Читайте также:
|
|
Модульды оқудың дамуға әсері | |
ЖАУАПКЕРШІЛІК | модульдік теориялық - ақпараттық материалымен өзіндік жұмыс; - модульдің теориялық-ақпараттық материалымен өзіндік жұмыс. |
БІРЛЕСТІК | Мәселелік жағдайлардан шығу жолын іздеу кезінде студенттік топтар арасында пікірталас жүргізіп дұрыс шешімді таңдап алу; - іс-әрекетті ойындар; - сөзжұмбақ шешімі; - өзара бақылау, өзара тексеріс; - тесттен кейінгі шешімнің дұрыстығы. |
КӘСІПКЕРЛІГІ | бақылау карталарын толтыру. |
ЖАСАЙ БІЛУ | - теориялық білімдерді тұжырымдай алу |
ҰҚЫПТЫЛЫҒЫ | - модульдік оқудағы барлық кезеңдерде бір ізді қатаң сақтау; |
АЛДЫН-АЛА ОЙЛАУШЫЛЫҚ | медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы сақталмаған жағдайдағы мейірбикенің тактикасы; |
МЕЙІРБАНДЫЛЫҚ | - деонтологиялық есептерді шығару; |
Медбикенің рөлін және орнын түсіну маңыздылығы, әсіресе, науқасханалық мекемелерде анық байқалады. Дәрігерден гөрі мейірбике мен емделушінің арасындағы тікелей қарым-қатынастар жиі болады. Науқас, мейірбикеден қолдауды және түсінушілікті іздейді. Бүгінгі күнге дейін мейірбикелік іс дәстүрлі техникалық күтім жасаумен шектелген. Әрине, оны алып тастауға болмайды. Бірақ, мейірбикенің науқасқа психологиялық қатынасының жоқтығы, науқастың қанағаттанбаушылығына әкеледі. Басқа жағынан қарағанда, мейірбике мен науқас қарым-қатынасында керекті алшақтықты сақтамау қаупі туады. Кейбір мейірбикелер науқаспен мылжыңдасып, емделушінің жағдайын нашарлатады, мұндай қылық өзаралық қарым-қатынаста қақтығыс элементтерінің пайда болуына әкеледі.
Медбике науқас мәселелерінің қиындығын түсіне білуі керек, бірақ ол мәселелерді шешуге тиісті емес.
Ұмытпаңыздар! Ұқыпты, жинақы, жылы-жүзді мейірбике науқастың сенімін арттырады. Венгр дәрігері Харли, әйгілі "Дәрігер, мейірбике, ауру" еңбегінде мейірбикелерді жұмысқа деген көзқарасына, мінез-құлқына байланысты бөледі.
Іс жүзіндегі түрі: дәлділік, қатаңдылық, кей кездерде науқастың адамгершілігі жағын ұмытады. Мінез-құлқында болуы мүмкін, мейірбике ұйықтап жатқан науқасты ұйықтайтын дәрі берем деп оятады.
Әртістік түрі: мейірбике науқасқа өзінің шексіз маңыздылығын көрсеткісі келеді.
Неврозды түрі: жиі шаршайды, оның әрекеттерін ешкім байқамайды. Ол өзінің кейбір міндеттерінен құтылғысы келеді: мысалы, дерт жұқтыру қаупі бар жұмыстардан. Осы түрге жататын кейбір мейірбикелер токсикоманияға бейім.
Ер адамдық түрі: шешім қабылдайтын, ірі тұлғалы, энергиясы көп, өзіне сенімді. Науқастар оны "әскери адам" деп сипаттайды. Жақсы ұйымдастырушы, жас мейірбикелерді тәрбиелеуде табысты болады. Егер оның әрекеті қолайсыз болса, ісі қатал, дөрекі болады.
Мейірбикенің «ана түрі» - "аяулы мейірбике ": мейірбикелердің дене құрылысы нәзік.
Ақырында, мейірбикелердің алтыншы түріне - "мамандар" жатады, бұлар электрокардиограммада, электроэнцефалографияда жұмыс істейтіндер. Олар кейде бөлімшелерде жұмыс істейтін мейірбикелерден артықшылығын сезінеді. Егер олар осыны жасырмаса, олардың арасында және кезекшілікке келетін басқа қызметшілердің арасында жағымсыз қарым-қатынастар болады. Мейірбикелер емдеу алдын-алу мекемелерінде әр түрлі жұмыс істейді. Медициналық деонтологияның негізі жалпы болып қалады, бірақ әр түрлі жағдайларда және жұмыс мәселелері деонтологиялық ережелермен қабылдаудың нақтылығын әрбір мекеменің ерекшелігіне байланысты талап етеді.
Медициналық деонтологияның жалпы мәселелері барлық медициналық мекемелерге ортақ:
Дертпен күрес және денсаулықты қалыпқа келтіру.
Медицина қызметкерлері тәртібінің принциптерін зерделеу, керек жағдайда емдеудің тиімділігін арттыруға бейімделген болу.
Медициналық іс-әрекетте қолайсыз факторларды алып тастау.
Медицина қызметкерлері мен науқастың арасында қалыптасатын қарым-қатынасты оқып-үйрену.
Медициналық қызметтің жеткіліксіздігі салдарынан болатын қауіпті зардаптарын алып тастау (дөрекі, тәртіпсіздік, мамандық шеңберінің тарлығынан).
Емдеу мекемелері ұжымы қабылдаған моральдық-этикалық нормаларын, ережелерін сақтау. Субординация - бұл жанама және тікелей бағыну.
Науқасханадағы мейірбикелер мен науқастар арасындағы қарым-қатынас.
Бұл қарым-қатынастарға келесі факторлар әсер етеді:
1. Науқастарды тәулік бойы бақылау мүмкіншілігін жасау.
2.Жүйелі түрде дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдау, немесе медициналық ем-домды орындау керек.
3.Науқастың өз туысқандарымен әрдайым кездесіп тұру мүмкіншілігінің болуы.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 384 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КІРІСПЕ | | | Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі |