Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КІРІСПЕ. Тақырыптың өзектілігі:«Қазақстан Республикасы өзін

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілген [1, 3 б.].

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігіне ие болғаннан бері қаншама құқықтық реформалар жасалып, заңдар да бір жүйеге келіп өз қыметін атқаруда.

Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда толығымен қалыптастырылды. Дегенмен, нарықтық экономиканың талаптарына байланысты акционерлік қоғам өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек, сондықтан осы тақырыпты таңдадым.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстан Республикасының акционерлік заңдары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің ережелерінен және 2003ж. 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. 13 мамырдағы заңнан тұрады [2, 3 б.].

Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. 10-шы шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлттық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді.

Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудің сәті келмей отыр.

Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлтгық Банктің техникалық нормаларын асқақтатьш, заң техникасының талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сол түзетілген ағылшын-америкаңдық моделін дәстүрлі континенттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты [3, 3 б.].

Акционерлік қоғам мәселесімен Ю.Г.Басин., С.И.Климкин., Т.Т.Киреева., М.К.Сулейменова., А.Г.Диденко., В.П.Грибанов т.б. ғалымдарды атауға болады.

Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық зандар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді.

Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық жөне құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды.

Нарық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекшелендірумен байланысты болды.

Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады.

Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.

Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Магистрлік диссертацияның міндеттері: Қойылған мақсатқа жету жолында мына аталған міндеттерді шешу жоспарланады:

- акционерлік қоғамның қазіргі кездегі жай-күйі, өсуі, құрылымы, қозғалысын анықтау;

- акционерлік қоғамдарды зерттеу объектісі ретінде зерделеу, акционерлердің жекелеген түрлерін ажыратып алу;

Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы: Жоғарыда аталған міндеттерді атқару үшін магистрлік диссертацияның методологиясы ретінде диалектикалық заңдарды таным әдістерін қолдандық. Сондай-ақ іздену кезінде құқықтық, нақты-әлеуметтік, логикалық әдістерді қолдандық және философия ғылымын ғылым атасы ретінде танып, сүйендік.

Зерттеудің объектісі ретінде акционерлік қоғамдардан туындайтын азаматтық қатынастар алынады.

Зерттеу заты: акционерлік қоғамдардың акциялары, Қазхром, ТҰК, Евразиялық Энергетикалық Корпорациясы, ССТКБӨ сияқты акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметтеріне талдау жүргізілді.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің теориялық негіздері: Зерттеліп отырған диссертациялық жұмысты жазу кезінде философия, экономикалық теория, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы, банк құқығы, қаржы құқығы, бюджет құқығы ғылым салаларына жүгіндік.

Атап айтсақ:М.К.Сулейменова, О.С.Иоффе, Н.А.Егорова, Ю.Г.Басин, С.И.Климкин, Т.Т.Киреева, А.Г.Диденко, В.П.Грибанов, А.П.Сергеева.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі: Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мынадай басылымдар мен ғылыми конференцияларда жарық көрген: Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдарға құқықтық сипаттама // Қазақстанның ғылыми әлемі халықаралық ғылыми журналы, №1 (35) 2011. 289-292 б. б; Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдарға жалпы сипаттама // Ізденуші. Ғылыми журнал. №1, 2011ж.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Магистрлік жұмыс анықтамалардан, кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, 76 беттен тұрады.


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 371 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ | Акционерлік қоғамды құру тәртібі | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | Оғам акционерінің міндеттері | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам | Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі | Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері | ОРЫТЫНДЫ | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Анықтамалар| Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)