Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Венесекция 6 страница. Асқазанның эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшеюі нәтижесінде

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Асқазанның эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшеюі нәтижесінде

асқазанның газдың түзілуі жоғарлауынан кекіру пайда болады.

Тәбеттің бұзылуы, тіпті кейде оның жоқ болып кетуі (анорексия) мүмкін

Іш қату - нәжістің кідіріп калуы.

Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.

Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін. Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай:

1.Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;

2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;

3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;

4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;

5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.

Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:

1. Науқасты бір бүйіріне жатқызу (егер науқастың қалпын өзгерту мүмкін емес болса, құсық аспирациясын - тыныс алу жолдарына түсуін болдырмау үшін басын бір жаққа бұрады).

2. Мойын мен кеудесін орамалмен жабу;

3. Аузына бүйрек тәрізді лоток қою;

4. Әр бір кұсудан кейін ауыз қуысын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен тазалап тұру (керек жағдайда алдын-ала ауыз қуысынан кұсық массасын алмұрт тәрізді баллонмен сорып алған жөн).

Мейірбике әрдайым науқастын жанында болып, оның жағдайын қадағалап, құсық аспирациясын болдырмауы керек. Егер кұсықта алқызыл қан (өңештен қан кету) болса немесе кофе түсі сияқты (асказанан кан кету) болса, келесі кимыл әрекетті орындауы керек, себебі бұл шұғыл іс әрекетті талап ететін жағдай:

1. Науқасты жатқызып, төсегінің аяқ жағын көтеру;

2. Дәрігер шақыру;

3. Төс етегі аймағына мұзды қабық қою.

Науқасты тыныштандыру, дәрігер келгенше жалғыз қалдырып кетуге болмайды. Бірінші тәулікте тамақтандыруға, сұйықтық беруге болмайды. Сонан соң суық жартылай сұйық тамақ рұқсат етіледі.

Адам қажеттіліктерінің арасында ішу, жеу, бөлу секілді қажеттіліктер күнделікті қандағы қоректік заттардың тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ететіндіктен негізгі орын алады. Тағам адамның іс-әрекет етуіне керекті энергияның көзі болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрмен қарай өсіп-даму материалы болып келеді. Аштық сезімі, тәбет адамның тамақты іздеуіне, қабылдауына себепші болады. Ағзаның сыртқы ортамен тағам аркылы байланысы маңызды байланыс болып саналады.

Қанға керекті қоректік заттар сіңгеннен кейін әр түрлі заттардың ыдырауынан түзілген қалдық заттардан тазартылады. Бұл бөлу мүшелерінің жұмы сы арқылы жүреді, мысалы: адамда тәулігіне орташа есеппен 150-250 г нәжіс массасы түзіліп шығарылады. Бөліп шығару процесі бір тұтас биологиялық процесс болып, онда ас қорыту жолдарымен қатар бүйрек, өкпе, тер бездері катысады. Ас қорыту күрделі өңдеуді кажет ететін ұзақ жол болғандықтан, адамның тамақтану және бөлу қызметтерінің қажеттіліктерінің қанағаттандырылуының бұзылуы кең таралған және бұл 100 адамның ішінде 15-20-адамда кездеседі. Көбіне бұл аурулар созылмалы ағымда болып, қозу және ремиссия кезеңдерімен өтетіндіктен, емделушілер бірнеше рет медициналық және мейірбикелік көмектерді қажет етеді. Дәл осы санаттағы емделушілердің сауығуына тек қана дәрілердің ғана емес, сонымен қатар мейірбикенің құзыреттілігіндегі дұрыс ұйымдастырылған күтім, тамақтану тәртібі маңызды рөл атқарады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады.

Ас қорыту жүйесі ауруларына тән симптомдар

Ауырсыну орналасуы бойынша:

1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру - өңеш дерттеріне тән;

2. Эпигастрий тұсындағы ауру – асқазан дертіне тән;

3. Пилородуоденалдық аймақтағы аурулар – 12 елі ішек дерттеріне тән;

4. Кіндік тұсындағы аурулар – көбінесе аш ішектің дерттерінде кездеседі;

5. Мықын аймағында немесе іштің екі бүйіріндегі ауру – тоқ ішектің

зақымдануында кездеседі;

6. Дефекация кезінде ауырсыну – тік ішектің немесе анустың

зақымдануында кездеседі.

Тәбеттің бұзылуы: тәбеттің төмендеуімен, жоғарлауымен, жойылуымен сипатталады.

Кекіру – асқазандағы ауаның немесе оның ішіндегі астың өңешке түсуі.

Қыжылдау – төс сүйегінің артында пайда болатын өте күшті күйдіру сезімдері.

1. астың мінезіне байланысты- қышқыл, тәтті, ащы, сұйық;

2. ас қабылдаған соң аш қарынға, еңкейгенде, жатқанда, күшенгенде пайда болады.

Жүректің айнуы- құсу алдында пайда болады, астың мінезіне байланысты болады; құсып болған соң жеңілдік әкеледі немесе әкелмейді.

Құсу: асқазанның ішіндегі заттардың ауыз кейде мұрын арқылы сыртқа шығуы. Астың мінезіне және мөлшеріне байланысты болып келеді, құрамы – асқазандағы ас, кілегей, қан аралас, «кофе тұнбасы», запыран (өт құсу) т.б.

Іштің толып, басылып тұрған сезімдері: метеоризмде, ішектердің эвакуациясы бұзылғанда; түйілу кезінде пайда болады.

Диспепсия – ас қорытылудың бұзылу

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ПРОЦЕСС

Ас қорыту мүшелері қызметінің бұзылуларында науқастарда келесі шағымдар байқалады:

- іштің ауырсынуы;

- асқазан диспепсиясы:

- қыжыл;

- дисфагия;

- кекіру;

- тәбеттің бүзылуы;

-жүрек айну және құсу;
- ішек диспепсиясы (бұзылыстары):

- іш өту;

- іш қату;

- метеоризм;

- нәжісті ұстамау.

- асқазан- ішектерден қан кеткенде:

- кенеттен болған әлсіздік, бас айналу, тершеңдік;
- "кофе тұнбасы" тәрізді құсық;

- нәжістің қара түсті (мелена) болуы.

Ас қорыту бұзылыстарында науқастардың тәбетінің жоғары немесе төмен болуы туралы, соңғы күндері салмағының өзгеруі, күнделікті тамақтану тәртібі мен рационы туралы,
көбінесе қандай тамақты: ащы, майлы, етті, сүтті
тағамдар қалайтыны туралы сұрастыру керек. Сонымен қатар тамақтанудағы кандай да бір шектеулер бар-жоқтығын,
жидек, шоколад сияқты тағамдарды қолданғанда бөрт-
пелер мен қышыну, өзін жайсыз сезіну сезімдері болған болмағаны туралы сұрастырудың маңызы зор. Науқас тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қабылдайтынын, көбіне не ішетіні: кофе, шай, минералды су туралы мәлімет алу қажет. Ас қорыту мүшелері қызметі бұзылғанда ішек диспепсиясы (ішек қызметінің бұзылулары) байқалады, сондықтан науқастан дәретке отыра алмайтын кездері болғаны туралы, дефекацияның ауырлығы және жиілігі, бөлінген нәжістің мөлшері, түсінің өзгерулері және ондағы патологиялық қоспалар (шырыш, қан, ірің) туралы сұрастыру керек.

Ас қорту мүшелерінің бұзылулары әр түрлі тітіркендіргіш дәрілердің әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан науқастан кейбір дәрілерді (ацетилсалицил қышқылы, резерпин, кальций хлориді, преднизолон, темір препараттары) қабылдағаны туралы сұрастыру өте маңызды. Ас қорытудың бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:

- дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, ішімдік;

- улану, ішек инфекциялары;

- тағам заттарына аллергия;

- тұқым қуалаушылық.

Науқасты жалпы қараған кезде оның сыртқы келбетіне баға беру керек:

- есі;

- төсектегі қалпы;

- шырышты қабат пен тері жамылғыларының түсі мен ылғал-
дылығы;

- ауыз қуысын қарау;

- ауыздан жағымсыз иіс;

- тіл (құрғақ, таңдақпен жабылған, жарылған);

- алмалы-салмалы протездер мен бүлінген тістердің көрінісі;

- жұтыну (ауырсыну, қиындықпен);

- дене қызуы;

- тыныс алудың ритмі, жиілігі, тереңдігі;

- АҚ, РS және оларға сипаттама;

- іші (көлемі жағынан үлғайған, үрленген, керілген, ұстап көрген

кезде ауырсынулар);

- перианалдық аймақ (қабынған терісі, геморроидалды түйіндердің

ұлғаюы);

- нәжіс сипаттамасын көзбен бағалау (формасы, мөлшері, иісі, түсі,

қоспалары);

- құсықтың сипаттамасына (мөлшері, құрамы, қоспалары) көзбен

баға беру.

Мейірбикелік мәселелер:

1. Төсектік тәртіпті сақтау қажеттілігіне байланысты өзіндік
күтімнің тапшылығы (жеткіліксіздігі).

2. Гиподинамия және тәбеттің төмендеуіне байланысты іш
қатудың пайда болу қауіпі.

3. Ұйқының бұзылуы.

4. Қозғалмау фактісіне психологиялык бейімделудің қиын-
дығы.

Осы уакыттағы нақты мәселе: іш қатудың пайда болу қаупі.

Қысқа мерзімді мақсат:

а) емделуші 2 күннен кейін ішек жұмысының реттелу маңыздылығын

түсінгенін көрсетеді;

б) науқас аптаның соңына дейін ішектің жұмысын реттеу жөнінде өз білімін

көрсетеді.

Ұзақ мерзімді мақсат: емделушіде күнде немесе күн сайын таңертең дәрет болады.

Мейірбикенің жоспары:

1. Күнде 5 минут емделушімен оның мәселесі жайлы әңгімелеседі.

2. Емделуші іш қатуға бейім болғанда белгіленген №3 диетаны сақтауын қадағалайды.

3. Тәулігіне 1,5-2литр сұйықты пайдалануын қадағалайды. Мейірбике күнде таңертең аш қарынға 1 стақан су ішуді ұсынады.

4. Емделушінің туысқандары әкелетін жемістердің (қарбыз,
алхоры, кызылша салаттары) сипаттамасы жөнінде әңгіме жүргізеді.

5. Күнде таңертең емделушінің ішін 5 минуттай уқалайды.

6. Емделушіні белгілі бір уақыт аралығындағы дефекацияға шартты рефлекс қалыптастыруға үйретеді.

7. Дәрігердің нұсқауы бойынша клизма қоюды және іш айдайтын дәрілерді беруді жүргізеді.

8. Дәреттің жиілігін күнде байқап, температуралық параққа
белгілеп отырады.

Мейірбике жоспарланған күтімді емделушімен байланыстыра білу керек. Мейірбике күтілген мақсаттарына жетуі үшін емделушіні түсініп және қолдауы болу керек, ол үшін емделуші мен мейірбике көмек жоспарының әрбір бөлімін бірге қарастырулары керек. Ас қорыту мүшелерімен қамтамасыз етілетін жеу, ішу, бөліп шығару қажеттіліктерінің бұзылуындағы мейірбикелік

іс-әрекеттің стандарты

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: дәретке отырудың бұзылуы: іш өту (диарея)

II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттар: дәреттің жиілігі және оның консистенциясы қалпына келеді (индивидуалды

уақыт)

Ұзақ мерзімді - емделуші диетаның ерекшеліктері туралы білімін
және перианалды аймақтағы теріні күту ережелерін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Жоғары құндылықты және жеңіл қорытылатын тағамды
2 сағат сайын аз мөлшермен - №4 диета кабылдауды қамтама-
сыз ету.

2. Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету;

3. Әрбір дәретке отырған сайын шат аралык терісінің гигие-
насын тиянақты күту: дәрет алған соң перианалды аймақты ва-
зелинмен өңдеу, төсек орнын ауыстыру.

4. Күнде науқастың салмағын өлшеу.

5. Нәжістің жиілігін және сипаттамасын күнде температу-
ралық параққа белгілеп отыру.

6. Дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалау.

7. Науқасты жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және оны
зарарсыздандыру.

8. Науқасты және онық туысқандарын өзіндік (жеке) гигиена-
ны сақтауға және тиімді тамақтану қағидаларына үйрету.

9. ДИАГНОЗ: ішектердің босауының бұзылуы: іш қатпасы

I. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - науқаста екі күнде 1 реттен
аз емес үлкен дәрет болады (индивидуалды уақыт).

Ұзақ мерзімді - емделуші ауруханадан шығу кезінде іш қатумен күресу-
дің әдістері туралы білімін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Қышқыл сүтті өсімдік диетамен (көкөністер, қара нан, жемістер)

қамтамасыз ету. Диета №3.

2. Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамта-
масыз ету (қышқыл сүтті тағамдар, шырындар, сілтілі мине-
ралды сулар).

3. Күннің белгілі бір мезгілінде науқаста дефекацияға шарт-
ты рефлекс (таңертең аш қарынға 1 стақан
суық суды ішкеннен 15-20 минуттан кейін) қалыптастыруға тырысу.

4. Науқасты жеткілікті қимыл белсенділігімен қамтамасыз ету.

5. Дәрігердің тағайындауы бойынша іш айдайтын дәрілер-
ді беру және тазалау клизмасын жүргізу.

6. Медициналык құжаттарда күнделікті дәретке отырудың
жиілігін белгілеп отыру.

7. Науқасқа іш қатпасы кезінде тамақтану ерекшеліктерін
үйрету.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Метеоризм

II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсаттар: емделушіде ішек

газдарын бөлу төмендеп, олардың шығуы

қалыптасады (индивидуалды уақыт).

Ұзақ мерзімді: емделуші 2 күннен кейін метеоризм кезіндегі тамақтану ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Құрамында газ түзетін тағамдарды (жемістер, көкөністер, қара

нан, сүт, тәтті тағамдар) шектейтін №4 диетаны сақтауды

қамтамасыз ету.

2. Тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан белсендірілген көмірді беруді қамтамасыз ету.

3. Қарсы көрсеткіш болмаса, жел шығаратын түтікті немесе
тазалау клизмасын қолдану.

4. Науқасты және оның туысқандарын метеоризммен күресу
әдістерімен (тиімді тамақтану, белсенді қозғалыс
тәртібі) таныстыру.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ:: Нәжісті ұстамау

II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттары: науқасқа қажетті ем

жүргізілген жағдайда осы қиын жағдайдың

төмендейтінін немесе басылатынын түсіне
біледі.

Ұзак мерзімді: науқас ауруханадан шығар кезде қоғамда өмір сүруге дайын болады.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. Науқасты оңашалау (изоляциялау) керек.

2. Құндылығы жоғары, жеңіл қорытылатын тағамның
аз-аз мөлшерін жиі қабылдауды қамтамасыз ету.

3. Науқастың жеке гигиенасын (іш киімді және төсек орынды

ауыстыру, қажеттілігіне қарай дәрет алу, анус маңайын

вазелинмен өңдеу) ұқыпты қадағалауын бақылау.

4. Бөлменің жиі желдетіліп тұруын қамтамасыз ету, дезо-
доранттарды қолдану.

5. Резеңке дәрет ыдысын немесе арнайы үш секциялы

функционалды кереуетті қолдану.

6. Нәжістің бақылауысыз бөлінуінің алдын алу мақсатында

күнде таңертең іш айдайтын дәрілер қолдану немесе тазалау

клизмасын жасау.

7. Науқасқа және туысқандарына күтім ерекшеліктері мен
дәрет ыдысын қолдануды үйрету.

8. Науқасты психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету.

9. Науқастың бөлінділерін канализацияға ағызардан алдын

зарарсыздандыру.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Қыжылдау

II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсат: 20 минуттан кейін науқаста қыжыл болмайды. Ұзақ мерзімді: емделуші қыжылдаудың себептері мен онымен күресу әдістері туралы білімін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1. 1 стақан жылы сүт немесе газсыз, сілтілі минералды суды
немесе 2 % сода ерітіндісін ішуді қамтамасыз ету.

2. Қыжыл туғызатын тағамдарды: қара нан, тосап, тәтті
сусындар, қуырылған және майлы тағамдарды шектеуді ұсыну.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тәбеттің болмауы

II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсаттар: аптанын аяғына қарай науқас денсаулығын жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіреді.

Ұзақ мерзімді: науқастың ауруханадан шыққанша
дене салмағы төмендемейді.

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) белгіленген диетаға және науқастық тәбетіне байланысты
мәзірді түрлендіру;

2) науқасты күніне 5-6 рет аз мөлшерде жылы тағаммен та-
мақтандыру;

3) тамақтанудың эстетикасы;

4) дәрігердің келісімімен рационға дәмді шай, балық-ет сор-
пасын, қышқыл тағамдарды беру;

5) дәрігердің рұқсаты бойынша тамаққа дейін 30-40 минут таза
ауада қыдырып, дене шынықтырумен айналысуды қамтамасыз ету;

6) науқаспен денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтану
қажеттілігі туралы 1 апта бойы күнде 10 минуттан әңгімелесу;

7) науқастың үш күнде бір рет дене салмағын өлшеу.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Асқазан - ішектен қан кету

II. МАҚСАТ: қан кету пульс және қан қысымы көрсеткіштері жақсар-
ғанда тоқталады (уақыт индивидуалды)

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) дәрігерді шақырту;

2) қатаң төсекті режим, арқасымен немесе бір қырымен жату, басы

бір жағына бұрылған (кұсықпен тұншығудың алдын-
алу);

3) ауыз арқылы тағам, сұйықтықты, дәрілерді қолдануды
тоқтату;

4) әпигастралды аймаққа мұзды мұйық қою;

5) оттегімен емдеу;

6) пульс мен қан қысымын 30 минут сайын қадағалауды жүзеге асыру.

 

14-15Әртүрлі улануларды анықтау және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету

(Иісті газбен, ішімдікпен, қышқылдармен, сілтілермен, дәрілік заттармен)

Ішкі мүшелердің кызметтерінің кейде өлімге дейін әкелетін бұзылуларын туғызатын әртүрлі химиялық заттардың ағзаға түсуінің салдарынан дамитын патологиялық жағдайды улануларға жатқызады.

Ауылдық жерлерде пешпен жылыту жүйесін қолдану ережелерін дұрыс сақтамаған кезде иісті газбен улану болады (әсіресе өрт кезінде неғұрлым ауыр уланулар байқалады). Ішімдік және оның өнімдерімен - әртүрлі лосьондармен, иіс сулармен, эликсирлермеи, жиһазды тазалауға және жылтыратуға арыалған заттармен, сондай-ақ ішімдік екен деп қателесіп қабылданған заттармен улану жиі кездеседі. Дәрілік заттармен (көбінесе ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілермен, әртүрлі дәрілік заттардың спирттік тұнбаларымен) улану да жиі кездеседі.

Улану жағдайлары да әртүрлі болуы мүмкін. Байқаусызда улану, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларда, жиі тіркеледі. Кей кездерде улы заттармен жэне ядохимикатгармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан уланады. Улы заттарды ішімдік орнына қателесіп ішу, ал кейде (мысалы, бензин буларын иіскеу) токсикомания кезінде әдейі қабылдау байқалады. Күшті әсерлі немесе улы дәрілік заттарлың мөлшері артық болғанда немесе оларды кателесіп енгізгенде уланулар болуы ықтимал. Кей кезде улы заттарды өзін өзі өлтіру мақсатында қабылдайды.

Улы заттардың ағзаға түсу жолдары әр қилы: ауыз арқылы, ингаляциялық, тері арқылы (шағу), инъекция аркылы енгізгенде. Уланудың белгілері улы заттарды қабылдағаннан соң бірнеше сағаттар немесе тәуліктер өткеннен кейін, ал кейбір кезде, мысалы, күкірт қышқылының көп мөлшерімен уланғанда - бірден байқалады. Уланулардың клиникалык көрінісінде орталык жүйке жүйесінің, тыныс мүшелерінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқорыту мүшелерінің, бүйректің зақымдануы бірінші орында тұрады.

Орталық жүйке жүйесі қызметінін бұзылуы көптеген заттармен уланғанда (мысалы, ұйықтататын, тыныштандыратын дәрілермен, ішімдікпен және оның өнімдерімен, иісті газбен, фосфорорганикалық қосындылар және т.б.) болады және бас ауруымен, бас айналуымен, жалпы әлсіздікпен, қозумен немесе тежелумен, ал кейбір ауыр кезде елеулі психикалық бұзылыстармен - кеңістік пен уақытты сезінуінің бұзылуымен, галюцинациялармен. тырысулармен, естен танумен өтеді.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 296 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Автономия. 5 страница | Автономия. 6 страница | Автономия. 7 страница | Автономия. 8 страница | Автономия. 9 страница | Венесекция 2 страница | Венесекция 3 страница | Венесекция 4 страница | Венесекция 8 страница | Венесекция 9 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Венесекция 5 страница| Венесекция 7 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.054 сек.)