Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері

Читайте также:
  1. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
  2. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.
  3. Ауыл жастарының өмірге төзімділігінің көріну ерекшеліктері
  4. Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама
  5. Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.
  6. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі

Тұлғаның жағымсыз өзгерістері байқалады. Темпераменттің сандық және сапалық; жалпы және индивидуальды параметрлерінің өзгерістері, тұлғаның мінезі мен бағыттылығының маныздылығы жоғалады. Қызығушылығын жоғалтады. Кейбір жағдайларда эмоциональды-еріктің төмендеуі; гипобулия мен апатияның көрінуіне әкеп соғады. Ауру адам өз іш дүниесіне қатты үніліп,сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеледі. Ауруларда интеллектуальды ойлау функциясының жетіспеушілігі айқын байқалады. Бірақ тексерген кезде интеллектінің сақталғаны анықталады. Ойлауы бұзылып, шындықтан қашқақтап,жүйке жүйесінің бұзылуы, аморфтық және ойлауы тұрақты жеміссіз болады. Басқа жағдайда тұлға денгейінің төмендеуі, эгойстік-утилитарлық қызығушылықтардың өсуімен байланысты, аффекттілі әрекеттер байқалады. Нақты формальды интеллектуальды ойлаудың бұзылуы, есте сақтау қабілеті мен зейіннің тұрақты болмауы, орын ауыстырудағы және қозғалысындағы қиыншылықтар байқалады. Ойлау жүйесінің жемісі нашарлап, ауру өз жағдайын түсіне алмайды. Бұл негіздер ауруда ақыл кемістігінің бастапқы белгілері. Тұлғалық денгейі төмендеуінің жалпы белгілері: астения мен гипобулиядан спонтандық кезеңге дейін жетуі мүмкін. Кейбір ауруларда жағымсыз ықпалдар:санасыз-алаңғасарлық, көңіл-күйінің болмауы байқалады. Аурулар осы жағдайларды сезіне алмайды.

Тұлғаның регресс жағдай -индивидуальды құрылымы жойылудың бастамасы. Ол көптеген клиникалық формада көрінуі мүмкін. Жағымсыз бұзылулар байқалады: жансыздық, қоршаған ортаны елемейді, әрбір психикалық тітіркендіргіштерге эмоциональды реакцияның болмауы. Еріктік процесстің барлық кезеңдеренде интенсивтілік бірден төмендейді. Мақсатқа бағытталған еріктік әрекеттің жойылуы көрінеді. Аурулар өз беттерінше өмір сүре алмай, туысқандарының қарамағында болады. Бұл формадағы жағымсыз бұзылулар апатико-абуликалық синдромға сәйкес келеді. Апатия мен абулиямен бірге таңғалу, мінез-құлықтың моторикалық ерекшеліктері көрінеді. Қозғалыстың үйлесімділігі мен пластикасы өзгереді.

Тұлғаның регресс жағдайындағы басқа формасында клиникалық көрінісі аффективті-лабильділік түрінде көрінеді. Интеллектуальды ойлау функциясының төмендеуі байқалады. Ауруда бұзылулар туралы көзқарас болмайды. Естің бұзылуы, мінез құлықтағы моральды-этикалық нормалардың тежелуі көрініс береді.

Амнистикалық бұзылулар - ең алдымен еске зақым тигiзедi, жоғарғы интелектуалды функциялар зардап шегедi.Естiң бұзылуы гипомнезия көрнiстерiмен сипатталады, ол айқындала түсуi мүмкiн. Белсендiлiктiң төмендеуi, тез шаршауы, зейiннiң тұрақсыздығы байқалады. Бұл бұзылулар ағымды сипатта болады.Айтылған психопатологиялық жағдай өзiнiң мазмұны бойынша лакунарлы деменцияға ұқсайды. Оның ең басты айырмашылығы тұлғалық қасиеттердiң ұзақ сақталуы. Көп уақытқа дейiн моральдi-этикалық сапалар аймағында бұзылулар байкалмайды. Ауру адамдарда интелектуалды-мнистикалық бұзылуларға деген сын көзкарасы сақталады. Бірақта мұнда темперамент пен мiнездiң кейбiр қасиеттерінiң ерекшеленуi, оған тән емес жақтарының пайда болуы: тiтiркенгiштiк, аффектiлi тұрақсыздық, басқару функциялар мен ерiктiң әлсiзденуi. Кейбiр жағдайларда амнистикалық бұзылулардың прогрессивтiлiгi байқалады.

Тотальдi ақыл-ойдың кемуi. Алғашқы белгілерге жоғарғы және дифференциалды интелектуалды функциялардың үлкен бұзылулары жатады: талқылау мен ой қорытындысын жасау қабілеттері, жалпылауы, шектеулері, классификациялауы, бөлуі т.с.с. ойлау процесстерінің өнімсіздігі байқалады. Интелекттің кемшіліктері, өз-өзіне сын көзқарас қаситінің қатты бұзылулары, тұлғалық қасиеттердің өзгерісі байқалады.

Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдын кемуi: оның кұрлымы интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді.

Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі: оның құрылымында басым бөлігін алатыны тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамыйды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі: деменция белгілерімен бірге галюцинация, сандырақ көрінеді,олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты.Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі: оның симтомдары корсаков синдромына сәйкес келеді.Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.

Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі: естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.

Асемикалық ақыл-ойдың кемуі: онда демнция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары болады.Психикалық маразм.Психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері.

Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады. Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгегйіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобальды ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 353 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Орал, 2014 ж | Ылымилығы мен маңыздылығы. | Емдеу және реабилитациясы. | Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер | Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері | Аномальды даму психологиясы | Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі | Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама | Психикалық толық жетілмеу себептері | Шизофренияның клиникалық көріністері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жүре пайда болған зақымданулар.| Хромосомалық аурулар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)