Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Олды хирургиялық деңгейде өңдеу

Читайте также:
  1. Инвентарды өңдеуден өткізу
  2. Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу
  3. Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу.
  4. Хирургиялық аурулар» бойынша « Офтальмология» пәні.
  5. Хирургиялық инфекция 1 страница
  6. Хирургиялық инфекция 1 страница

Хлоргексидин биглюконатының 0,5%-ттi спирт ерiтiндiсiмен қолды өңдеу әдiсi

Мақсаты: Медбике қолының стерильдiгiне жету.

Көрсеткiштер:

стерильдi столды дайындау қажеттiлiгi;

операцияға, пункцияға қатысу;

босандыруға қатысу

Қарсы көрсеткiштер:

қолда және денеде iрiңшелердiң болуы.

терiнiң жарылуы және жарақаттардың болуы.

терi аурулары

Жабдықтану:

бiр ретке қолданатын кiр сабын.

1 минут, 3 минуттық құм-сағат.

20-30мл хлоргексин биглюканатының 0,5%-ттi спирттi ертiндiсi;

корнцанг бар стерильдi лоток;

стерильдi столды жабуға арналған төсеніші бар стерильдi бикс.

Қажеттi шарт: жұмыс қатаң және ерекше стерильдi аймақтарда жүзеге асырылады. Процедура бикстегi стерильдi жабдықтарды берiп тұратын көмекшi көмегiмен іске асырылады. Асептика ережелерi сақталу қажет.

Кезеңдер
1.Қолды қарапайым әдiспен жуу   Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету
2.Таза киiмi бар стерильдi бикстi қою, оны орнату, түрiне қарап маркировін және стерильдiгiн тексеру Инфекционды бақылауды қамтамасыз ету
3.Басқыш немесе көмекшi көмегiмен бикстi ашу Инфекционды қауіпсіздiгiн сақтау.
4.Стерильдiлiк индикаторларын шығару, олардың жағдайын бағалау стерилизация сапалығын бақылау.
5. Корнцанг көмегiмен бикстен реттiлiкпен бас орамалын, масканы шығару, оларды кию. стерильдiктi сақтау
6. Корнцангты лотокқа салу Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету
Шараны орындау
Шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды сабынмен жуу Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi жүзеге асырылады.

 

1 минут iшiнде фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерді сабындау құм-сағатқа қарап отыру.
2. сабынды кетiру үшiн тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды ағынды сумен шаю  
3.стерильдi орамалмен қолды кептiру.  
4.хлоргексидиннiң 0,5%-ттi спирттi ертiндiсiне матырылған стерильдi салфеткамен тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн әрбiр қолды өңдеу. қолды өңдеудiң хирургиялық деңгейi жүзеге асырылады. Сағатқа қарап отыру.
Шараның аяқталуы
1. стерильдi киiмдi, перчатканы кию. Асептиканы сақтау

 

Стерильдi перчатканы кию ережелерi:

Стерильдi перчаткасы бар пакеттi алу, оны ашу.

Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей етіп, оң қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.

Оң қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.

Оң қолдың саусақтарын жазбай перчатканы кию.

Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей оң қолдың екiншi, үшiншi, төртiншi саусақтарымен сол қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.

Сол қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.

Одан кейiн оң перчатканың аударылған шетiн халат жеңiне тартып кигізу.

Стерильдi перчатка шешудiң ережелерi:

Перчаткадағы оң қолдың саусақтарымен сол жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тарту.

Перчаткадағы сол қолдың саусақтарымен оң жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тартып аудару.

Сол жақ қолдың перчаткасын терiс аударып шешу және оны шетiне оң қолмен ұстау.

Сол қолмен оң қол перчаткасының iшкi бетiнiң шетiнен алу, сол қол перчаткасын терiс аударып шешу (сол перчатка оң перчатканың iшiнде қалады)

Екi перчатканы дезертiндiсi бар сауытқа салу.

Ескерту: Бiр рет қолданатын перчаткалар дезинфекциядан кейiн жойылуы қажет, ал көп рет қолданылатын перчаткалар медициналық бұйымдар сияқты өңделедi.

Қорытынды бiлiм деңгейiн, практикалық дағдылануларды бақылау; тесттер.

Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi.

Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады.

Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1392 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы | Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп| Дезинфекция түрлерi.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)