Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу және реабилитациясы.

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  4. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  5. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  6. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
  7. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.

Қазіргі Клиникалық психология- жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, жүйкелік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Клиникалық психологияның негізгі бөлімдері: а) Нейропсихология, б) Патопсихология, в) Психиатрия психикалық дамудың бұзылуын, қалыпты адамның жағдайындағы өзгерістерді, мөлшерден тыс өзгерістер мен қалыпты жағдайларды, қалыпты жағдайлар туралы түсініктер береді.

Қазіргі Клиникалық психологияда медицина ғылымының теориялық негіздері жайлы ғылыми деректер жан жақты зерттелуде, кез келген ауру жайлы түсініктердің адам психикасына әсері мен ықпалы өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ауру жайлы түсініктер батыс және шығыс елдердің халықтарында әртүрлі түсіндіріледі. Ғылыми деректерде ауруды организмнің қалыпты жағдайынан ауытқуы деп түсіндірсе, тибет халқында ауруды организмдегі жиналған кір ретінде қарастырады және адамның кірленген жерді тазартуға мүмкіндігі мол екендігіне ерекше мән береді.

Кез келген аурудың өзіне тән белгілері мен себептері бар. Аурудың белгісін симптом, ал белгілердің жиынтығын немесе тек сол ауруды ғана айқындайтын белгіні синдром деп атайды. Бір белгілер көптеген ауруларда кездеседі, мысалы: бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, көңіл күйдің жайсыздығы, т.б. Ал аурудың ерекше белгісінің айқындалуы-синдром, мысалы: гепатит, апендицит, дизентерия және т.б.

Ауруды тудыратын себептер: эндогенді және экзогенді болып екіге бөлінеді. Эндогенді немесе ішкі себептер, экзогенді немесе сыртқы себептер. Ауруды үлкен екі топқа бөлеміз: жан немесе психикалық, тән немесе соматикалық аурулар. Аурудың кез келген түрі адам психикасы мен жүйке жүйесіне әрқашанда әсер етеді.

Психиканың дамуын ауытқушылығын және шығу тегін, патогеезін зерттеуде көптеген жетістіктер бар. Бұл жағдай генетика, эмбриология, биохимия, теротология сияқты биологиялық ғылымдардың акушерлік таным педнатрия психиатрия сиқты клиникалық пәндердің жетістіктеріне байланысты. Осыған байланысты әртүрлі этиопатогенезі бар психикалық ауытқушылардың жалпылама тобы өздерінің шығуы мен патогенезі сай жекеленген клиникалық түрлерге бөлінеді.

Медицинадағы психолгияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше.

Науқас адам дәрігерге келуі аномнез толтырудан (яғни адамның өмірбаяны, қашан және қандай аурулармен туғаннан бері ауырғаны, қандай шағымдармен келгені, сырқаты қалай басталғаны, т.б.) – тарихынан басталады. Анамнез Клиникалық психологияда ең негізгі психодиагностикалық құрал болып табылады. Анализбен толық танысқан соң-диагноз қою болады, яғни сырқатты жойып, болдырмаудың шараларын белгілеу мен денсаулығын қалыпқа келтіру.

Клиникалық психологияның, сондай-ақ психиатрияның негізгі міндеті белгілі бір психикалық ауруларға тән жекелеген белгілері мен синдромдарын, осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу. Тексеру барысында психикалық процестердің; түйсік, қабылдау, ойлау, ес, назар эмоция интеллект пен сана сияқты психикалық, қызметтердің қалыпты жағдайдағы мөлшерін, ауытқуын, тексеріп синдромына қарай диагнозын анықтайды.

Синдром- жалпы патогентикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер аусуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Әрбір аурудың дамуында белгілі стеретип, белгілі бір жол болады.

Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі. Кейде аурудың өрісінанықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады.Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте көп. Дұрыс диагноз ауру адамға жедел көмек крсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамда(қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі, ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады; Сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы.

Диалектикалык материализм тұрғысынан сана-адамның айналадағы, шындықты бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында пайда болып, адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Орал, 2014 ж | Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері | Аномальды даму психологиясы | Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі | Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама | Психикалық толық жетілмеу себептері | Жүре пайда болған зақымданулар. | Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері | Хромосомалық аурулар | Шизофренияның клиникалық көріністері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылымилығы мен маңыздылығы.| Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)