Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ

Клиникаға кіріспе – бұл студенттердің біріншілік практикалық денсаулықсақтау,емдеу бөлімшесінің жұмыстық ұйымдастырылуы,яғни науқастарды бақылау және күту нұсқауымен үйрететін,науқастарға біріншілік көмек көрсетуді үйрену дисциплинасы.

Пәннің маңызы жоғары медициналық білімі бар маманның интегральды жүйесін құрап медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың әр күндерінде және сатыларында дәрежеден көрінетін нағыз жоғары маманданған тұрақты стереотипті қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.

Пәннің оқып үйренетін объектісі болып, науқасты жалпы күту барысындағы және оны диагностикалау, емдеу процессіне бағытталған медициналық қызметкердің атқаратын түгел кәсіптік іс-шаралары жатады.

Оқыту әдістеріне науқастарды күтудің, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда бекітудің, ситуациялық жағдайларды шешудің теориялық негіздерін меңгеру; манипуляциялық техниканы игеруді, емдеу-профилактикалық мекемелерінде медбикелік процесстің қойылуын зерттеуді үйрету; емдеу-профилактикалық мекемесінде кәсіби оқу тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу жатады.

2. Пәннің мақсаты:

Дәрігердің профессиональды қызметі туралы көзқарасты қалыптастыру, науқасты қарау және күту шараларына үйрету, науқас және оның жанұясына көрсетілетін медициналық көмектің негіздері туралы мәлімет беру.

Студенттерде медбикелік процессті ұйымдастыру және медбикелік диагноз қойу дағдылары мен білімдерін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

§ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының негізгі приоритеттерімен студенттерді таныстыру.

§ Студенттерді денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі түрлерімен және оның жұмысының негізгі принциптерімен таныстыру.

§ Науқасты жалпы күту кезіндегі тәжірибелік дағдыларды үйрету.

§ Жанұяның медициналық көмекке мұқтаждығын анықтау принциптерін үйрету.

§ Емдеу мекемелерінде медбикелік процессті ұйымдастырудың теориялық негіздеріне үйрету;

§ Дәрігердің диагностикалық және емдік тағайындауларын орындау манипуляцияларының маңызды әдістері мен тәсілдеріне үйрету.

§ Жедел жағдайларда науқасқа дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйрету

Студент міндеті:

Білу керек:

* ҚР денсаулық сақтаудың приоритеті;

* емдеу тәсілдерінің түрлері,ішінде стоматологиялық профильдер және

олардың жұмыстарының ұйымдасуы

* емдеу ісіндегі санитарлы – эпидемиологиялық режимнің ережелерін

* науқасты бақылаудың негізгі ережелері

* медициналық жұмысшылар мен пациенттердің жалпы принципі.

 

Істей алу керек:

* ауыр халдегі науқастарға қарау

* науқастарды тасымалдау

* тамақты ұйымдастыру және науқастарды тамақтандыру

* жеке көрсеткіштерді (термометрия,А.Қ өлшеу,диурезді бақылау,пульсті

санау,тыныс алу жиілігін анықтау)және бағалау

* емдеу ісінде санитарлы – эпидемиологиялық және емдік – сақтау

режимдерін қамтамасыз ету

* дезинфекция жасау және инструменттерді стерилизациялау,өңдеу

* дәрілік парэнтеральді енгізу

* анафилактикалық жағдайды тамырлардың кризі,тұншығу приступтарын,

клиникалық өлімнің белгілерін және алғашқы көмек көрсетуді

* науқасты лабораториялық және инструментальды тәсілдерімен зерттеуге

дайындау

 

Дағдыларды игеру:

* Науқаспен қарым-қатынас

* Жағдайы ауыр науқастардың жеке гигиенасын қамтамасыз ету

* Науқастарды тамақтандыру

* Науқастарды тасымалдау

* Дәрілік заттарды тарату

* Сыртқы дәрілік заттарды енгізу

* Пререквизитті және постреквизитті дисциплиналар

Пәннің пререквизиттері:мектеп курсындағы биология,физика,химия,анатомия,молекулярлы биология,психология негізі,құқық негізі.

Пәннің постреквизиттері:ішкі аурулар,жалпы хирургия,стоматологиялық терапияның пропедевтикасы,хирургия және ортопедия

 

Пәннің қысқаша мазмұны

- Емдеу-профилактикалық ұйымның түрлерінің және ондағы медициналық персоналдың ұйымдасуы

- Пациенттерді қабылдау және санитарлы өңдеу

- Науқастарды тасымалдау

- Санитарлы-эпидемиологиялық қарсы режимді қамтамасыз ету

- Маманданған орта іс-әректін сақтау

- Емдік-сақтау режим және клиникадағы бөлімдердегі жұмыстардың ұйымдасуы

- Науқастардың жеке гигиенасы

- Ауыр халдегі науқастарды бақылау

- Науқастарды тамақтандыру.Жақ-бетімен зақымдалған науқастарды тамақтандыру.

- Науқастардың функциональді жағдайына баға беру

- Ыстығы бар науқастарға қарау

- Медбикелік үрдіс

- Науқастарды лабораториялық және инструментальды зерттеулерге өтуге дайындау

- Дәрілік заттар және дәрінің түрлері.Медикаменттермен араласу

- Энтеральды,сыртқы және ингаляционды жолдармен енгізу

- Процедуралық бөлмедегі жұмысты ұйымдастыру.

- Ішкі ағзаларының қызметі бұзылған науқастарды қарау және күту.

- Экзогенді жолмен уланғанда біріншілік көмек көрсету және диагностика.

- Күн түскенде,қан аздықта,гипертрмия кезінде біріншілік көмек және диагностика.

- Клиникалық өлім туралы түсінік.Жүрек-өкпе реанимация шаралары.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пән саясаты| ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)