Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүре пайда болған зақымданулар.

Читайте также:
  1. IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………12
  2. Бап. Контрацепцияны пайдалану
  3. Бап. Контрацепцияны пайдалану
  4. Дәріс.БАЗ-дардың гидраттануы. Су-БАЗ жүйесіндегі гидрофобтық әрекеттесулер пайда болу механизмі.
  5. Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ
  6. Кесте 17. "Ақ-Жол-Сервис KZ" ЖШС -нің пайда мен зиян туралы есебі.

3. Деменция туралы түсінік.

Зақымдалған психикалық дамуды Клиникалық психологияда психиканың уақытша тоқталуы деп атайды. ПУД тоқталуын не шектес интеллект кемістігін тудыратын себептер төмендегідей 5 топқа бөлінеді:

1.айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына және тәрбиеге байланысты.

2.ұзақ уақыт соматикалық аурулардың салдарынан әлсіздікке байланысты.

3.инфантализмнің түріне байланысты интеллектік қызметтің бұзылуы.

4.естудің, көрудің, сөйлеудің, оқу мен жазудың бұзылуына байланысты интелелктің кемістігі.

5.резидуальды-органикалық жағдайларда.

Аталған топтардағы негізгі клиникалық белгі – баланың жетімеуі, ең алдымен интеллект пен эмоционалдық жігердің жетілмеуі. Олигофренияға қарағанда дамуы кешеулеген балалар сергек болып, айналадағыны ынта қойып қарап, ойнаған кезде творчестволық елестетуі болады. Мұндай балалардың интелекті нашар дамып, мектепке баруға дайын болмай, көбінесе ойнағысы келеді. Назары тұрақсыз және жылдам жалыққыш болады. Эмоциялары айқын болады. Балаларға тапқырлық зеректік тәжірибелік ойлау тән. Сөйлеулері кейін қалады. Психикалық дамуы кеешулеген балалардың жүріс тұрысы өздерінің қажеттілігіне бағындырылған, міндет сезімі дамымаған. Сабақта ойнап, ынтасыз отырады. Дифференциальды диагностика кезінде оқыту әдістерін қолдану қажет, баланы мадақтап, көмектессе, ол көмекті қабылдайды, баланың потенциалдық мүмкіндіктері білінеді.

ПД-удың тоқталуы негізінде мидың зақымдануы, естің назардың еңбек қабілетінің мақсаттылықтың бұзылуы жатыр. Интелелктуальдық кемістік пенмақсаттылықтың бұзылуы аурудың көрінісінде маңызды орын алады. Психикалық зақымдану психикалық аурулардың пайда болуында үлкен орын алады. Егер психоздар психикалық зақымданудың тікелей себебімен болса, онда психогенді не реактивті психоз болып бөлінеді. Реактивті психоздар күшті психиканы зақымдандыратын себептің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады. Невроздардың негізінде де қатты не ұзақ әсерлі психикалық зақымдану жатыр.

Балалардың психикалық зақымдануы ересектерге қарағанда өзгеше болады. Балаларды балабақшаға не мектепке орналастыру кейде психикалық бұзылуға әкеліп соғады. Бала қалыпты өсіп-дамуы үшін көптеген эмоцияналдық әсерлер қажет. Бұл әсерлер болмаған жағдайда оның нерв қызметінде олқылық болады. Ұнамды эмоцияналдық әсерлерден айырылды шетелде эмоционалды депривация дейді. Эмоционалды депривацияның болуы невратикалық реакциялар туғызуы мүмкін. Мысалы: балалар үйінде эмоционалды депривацияның әсерінен сәбидің тілі кеш шығады. Ата-анасы болмаса не отбасы жағдайы нашар болса эмоционалды депривация орын алады. Отбасындағы әлеуметтік балалар психикасын зақымдандырып есейгенде жеке бастық кемістігін тудырады.

Де менция (жүре пайда болатын ақыл кемістігі) кезінде ойлау қисынсыз болады, сөйлегенін түсіну мүмкін емес: сөйлегені байланыссыз, жекеленген сөздермен құралады. Ауру жабысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Ауруда мазмұны депрессивті сандырақ ойлар болса өзін-өзі жоққа шығару, кінәлау, сандырағы ипохондриялық сандырақ. Ол өз ойын бірден айтпайды. Мұндай жағдайда ауру адамның жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақылаған жөн. Назар,ес,ойлау, интелегентті зетртегенде психология тәсілдері қолданылады.

Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата- анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ. Қарым- қатынасқа деген қажеттілік бала 1-айға толар- толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым- қатынас жасайтын анасының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады.

Мұндай сенсорлық оқшаулану дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл- қозғалысының дамуы баяулайды, тілі кеш шығады, кей жағдайда ақыл- ойының дамуы да тежеледі.Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «ата-ана - бала» қатынас жүйесіне түспеуі әсер етеді. Мінезінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты қасиеттер ерте көріне бастайды.

Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы.

Бала толыққанды даму үшін оның ең алдымен махаббатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді басқалары өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.

Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы тұлға дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеп соғады. Депривацияның осы түрінің айқын көрінісі балалар үйінде тәриеленетіндерде ерекше бақалады. Депривацияның келесі бір түрі- сенсорлық депривация- заттық ортаның болмауы және сезім мүшелерінің қоздырғыштарының жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.

Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәриеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған немесе баласына қажетті эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық депривация депривациялық жағдайда туындайтын ерекше психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез- құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым- қатынасының шектелуімен, баланың негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонымен, психикалық депривация – бұл өмірлік жағдаят нәтижесінде туындайтын нақты психикалық көңіл- күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкіндіктері болмаған кезде туындайды.

Эмоциональды күйзелістер мен әлеуметтік енжарлықтар өте жиі кездесетін бұзылулардың ішіндегі ең күрделі топтарына жатады. Эмоциональды күйзелістер, олардың аттарынан көрініп тұрғандай, жалықтырып мезі қылатын, дел- салдық күйде болатын, жабығып сары уайымға салынатын, қорқыныш, үрей, абыржушылық билейтін, дертті үрейден есінен танып қалатын және тағы басқалар сияқты эмоциональды жағдайдың бірқалыптылығы дұрыс болмайтындығын сипаттайды. Практикада әдеттегідей дәрігер қаралуға келген науқастың жабысқан дертті үрейге шалдыққанын немесе жабығып сары уайымға салынғанын анықтап білгеннен кейін оның эмоциясы бұзылған деген тұжырымды қорытынды жасайды. Мұндай көріністі әдетте жүйкесі тозған деп айтады. Алайда баланың диагностикасына бұл терминді қолданудан бас тартқан дұрыс болар еді, себебі балалардың бұл сияқты жағдайлары ересектердің жүйкелік (невротикалық) жағдайларына тіпті ұқсамайды десе де болады

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 983 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Орал, 2014 ж | Ылымилығы мен маңыздылығы. | Емдеу және реабилитациясы. | Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер | Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері | Аномальды даму психологиясы | Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі | Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама | Хромосомалық аурулар | Шизофренияның клиникалық көріністері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Психикалық толық жетілмеу себептері| Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)