Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дезинфекция түрлерi.

Читайте также:
  1. В) Обрабатываются в кальционированной соде, дезинфекция хлорамином, ополаскивание
  2. Вопрос № 4 Дезинфекция СИЗОД. Сроки, исполнитель, порядок проведения. Дезинфицирующие растворы.
  3. Дезинфекция
  4. Дезинфекция инструментов.
  5. Дезинфекция поверхностей
  6. ДЕЗИНФЕКЦИЯ РЕЖИМНЫХ КАБИНЕТОВ
  7. Дезинфекция стоматологических инструментов

Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады.

1. Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.

2. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар.

Дезинфекция әдiстерi:

Механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады.

Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар:

Бөлме iшiндегi жиһазды жуу.

Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу.

Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу.

Қол жуу.

Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады:

Күн сәулесiн қолдану.

Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру.

Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру.

Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу.

Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату.

Пастеризация.

Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат).

30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi.

Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса.

Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы. Дезинфекция режимi температура-1100С, экспозиция-20 минут, стерилизацияланған бикс-коробкаларда, дезкамераларда, автоклавта сирек қолданылады.

Физикалық әдiс-персонал үшiн ең қауiпсiз және қолайлы әдiс. Егер жабдықтар, бұйымдар номенклатурасы сияқты жағдайлар болса, бұл әдiстi қолданған жөн.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы | Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі | Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Олды хирургиялық деңгейде өңдеу| Дезинфекцияның химиялық әдiсi.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)