|
Читайте также: |
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
5В010300- Педагогика және психология
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
«Балалардың клиникалық психологиясы бойынша практикум»
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс - 4
Семестр – 7
Кредит саны - 2
Дәріс – 15 сағат
Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 15сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 7-ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал, 2014 ж
2-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Педагогикалық менеджмент” пәнінен оқу-әдістемелік кешен оқу жумыс бағдарламасы негізінде жасалып қурастырылған.
ОӘК “ Балалардың клиникалық психологиясы бойынша практикум ” 5В010300 – педагогика және психология мамандығына арналған (2 кредит, Орал 2014).
Қурастырушы: Абдираимова Эльмира Қайрлықызы, оқытушы, педагогика магистрі
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
«Педагогика және психология» кафедрасының отырысында қарастырылды.
“ 05” қыркүйек 2014 ж. № 1 хаттама.
Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
“ 06 ” қыркүйек 2014 _ ж. № 1 хаттама.
Мазмұны:
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5. Студенттің өздік жұмысы
Глоссарий – түсініктемелер.
| № | Термин атауы | Термин мазмұны |
| Абсанс | қас – қағым сәтте есінен талуы, қимыл – қозғалысының шектелуі. | |
| Адаптация | тітіркендіргіштердің күшіне бейімделуі. | |
| Аггревация | аурудың белгілері мен ауру адамның шағымын күшейту. | |
| Агнозия | ми қыртысының зақымдануы нәтижесінде көру, есту, сипап сезу тітіркендіргіштерінің дұрыс қабылдай алмауы. | |
| Акцентуация | адамның екпінденуі | |
| Анамнез | аурудың шығу тарихы, ауру адамның тарихы. | |
| Анестезия | туа біткен ақыл – ой кемістігі. организмнің сезгіштік қабілетінің әлсіздеуі. | |
| Антероградты және ретроградты | ес процесінің патологиялық жағдайлары: антероградты – ауырғаннан кейінгі, ретроградты – ауырғанға дейінгі ақпарат – мәліметтерді ұмыту – естен шығару. | |
| Вербальды зона | мидың сол жарты шары сөздік жарты зонасы (оң қолымен жазатын адамдардың миының сол жарты шары). | |
| Деменция | жүре пайда болатын ақыл – ой кемістігі. | |
| Дереализация | дүниенің, адамның өзіне таныс жағдайдың басқаша көрінуі. | |
| Диссимуляция | аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. | |
| Галлюцинация | елестеушілік (қабылдаудың зақымдануы). | |
| Гиперамнезия | естің өткірлігі; гипоамнезия – нашарлауы; парамнезия – жалған ес, естің кемістіктерін ойдан шығарып толықтыру. | |
| Гипостезия | тітіркендіргіштерді жоғары түрде қабылдау. | |
| Иллюзия | сағым (қабылдаудың зақымдануы). | |
| Клоникалық және тоникалық талмалар | эпилепсияның клиникалық көрінісі. | |
| Нейропсихология | жүйке – жүйесінің психикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. | |
| Олигофрения | психикалық дамуда кемістік жоқ; бірақ мінез – құлық, іс - әрекетінде көрінетін ауытқуларды зерттейді | |
| Парестезия | күйдірген не шошынған сияқты сезімдер | |
| Психопатология | «пато»- бұзылу, ауытқу, яғни психикалық бұзылулар мен ауытқуларды зерттейтін сала | |
| Ремиссия | психикалық аурудың, келесі кезеңіне дейінгі сауығу, аурудың әлсізденуі. | |
| Сенестопатия | бұлшық еттердің жансыздануы не созылуы сияқты ұнамсыз түйсіктер. | |
| Симптом | кез – келген ауруға тән белгі. | |
| Симуляция | жоқ ауруды бар деп мида бейнелеу. | |
| Синдром | симптомдар комплексі немесе сол ауруды даралайтын ерекше белгі. | |
| Сопор | түрлі рефлекстер сақталғанда санасының толық жойылуы. | |
| Сөздік праксис | қалыптасқан сөздік қозғалыстардың автоматттандырылған қимылдары | |
| Ступор | толық қимылсыздық, сана зақымдануындағы жағдай. | |
| Эидетизм | айқын бейнелерді еске түсіру. | |
| Экзогендік | сыртқы себептер. | |
| Эндогендік | ішкі себептер, туа біткен. |
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 327 | Нарушение авторских прав
| <== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
| Венесекция 9 страница | | | Ылымилығы мен маңыздылығы. |