Читайте также: |
|
4. Бас жақта тұрған үлкен құтқарушы бір рет үрлейді (бірінші мен екінші құтқарушының қимылдарының үйлестігі болуы керек), екінші құтқарушы компрессия жасайды да «и-1, и-2, и-3, и-4, и-5» деп дауыстап санап, «дем сал» деп команда береді.
5. 4 кешеннен кейін (дем салу - компрессия 1:5) реанимацияның нәтижелілігі тексеріледі. ЖӨР ұзақтығы - 30 минут.
Реанимацияның нәтижелілігінің белгілері
1. Ұйқы артериясының соғуының пайда болуы.
2. Көздің қарашығы жарыққа тарылады.
3. Терінің түсі жақсарады.
4. Өз бетімен тыныс алу пайда болады.
5. Аяқ-қолдардың өздігінен қозғалуы пайда болады.
ЖӨР асқынулары
1. Қабырғалардың сынуы
2. Төстің сынуы
3. Бауырдың, өкпенің, жүректің жыртылуы
Реанимация жайында түсінік және реанимация бөлімшесіндегі жұмыс.
Ағзаны тірілтудің түрлі аспектісін және жанталасу кезін емдеу әдістерін және алдын алуын зерттейтін клиникалық медицинаның бір саласы реаниматология болып табылады. Реанимациялық шаралар турлі ауруларда және түрлі жағдайларда: жүрек кызметінің кенеттен тоқтағанда (жедел миокард инфарктісі, электрлік травма), жедел тыныстың тоқтауы (трахеядағы бөгде зат), түрлі улармен улану, ауыр жарақаттану, қан жоғалту, жедел бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінде жүргізіледі. Егер өмірге қажетті органдардың қайтымсыз зақымдануы болса, организмнің барлық компенсаторлы қызметтері жойылса, клиникалық өлімнен кейін 8 минуттан соң реанимациялық шараларды жүргізбейді.
Өмір мен өлімнің арасындағы жағдай терминальді немесе жанталасу деп аталады. Өлім процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:
Жанталасуға дейінгі жағдай (предогональді) ішкі органдардьщ ауыр гипоксиясына байланысты біртіндеп науқастың есі ауытқиды, тыныспен кан айналым бұзылады. Бұл кезең 5-10 секундтан 3-4 минуттық терминальді үзіліспен бітеді.
Жанталасу (агония) қысқа уақыттық ҚҚ мен тыныстың жоғарылауымен, кейде кысқа уакыттық естің келуімен сипатталады. Содан соң кенентен ҚҚ төмендеп, жүрек соғуы сиреп, тынысы бәсевдейді, есін жоғалтады. Ауру сезімталдыгы жойылып, рефлекстер жойылады, көз қарашығы кеңейеді, зэр мен нәжісі еріксіз шығып, дене температурасы төмендейді.
Клиникалық елім ұзақтығы 5-6 минуттық қалпына келтіруге болатын кезең, бул кезде организмнің кызметінің сыртқы белгілері жойылады, бірақ ішкі органдардың қызметі кайтымсыз емес. Реанимациялық шаралар көмегімен организмнің қызметін толык қалпына келтіруге болады.
Биологиялық өлім кезінде барлық органдардың қызметін (ең басты бас миының қызметі) қайта калпына келтіру мумкін емес. Реанимациялық шаралар арнайы бөлімшелерде жүргізілсе тиімдірек болады. Ірі ауруханалардағы ұйымдастырылған реанимациялық бөлімшелер жалпы профильдік болып табылады. Бұл жерде түрлі аурулар және жағдайлар: операциядан кейінгі наркозда жатқан науқасты бақылау және емдеу, т.б.
Арнайы реанимациялық белімшелер белгілі бір аурулары бар науқастар үшін (токсикология, кардиореанимация жэне т.б.) құрылады. Әрбір палатада арнайы бақылаушы мейірбике, жедел көмек көрсететін керекті заттар болады.
Дәрігерге дейінгі алғашкы көмек.
Реанимациялық шаралар тез арада жасалынады. Клиникалық өлім болса, науқасты тез арада қатты жсрі с жатқызу қажет.
Жасанды дем беру қалыпты тыныстың жеткіліксіз кезінде немесе тыныс болмаған жағдайда газ алмасуды ұстап түру мақсатпен науқастың
Алдын-ала тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек, ол үшін науқастың басын шалқайтып, төменгі жақты алға қарай жылжыту қажет. Науқасты жатқызып, арқасын, мойнын, кеуде торын, ішін (кұрсағын) киімнен босату керек. "Ауыздан мұрынға" әдісін қолдана отырып көмек көрсету үшін науқастың мұрнын жабады, ал тыныс шығару науқастың аузы арқылы шығады, алдын ала оны дәкемен жабады. Сонан соң науқастың аузын және мұрнын ашады, ары қарай науқас әлсіз дем шығарады. Кемек көрсетуші бұл уақытта 1-2 қалыпты дем беру қажет. Жасанды дем беруді дұрыс жасаудың белгісі жасанды дем беру мен әлсіз дем шығару кезіндегі кеуде клеткасының экскурсиясы болып табылады. Жасанды дем беру Амбу қапшығының көмегімен жасалынады. Жасанды дем беру минутына 12-18 жиілікте жүргізіледі.
Жүрекке тікелей емес массаж жасау дегеніміз қан айналымы қалпына келтіру мақсатпен төс сүйегімен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты басу. Асистолия болғанда жүректің ырғағын қалпына келтіру үшін массажға косымша төс сүйегінен 1-2 рет соққылау қажет. Жүрекке тікелей емес массаж жасағанда қолды тес сүйегінің төменгі үшінші бөлігіне қолды тігінен қойып, оның үстіне екінші қолды қояды. Екі колдың да шынтақ буындары түзу болуы тиіс.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 85 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Венесекция 8 страница | | | Орал, 2014 ж |