оны «жазып алдырушы» деп атайды.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 533 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы | Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері. | Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару | Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер | Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру | Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері | Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері | Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері | САҚТАНДЫРУДЫҢ СЫНЫПТАЛУЫ. САҚТАНДЫРУ САЛАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. | Салық саясатының құрылымы мен мақсаты,оның түрлері мен типтері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Салықтардың экономикалық мазмұны және олардың сыныптамасы| Зақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)