Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  4. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  5. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  6. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
  7. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.

 

Қабылдау бөлiмi арқылы науқастар стационардың түрлi бөлiмдерiне бағытталады. Қабылдау бөлiмiнде науқастар тiркеледi, дәрiгерлiк қараудан, санитарлық өңдеуден өтедi.

Қабылдау бөлiмiнiң құрылымы: кiреберiс, тосып күту бөлмесi, гардероб және тiркеу бөлiмi мен сұрау бөлiмiмен бiрге, қарап тексеру бөлмелері, изоляторлар (бокстар), диагностикалық палаталар мен санитарлы өткiзу бөлiмi. Қабылдау бөлiмiнiң жұмысы осы кезектiлiкке сәйкес. Санитарлы өткiзу бөлiмi 3 бөлмеден тұрады: науқасты шешiндiру бөлмесiнен, ванна – душ және науқасты киiндiру бөлмелерi. Қабылдау бөлiмiнде егу кабинетi, кiшi операциялық бөлме, таңу бөлмесi, рентген – кабинеті, лаборатория, кезекшi дәрiгер кабинетi, әжетхана және қабылдау бөлiмiнiң тәулiк бойы жұмысын қамтамасыз ететiн бөлмелер бар.

Қабылдау бөлiмiнде науқастар жедел және жоспарлы кезекте түседi. Жедел медициналық көмектi қажет ететiн науқастар жедел кезекте қабылданады. Оларды жедел медициналық көмек машинасымен жеткiзедi, не басқа емдеу мекемелерiнен ауыстырады немесе стационарға бағыттама парағынсыз қабылдайды. Науқас жағдайының ауырлығына байланысты сырқатнаманы толтыруға қажеттi ақпаратты науқастың өзiнен, ал егер ол ессiз болса, жанындағы адамдардан не туысқандардан алады.

Егер науқас құжатсыз түссе және жанында адамдар болмаса, онда милиция бөлiмдерiне ‘белгiсiз адам’ түскенi жайлы хабар беру қажет.

Егер науқас үйден тыс жерде ауырып жедел көмек машинасымен жеткiзiлген болса, онда қабылдау бөлiмiнiң қызметкерлерi бұл жайында науқастың туысқандарына хабарлау қажет.

Жоспарлы науқастар аймақтық поликлиника дәрігерiнiң бағыттауымен түседi.

Тiркеуден кейiн науқас дәрiгер қарауынан өту үшiн және диагнозы қойылу үшiн қарау-кабинетiне бағытталады. Егер диагноз анық қойылмаса, дәрiгер қосымша зерттеулердi (лабораторлы, эндаскопиялық, УДЗ) немесе басқа дәрiгердiң консультациясын тағайындайды. Кезекшi дәрiгер науқас қай бөлiмге бағытталатынын шешедi. Егер диагноз әлi анық болмаса науқасты санитарлық өңдеуден кейiн қабылдау бөлiмiнiң диагностикалық палатасына орналастырады. Онда науқасты тексередi, бақылайды және диагностика жүргiзедi. Содан кейiн ғана сәйкес бөлiмге бағыттайды. Стационарлық емдi қажет етпейтiн науқастарға көмек көрсетiлгеннен кейiн, оларды мекен-жайы бойынша емханаға бағыттайды. Қарау, зерттеу нәтижелерi дәрiгердiң тағайындаулары және санитарлы өңдеу сипаты, науқасты тасымалдау жолы сырқатнамаға дәрiгермен жазылады. Науқас дәрiгердiң қарауынан кейiн және оның жағдайы бағаланғаннан кейiн, науқасқа басқа санитарлы өңдеу жүргiзiледi: педикулезғе бастың шашты бөлiгiн қарау, терiде iрiңдi бөртпе бар-жоғын, аяқтарында саңырауқұлақ аурулары бар-жоғын тексеру. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна, душ және сүртiнудi тағайындайды. Онымен қоса функционалды жаңдайды бағалау үшiн және ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу үшiн дене температурасының антропометриялық өлшемдерi тексерiледi.

Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өңдеу толық не жартылай болу мүмкiн санитарлы өңдеу сипатын дәрiгер анықтайды. Толық санитарлық өңдеуге ванна мен душ жатады. Жартылайға – шайыну, сүртiну. Педикулездi анықтау үшiн санитарлы өңдеу алдында қабылдау бөлiмiнiң медбикесi науқас денесiнiң шашты бөлiктерiн қарау керек.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1656 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы | Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі | Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп | Олды хирургиялық деңгейде өңдеу | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инвентарды өңдеуден өткізу| Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)