Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Венесекция 3 страница. Ауа эмболиясы -майлы эмболия сияқты өмірге қауіпті асқынуларға жатады

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Ауа эмболиясы -майлы эмболия сияқты өмірге қауіпті асқынуларға жатады, күре тамырға дәріні енгізгенде немесе тамшылап жібергенде шприцте немесе жүйеде ауаның қалып кетуінен болады. Ауа эмболиясының белгілері майлы эмболияға ұқсас, бірақ олар жылдам дамиды (1 минут ішінде), өйткені шынтақ венасы ірі болып өкпе тамырларына анатомиялық жақын орналасқан.

Дәрілерді қателесіп жіберуді де инъекциялардың асқынуы деп қарастыру қажет. Бұндай жағдайларда инъекция орнына 0,9 % натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін (50-80 мл) жіберу керек. Бұл қателесіп жіберілген дәрінің концентрациясы төмендететіп, ұлпаларды тітіркендіруді төмендетеді. Осы мақсатпен инъекция орнына мұзды мұйық қоюға болады. Қателесіп жіберілген дәрінің антогонистін егуді тек дәрігер тағайындайды. Егер дәрі қателесіп тері астына жіберілсе, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін жіберуден алдын инъекция орнына жоғарыға бұрау салу қажет (дәрілік заттың қанға сорылуы баяулайды).

Жүйке бағанасының зақымдалуы - күре тамырға және бұлшық етке инъекция жасағанда механикалық (инъекция орнын дұрыс таңдамағанда) немесе химиялық дәрілік зат депосі жүйкеге жақын болса (тамыр ішіне инъекция жасағанда дәрінің бір бөлігі тері астына кетуі мүмкін), және жүйкені қоректендіретін қан тамыр бітелгенде байқалады. Асқыну ауырлығы әртүрлі болып – невриттен (жүйкенің қабынуы) параличке (қызметтің жоғалуы) дейін болуы мүмкін.

Тромбофлебит – күре тамырдың тромб түзілуімен байқалатын қабынуы. Жиі өткір болмаған инелерді қолданғанда немесе бір тамырға жиі венепункция жасағаннан байқалады. Оның белгілері: күре тамыр бойымен ауырсыну, тері гиперемиясы және инфильтраттардың пайда болуы. Дене қызуы субфебрилді болуы мүмкін.

Некроз (тіндердің өлі еттенуі) -венепункцияны дұрыс жасамағанда немесе қатты тітіркендіргіш заттарды көп мөлшерде тері астына енгізгенде дамиды. Жиі кальций хлоридінің 10 % ерітіндісін дұрыс енгізбегенде байқалады. Егер ерітінді тері астына енгізілсе, дәрілерді қателесіп жібергендегі іс-шараларды жүргізуге болады, тек мұзды мұйықты қоюға болмайды (10% кальций хлорид ерітіндісі жергілікті тітіркендіргіштік әсерімен қауіпті).

Гематома (тері астына қан кету) – венепункцияны дұрыс жасамағанда байқалады: тері астында қызыл дақ пайда болады, өйткені ине күре тамырдың екі қабырғасында тесіп, қан тері астына жиналады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, инъекция орнын спиртке малынған мақтамен бір неше минут басып тұру қажет. Тағайындалған инъекцияны пациенттің басқа тамырына жүргізеді, гематома орнына жергілікті жартылай спиртті компресс қойылады.

Сепсис (жалпы инфекциялық ауру) – тамыр ішілік инъекция кезінде асептика ережелерін бұзғанда, және стерильді болмаған ерітінділерді қолданғанда дамиды. Инъекциядан кейінгі асқынуларға вирусты гепатит В,С және ЖИТС жатады. Вирусты гепатитте инкубациялық кезең 2-6 айға созылады, ЖИТС-да 6-12 аптадан бірнеше айларға созылады.

Аллергиялық реакциялар – есекжем, жедел конъюктивит, Квинке ісігі түрінде байқалады. Аллергиялық реакциялардың ең ауыр түрі- анафилактикалық шок

8.Зертханалық зерттеу әдістері

I. Жалпы анализге қақырық алу.

Максаты: қақырықты макро- және микроскопиялық тексеру.

Жабдығы: таза құрғақ түкіргіш немесе қақпағы бар банка.

1. Тексеруге микрофлораға неғұрлым бай таңертеңгі жаңа қақырықты жібереді.

2. Тексерудің қарсаңында мейірбике науқасқа анализ өткізудің уақыты мен тәсілін ескертіп, таза, құрғақ белгіленген түкіргішті береді.

3. Таңертеңінде наукас тісін тазалап, жақсылап ауызын шаяды.

4. Түкіргіштің шеттеріне тигізбей қақырады (5 мл жеткілікті).

5. Түкіргіштің қақпағын тығыздап жауып, оны салқын жерге қояды.

6. Мейірбике жолдама жазады да қақырықты лабораторияға апарады.

II. Микробиологиялық зерттеуге кақырық алу.

Мақсаты: өкпе микрофлорасын зерттеу және оның антибиотикке сезімталдығын анықтау.

Жабдығы: қореқтік ортасы бар залалсыздандырылғаи Петри ыдысы.

1. Науқас тісін тазалайды.

2. Мейірбике лабораторияға жолдаманы алдын ала толтырады.

3. Іс-шараның алдында ол қосымша халат, маска, қалпақ, көзілдірік киеді (әсіресе ВИЧ инфекциясы күдіктелінгенде немесе анықталғанда).

4. Қоректік ортасы бар Петри ыдысын тігінен ұстап науқасқа 5-10 см қашықтыққа жақындатады, науқас соған қарай 5-6 рет жөтеледі.

5. Мейірбике Петри ыдысын жауып, оны лабораторияға тезірек жеткізуді камтамасыз етеді.

III. Туберкулез микобактериясына кақырық алу.

Мақсаты: өкпе туберкулезінің диагностикасы. Флотация әдісі қолданылады.

Жабдығы: таза құрғақ түкіргіш немесе қақпағы бар банка.

1. Науқас қақырықты үш тәулік бойы бір ыдысқа жинайды.

2. Ыдыс (түкіргіш) салқын жерде сақталады.

3. Үш тәуліктен кейін мейірбике түкіргішті лабораторияға жеткізеді.

4. Тексергеннен кейін қақырық муфельді пештерде жағылады.

IV. Атипиялық клеткаға қақырық алу.

Мақсаты: өкпенің ісік ауруларының диапюстикасы. Жабдығы: құрғак залалсыздандырылған түкіргіш.

1.Тексеруге таңертеңгі жаңа қақырықты жібереді.

2. Тексерудің қарсаңында мейірбике науқасқа анализ өткізудің уақыты мен тәсілің ескертеді. Таңертең кұрғақ, залалсыздандырылған, белгіленген түкіргішті береді.

3. Таңертеңінде науқас тісін тазалайды.

4. Түкіргіштің шеттеріне тигізбей қақырады (5 мл жеткілікті).

5. Түкіргіштің қақпағын тығыздап жауып, оны салқын жерге қояды.

6. Мейірбике жолдама жазады да какырықты зертханаға тез арада жеткізеді, өйткені ісік клеткалары тез бұзылады.

Лабораториялық зерттеу әдістері науқасты зерттеудің өте маңызы қосымша әдістерінің бірі болып саналады. Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда, науқастың жағдайын бағалауда шешуші роль атқарады.

Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелері биологиялық материалды дұрыс алу ережелеріне байланысты болып келеді. Зерттеуге қан, бөлінділер /зәр, нәжіс, қақырық/, асқазан 12 елі ішек сөлі, өт, жұлын сұйықтығы, экссудаттар, транссудаттар, пунктаттар, мұрын және жұтқыншақтан жағынды т.б. алынады. Кейбір зерттеулер барлық науқастарға жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі.

Зертханалық зерттеулерге қанды алу.

Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.

Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау.

Дені сау адамның өзінде қанның құрамы тәулік ішінде тамақтың, физикалық жүктемелердің, ішке қабылдаған сұйықтықтың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан жалпы клиникалық зерттеуге қан саусақтан (лаборант алады) таңертең ашқарынға алынады. Биохимиялық зерттеу кезінде қандағы кейбір заттар (қандағы глюкоза, билирубин, холестерин, белок т.б.) анықталады.

Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейірбике егу бөлмесінде таңертең ашқарынға күре тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады, жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі. Қанның клиникалық анализі –мейірбике кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет.

Көк тамырдан биохимиялық зерттеуге қан алған кездегі мейірбикенің атқаратын іс- әрекеттері:

1. Қолды сабындап жуу. Электроқұрғатқыш немесе орамалмен құрғату.

2. Қолды спиртке батырылған мақта шариктерімен өңдеу (біреуі алақанды,

екіншісі алақанның сыртқы бетін). Қолды саусақтар ұшынан бастап

білезікке қарай бағытта өңдеу.

3. Қолғапты киіп, емделушінің шынтақ сүйегінің астына жастықшаны

салыңыз.

4. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыңыз; қолғапты

спиртпен өңдеңіз.

5. Емделушінің жұдырығын “ашып-жауып” жұмыс істеуін сұраңыз.

6. Теріні спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдеңіз.

7. Шынтақ бүкпесінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту

керек. /Бұл жағдайда емделушінің қолы жұдырыққа түюлі/

8. Көк тамырға иньекция жасап керекті мөлшерде қанды алыңыз /5-10мл/.

9. Бұрауды алып, емделуші жұдырығын ашуын сұрау керек.

10. Спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені

шығарып алу керек.

11. Емделушіден 5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз.

12. Қанды пробиркаға салып жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз.

Қанды бактериологиялық зерттеуге алу іс-әрекеттері жоғарғыдай, бірақ қан стерильді тығыны бар пробиркаға алынады.

Жолдама жазып, оны клиникалық зертханаға жіберу қажет.

Жабдықталуы:Стерильді астауша /мақта шариктері, салфеткалармен /, пинцет стерильді шыны пенициллин флакондары /консервантсыз/, резеңке тығынымен, контейнер, су моншасы 45С, парафин, контейнерді тасымалдау үшін мақта поролон салынған бикс, шыныға жазу үшін арнайы қалам, спирт 70%; бұрау, жастықша, 30% хлорамин, астауша, 2 нұсқа жолдама және олар үшін целлофанды пакет.

Мейірбикенің іс-әрекеттері:

1. Қолды жуу кептіру, арнайы киім киіп, венепункция үшін науқасты

ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

2. Шприцті алып, венепункция жасаңыз. Күре тамырдан 3-5 мл қанды алып,

спиртке батырылған мақта тампонымен тесілген жерді басып инені

шығарып алу керек.

3. Емделушіден 3-5 минутқа шынтақ буынын бүгуін сұраңыз.

4. Қанды стерильді флаконға салып, стерилденген тығынмен жауып,

номерлеу қажет.

5. Флакон тығынын ерітілген балауызбен /парафин - су моншасында /

өңдеңіз.

6. Флаконды металл контейнерге орналастырыңыз, контейнерді,

герметикалық лейкопластырмен жабыңыз.

7. Тампонды дез. ерітіндіге тастаңыз.

8. Контейнерді арнайы бикске салып, үстіне жолдамаларды целлофан

пакетпен салып, биксты жабыңыз.

9. Арнайы киімді шешіп, қолды жуып құрғату.

Ескерту: бикс иммунологиялық лабораторияға жіберіледі.

Зертханалық зерттеулерге қақырықты алу

Қақырық–жөтел кезінде тыныс жолдарынан патологиялық бөліністер. Қақырықтың түсуі әрдайым өкпеде немесе бронхтарда патологиялық процестің бар екенін дәлелдейді. Дені сау адам қақырық тастамайды.

Қақырық бөлінген жағдайда оның тәуліктік мөлшері (мөлшері созылмалы бронхиттерде 10-15 мл-ден бронхоэктазиялық ауруда 1 литрге дейін болуы мүмкін) анықталады.

Қақырықтың жалпы анализі

Көрсетпелері: тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйесі аурулары.

Жабдықтау: құрғақ, таза мойны кең шыны ыдыс, жолдама, 5 % хлорамин ерітіндісі, 2% бикарбонат натрий ерітіндісі.

Мейірбикенің іс -әрекеті:

1. Зертханалық ыдысты дайындап, науқасқа кешке беріп, зерттеу барысын түсіндіру қажет.

2. Жолдама жазып оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.

3. Науқас таңертең сағат 8.00-де тісті жуып және ауызын жылы сумен шайып, содан соң бірнеше рет терең тыныс алып қақырықты шыны ыдысқа (3-5 мл) түкіреді.

4. Қақырық жиналған ыдысты 2 сағат ішінде зерттеуге клиникалық зертханаға жеткізу керек.

5. Алынған мәліметтерді келесі күні ауру тарихына жабыстыру.

 

Ескерту: Егер емделуші тісін жуғанда қызыл иегі қанаса, тісті жумау керек. Ауызын фурациллинмен, сода, таза сумен шаю керек.

Қақырықты туберкулез таяқшаларына флотация әдісімен зерттеуге жинау

1. Қақырық жуылған және залалсыздандырылған бірнеше рет қолданылатын

герметикалық бұрандама ыдысына түсіріліп, қақпағы бар контейнерлерге

жиналады. Бір рет қолданатын түкіргіш ыдысына сыртына науқастың аты-

жөні, туған жылы, қақырық алынған күні жазылады. Әрбір сынама ТБ-05

форма жолдамасымен жазылады.

2. Зерттеуге әрбір күдіктенген емделуші қақырығының 3 сынамасы алынады.

1-ші сынама: қақырық емделушіге ауруханада немесе емханада (таңертең, арнайы қақырық жинайтын бөлмеде) медициналық қызметкердің қадағалауымен алынады. Емделушіге 2-ші күнге қақырық жинауға контейнер беріледі.

2-ші сынама: қақырықты екінші күні таңертең үйде алынып, зертханаға жіберіледі.

3-ші сынама: қақырық осы 2-ші күндегідей медициналық қызметкердің қадағалауымен алынады.

3. Ауру тарихынан белгілеулерді таңдап алып, зертханалық және аспаптық

зерттеулер әдістерінің мәліметтерін сәйкес журналдарға тіркеу.

4. Медициналық қызметкер бет пердесінде, клеенкалы алжапқыш және

резеңке қолғапта болуы қажет. Жұмыстан кейін қолғапты 15 минут бойы

2% сода ерітіндісінде қайнатады.

Мейірбикенің іс- әрекеті:

1. Науқасты тыныштандыру қажет. Тексеру себебін түсіндіріп, қақырықты

өкпенің ең терең бөліктерінен жөтеліп шығару қажеттігін түсіндіру керек;

2. Науқастың аты-жөні және емдеу мекемесінің атауы жазылған этикеткасы

бар ауызы ашық түкіргіш ыдысын беру керек.

3. Емделушінің артынан тұрып, түкіргішті ауызына жақындатып 3 рет ауа

жұтып, үшінші рет тыныс алғанның соңында жөтеліп, қақырықты

түкіргішке түкіруін сұрау керек.

4. Қажетті мөлшердегі қақырық (3-5 мл) алынғандығына және қақырықтың

сілекейден емес, іріңді бөлімдерден тұратынына көзі жетуі керек (егер

қақырық дұрыс жиналмаса, түкіргіш қолданылған болып есептеліп, оны

залалсыздандыруға жібереді).

5. Қақырықтың болуы кезінде медициналық қызметкер түкіргіштің ауызын

тығыз қақпақпен жауып, оны арнаулы жәшікке немесе тасымалдауға

арналған металл бикске салады.

6. Медициналық қызметкер қолғап киген қолын сабындап жууы тиіс.

7. Емделушіге таза түкіргіш беріп келесі күні таңертеңгі қақырықты

дұрыстап жинап, ыдысты қақпағымен тығыз жауып ауруханаға әкелуін

сұрау керек.

 

Жиналған қақырықты зертханаға тәулік арасында жеткізуге тиісті белгілі себептермен ол жеткізілмей қалса, емдеу-сауықтыру мекемелерінде (құрғақ, суық жерде) сақтауға болады.

Қақырықты сақтау және тасымалдауда арнаулы хладоэлементтері бар 3 биксті контейнерлерді қолданады. Ішінде қақпағы бар түкіргіштер биксте тоңазытқышта сақталуы тиіс. Қақырықты ала алмаса, емдеу-сауықтыру мекемесінде жақсы бекітуші жағындыны дайындауға болады және оны зертханаға қайта жіберу керек. Себуге жиналған қақырықты залалсыздандырылған түкіргішке жинап, тоңазытқышта бір тәулік бойы сақтайды.

Әрбір медициналық қызметкер өзінің және әріптестерінің қауіпсіздіктеріне жауапты, қақырықтың жиналған бекітуші жағындылар биологиялық қауіпсіз үстелдерден жасалуы керек.

Туберкулезбен ауыратын науқастарды зерттейтін медициналық қызметкерлер артынан байланатын медициналық халат, клеенкалы алжапқыш, қолғап, қалпақ және маска киіп жұмыс істеуі керек. Жұмыс орнында темекі шегуге, тамақ ішуге болмайды.

Қолданылған лас заттарды дезинфекциялау керек немесе жою (құрамында 0,1% деохлор ерітіндіге 4 сағатқа салынады) керек. Түкіргіштерді тасымалдау алдында дұрыс дезинфекциялау (туберкулез инфекциясында қолданылатын дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту) керек.

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

Қақырықты бактериологиялық зерттеу ауру қоздырғышын анықтау және антибиотиктерді эффективті таңдау үшін жүргізіледі.

Жабдықталуы: стерильді мойыны кең шыны ыдыс /бактериологиялық зертханадан алынған/, крафт-қағаздан қақпағымен, ыдыста қоректі орта болуы тиіс.

Мейірбике іс -әрекеті:

1. Науқасқа қақырық таңертеңгілік, ашқарынға алатындығын түсіндіру

қажет.

2. Науқас қақырық жинаған кезде стерильді ыдыстың қабырғаларына

қолы мен ауызын тигізбей қақырығын тастаған соң жылдам қақпағын

жабу керек.

3. Қақырық 1-1,5 сағатқа дейін бактериологиялық зертханаға контейнермен

жіберіледі.

Атипиялық жасушаларға қақырықты зерттеу

Көрсетпе: қатерлі ісікке күдіктенгенде.

Жабдықтау: құрғақ, таза шыны ыдыс.

Мейірбикенің іс-әрекеті:

1. Зертханалық ыдысты дайындау.

2. Жолдама жазып оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.

3. Кешке емделушіге түсіндіріп, дайын ыдысты беру.

4. Науқас таңертең сағат 8.00-де аш қарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет таза шыны ыдысқа қақырықты жинайды.

5. Мейірбике сағат 8.30-да зертханаға қақырық жиналған ыдысты жібереді.

Ескерту. Атипиялық жасушалар тез жойылады, сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек.

Қақырықтың тәуліктік мөлшерін анықтау

Жабдықтау: құрғақ, таза мөлшерленген қалта түкіргіш.

Мейірбикенің іс-әрекеті:

1. Емделушіге қалта түкіргішін беріп түсіндіру.

2. Науқас түкіргішке таңғы сағат 8.00-ден ертеңгі күні сағат 8.00-ге дейін қақырықты жинайды.

Мейірбике түкіргішті босатар алдында қақырықтың мөлшерін жазып алады. Алынған қақырықтың тәуліктік өлшемін температуралық параққа белгілейді.

Ескерту. Егер қызу қағазында белгілейтін орын болмаса, ауру тарихына тіркеледі.

Ахметов А. А тәуліктік қақырық мөлшері:

Күні: мөлшері:

17/3 100,0

18/3 25,0

19/3 25,0

Қақырық пен қалта түкіргішті залалсыздандыру

Қақырықты залалсыздандыру үшін: (дезерітіндінің 2 көлемін қақырықтың 1-ші көлемі есебімен) 0,1% деохлор ерітіндісіне 4 сағатқа немесе 10% хлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды немесе хлор ұнтағын (200) г/л бір сағатқа сеуіп қояды.

Қақырықты залалсыздандырғаннан соң, канализацияға төгеді, ал қақырығы залалсыздандырылған ыдыс пен түкіргішті жай әдіспен жуады. Түкіргішті 2 % сода ерітіндісінде 30 минут бойы қайнатады немесе 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.

Зертханалық зерттеулерге зәрді алу

Зәрді зерттеуге алу:

- жалпы зерттеуге жинау;

- Нечипоренко бойынша;

- Зимницкий бойынша зәр анализі;

- Ацетон және кетонға анализ;

- Диастазаға зәр;

- Зәрді қантқа тексеру;

- Амбюрже бойынша зәр анализі;

- Аддис-Каковский бойынша;

- Уробилин және өт пигментіне

Зәрді зерттеу зәрдің физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұңба микроскопиясын анықтауға көмек береді және бүйректердің жағдайын және олардың қызметін анықтайды, сонымен қатар басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдануын көрсетеді. Сондықтан зәрді зерттеу науқасты жалпы тексерудің негізгі бөлігі болып саналады.

Мейірбикенің іс-әрекеті:

1. Зертханалық ыдысты дайындау және оған дәріханалық резеңкемен жолдаманы бекіту.

2. Кешке қарай емделушіге ыдыс беріп түсіндіру қажет.

3. Жиналған зәрді зертханаға таңертеңгі 9.00-ге дейін жеткізу керек.

4. Келесі күні зертханадан алынған қорытындыларды ауру тарихына жапсыру керек.

Естеріңізде болсын!

Зәр жиналғаннан кейін 1 сағат ішінде зертханаға жіберу керек. Зәрге арналған ыдыс мұқият жуылған болуы керек. Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға «cito!» деп жазу қажет.

Несепті жалпы зерттеуге жинау

Жалпы анализга түсін, мөлдірлігін, несептің тығыздығын, меншікті cал-мағын, оның реакциясы мен патологиялық элементтері барын анықтау жатады.

Керекті заттар: таза шыны ыдыс, антисептикалық ерітінді немесе қайнаған жылы су, заттаңба.

Мейірбикенің іс-әрекеті:

1. Несепті таңертең алу керектігін науқасқа түсіндіру.

2. Науқас несеп жинар алдында дәрет алу.

3. Таза шыны ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігін 100-200мл мөлшерде жинау.

Несепті ұзақ сақтау оның физикалық қасиеттерін өзгертеді, бактерияны көбейтіп, несеп тұнбасының элементтері бұзылады.

Нечипоренко бойынша зәр анализі

Мақсаты: зәрдегі пішінді элементтердің (лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлер) мөлшерін анықтау.

Бұл әдіспен зерттеудің ерекшелігі - зәрді кез-келген уақытта ала беруге болады, зәрдің мөлшері 5-7 мл-ден кем болмауы керек. Науқас дәрет алып, зәрдің ортаңғы бөлігі 7-10 мл мөлшерін құйып алады.

Қалыпты жағдайда лейкоциттер 1мл-де 4000-ға дейін, эритроциттер 1мл-де 1000-ға дейін.

Зимницкий бойынша зәрдің анализі

Мақсаты: бүйректің концентрациялы қабілетін анықтау, тәуліктегі, күндізгі,

түнгі диурезді анықтау.

Жабдықтау: заттаңбасы бар 250 мл 8 таза, құрғақ флакон (міндетті түрде зәрдің мөлшері, жиналу уақыты номермен белгіленеді), қосымша 2-3 флакон.

6.00- 900 № 1 24.00-3.00 №7

9.00- 12-00 № 2 3.00- 6.00 №8

12.00-15.00 № 3

15.00-18.00 № 4

18.00-21.00 № 5

21.00-24.00 № 6

Мейірбикенің іс -әрекеті:

1. Науқасқа зәрді жинау тәулік бойы болатынын түсіндіру қажет.

2. Таңертең сағат 6.00 –де науқас қуығын босатады (несепті жинамайды).

3. Сырқат әр 3 сағат сайын 8 ыдысқа несепті жинайды.

4. Барлық 8 үлесті заттаңбаларымен жібереді;

Егер алынған несеп 1 ыдысқа сыймаса, онда қалдығын басқа бір ыдысқа құяды да заттаңбасына номір-үлеске қосымша несеп деп жазылады. Егер белгіленген уақытта науқас зәр бөлмесе де бос шишаны зертханаға жібереді.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Автономия. 2 страница | Автономия. 3 страница | Автономия. 4 страница | Автономия. 5 страница | Автономия. 6 страница | Автономия. 7 страница | Автономия. 8 страница | Автономия. 9 страница | Венесекция 5 страница | Венесекция 6 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Венесекция 2 страница| Венесекция 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)