Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ

АзаҚстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Семей мемлекеттік медицина академиясы

Кайдарова С.Б.

Жумамбаева Р.М.

Оразалина Г.К.

Даутов Д.Х.

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ – 1

(Оқу-әдістемелік құрал)

Семей, 2008

Авторлар:

СММА ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары ассистент С.Б.Кайдарова, профессор СММА Р.М.Жумамбаева, ассистент Г.К.Оразалина, доцент Д.Х.Даутов.

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ -1

Оқу - әдістемелік құрал. – Семей. 2008 ж., 86 бет

Рецензенттер:

Жагипарова Ж.К. – СММА балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доцент.

Нуртазина А.У. – СММА отбасылық медицина кафедрасының доценті, м.ғ.к.

 

 

«Клиникаға кіріспе» пәні студенттерді алғаш клиникамен таныстыратын пән. Емдік-профилактикалық мекемелердің түрі, бұлардың құрылымы, бұл мекемелерде медицина қызметкерлері жұмысының негіздері көрсетіледі. Ең алдымен мейірбике жұмысының ұйымдастырылуы, оның лауазымдық қызметтері, науқас адамның күтілуі қалай ұйымдастырылуы керектігі толығымен қамтылады. Бұл клиникалық пәнді оқу барысында студентте дәрігердің профессиональді қызметі туралы көзқарасы қалыптасады, науқасты қарау және күту шараларын үйренеді, науқас және оның жанұясына көрсетілетін медициналық көмектің негіздері туралы мәлімет алады.

Оқу-әдістемелік құрал медициналық жоғары оқу орындарындағы I-ІI курс студенттеріне арналған.

 

 

Семей мемлекеттік медицина академиясының Орталық әдістемелік кеңесі (хаттама №6, 14.04.2008) және терапиялық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия (хаттама №6, 31.03.2008) қарап бекітіп және басып шығаруға ұсынған.

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары медбике ісінде көптеген өзгерістер туындап отыр. Қоғамдық өзгерістерге және денсаулық сақтаудағы жетістіктерге байланысты мейірбикеге қойылатын талаптар да өсті.

Мейірбикелік іс - әлеуметтік сұраныстарға толық жауап беру үшін мейірбикенің кәсіптік мүмкіншіліктерін көтеруін қажет етеді, яғни жаңа түрдегі медициналық мейірбикені тәрбиелеуді талап етеді.

«Клиникаға кіріспе» студенттерді денсаулық сақтаудың тәжірибелік бөлімімен, емдеу мекемелерінің жұмысын ұйымдастырумен, науқас және оның жанұясымен, оның проблемаларымен танысып, оған көмек көрсетуді, науқасты бақылау және күту әдістеріне үйрететін, таныстыратын ең алғаш пән болып табылады. Пәннің оқып үйренетін объектісі болып, науқасты жалпы күту барысындағы және оны диагностикалау, емдеу процессіне бағытталған медициналық қызметкердің атқаратын түгел кәсіптік іс - шаралары жатады.

Дәрігердің профессиональды қызметі туралы көзқарасты қалыптастыру, науқасты қарау және күту шараларына үйрету, науқас және оның жанұясына көрсетілетін медициналық көмектің негіздері туралы мәлімет беру. Бұл пән жаңадан енгізілген дисциплина болғандықтан оқулық, оқу құралдары әзірше оқу бағдарламаларына сай, толық түрде, жеткілікті мөлшерде болмай тұр. Әсіресе бұл қазақ тілді оқулық, әдебиеттерге қатысты өзекті проблема.

Бұл құралда «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша барлық тақырыптар тиісті реттілікпен құрастырылған. Әрбір тақырып бойынша теориялық материалдар және практикалық дағдылар толық келтірілген, яғни студент әрбір сабақ барысында не біліп, не үйреніп шығу керек дәл көрсетілген. Практикалық дағдылар сатылық жүйемен келтірілген.

Клиникаға кіріспе-1 оқу-әдістемелік құралы 1-2 курс студенттеріне осы пән бойынша бағдарламаны толық меңгеріп шығу үшін қосымша құрал ретінде арналған.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 896 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі | Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп | Олды хирургиялық деңгейде өңдеу | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Характеристика деятельности обучающегося во время учебной практики через оценку сформированности ОК| Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)