Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пән саясаты

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының миграция саясаты
  2. Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру
  3. Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
  4. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмалардың ґткізуінің және мазмұнының графигі
  5. Пән: Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
  6. Пәндер бойынша жазбаша жұмыстардың тематикасы

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

• Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

• Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

• Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

• Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

• Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

• Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

Кафедраның жалпы талаптары:

1. Студенттің сырт келбеті: халат, колпак, маска, ауыстырмалы аяқ киімдер болу керек.

2. Бағдарлама бөлімдері орындалмаса, себепсіз сабақ босатылғанда сенбі күндері сағат 9-дан 13-ке дейін босатылған сабақтарды өтеу ұйымдастырылады.

Босатқан сабақтарды өтеу кестесі:

Қазан – 5, 12, 19, 26

Қараша – 2, 9, 16, 23, 30

Желтоқсан – 7, 14, 21, 28

1 ай ішінде 2 және оданда көп босатқан сабақтары болып және ол өтемесе студент аттестацияланбаған студент болып табылады.

Егер студент сабақтарды босатып, аралық бақылауларды тапсырмаса, онда есеп қойылмайды және дифференциалдық есепке босатылмайды.

Сабақтың 9-шы аптасында дифференциалдық есеп болады және ол теориялық және тәжірибелік бөлімді қамтиды. Теориялық бөлімі 70 сұрақтан тұрады, ал тәжірибелік бөлімі тәжірибелік дағдыларды қабылдаудан тұрады. Аралық бақылау ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының базасында қабылданады.

Бағдарлама тақырыптарын дербес түрде меңгеру үшін кафедрада оқу бөлмелері, арнайы жабдықталған аудиториялар бар.

Оқу әдістемелік құралдар ұсынылады (көрнекі материалдар, кестелер, слайдтар, тестілер, әдістемелік нұсқаулар).

Практикалық дағдыларды меңгеру үшін кафедрада керекті құрал, фантом, муляждармен жабдықталған бөлмелер бар.

3. Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Арттар мен мүгедектерге арналған МӘМ.| Кіріспе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)