Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  2. Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері
  3. Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы
  4. Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі
  5. Акционерлік қоғамды құру тәртібі
  6. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты

Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау көзек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. 10 шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол АК-ның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлттық Банктін өзіне қолайлы түрде жшпай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңның қабылдануына байланысты АК-ға енгізілген өзгерістер оның мазмұның нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудін сөті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасынын талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорациянын сәл түзетілген ағылшын-американдық моделін дәстүрлі континенттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы біқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен құқықтық ой-пікірдін қабылдамай тастауына мәжбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді. Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дөлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылдаңды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық және құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызылды. Алайда қазіргі көзде де "оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтандыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу құқығы" (АК-ның 86-бабының 6-тармағы), "қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабының 1-тармағы), "халықтық акционерлік қоғам" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабы), "жарияланған акцияларын билік етуді шектеу", "қоғамның акцияларға мәжбүрлеп алып қою" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабы) секілді кейбір құқықтық нысандардың акционерлік заңдардан орын алуы орынсыз болып кәрінеді [16, 82 б.].

АК-ның 85-бабының 1, 2-тармақшаларына сәйкес, "өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады". Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларынын міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Корпоративтік (бірлескен) жинақтаушы зейнетақы қорларынын акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді (АК-ның -бабы).

Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны. Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (АК-ның 85-бабының 5-тармағы). Мысалы, дуниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.

Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердін келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала белгіленген адамдар арасында бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша жабық қоғам болып есептелетін (2003 ж. 16 мамырға дейінгі АК-ның 86 бабының 3-тармағы). Жабық қоғамдар мемлекеттік монополияларды сақтау үшін немесе үшінші тұлғалардың енуін шектеу үшін құрылатын. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамнын негізгі мақсаты бөлудан қалды да, тұлғалық жағдай алдынғы қатарға шықты. Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінін жаратылысы жөнінен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз. Онда тұлғалық элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым түсіп отырды.

2003 ж. 16 мамырдағы Заң бойынша АК-ның жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заңда да жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүру мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар заңды тұлғаның мұндай ұйымдық құқықтық нысанынан бас тартуға бел байлады деген қорытынды шығады. Сондықтан 2003 ж. 16 мамырдан кейін құрылған жабық акционерлік қоғамдар жарамыз деп танылады, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға өзгертілуі немесе 2005 ж. 16 мамырға дейін таратылуы тиіс (Акционерлік қоғамдар гуралы заңның 90-бабының 2-тармағы).

Ашық қоғамдар - акционерлік қоғамнын барынша табиғи және кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың көз келген субъектілері дерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады. Ашық қоғам акционерлерінін санына шектеу қойылмаған. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, қоғамнын барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан түруы мүмкін (АК-ның 85-бабының 3-тармағы). Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік мекемелер қоғамнын акционерлері ретінде әрекет ете ашайды. Өздерінін құзіреті шегінде акционерлер бола алтын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органынын атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамнын құрылтайшысы бөлуға және оның акцияларын сатын алуға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 5-бабының 2-тармағы).

Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда 1998 ж. бастап қоғамнын жаңа нысаны - халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталынын мөлшері айлық есептік көрсеткіштін кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінін саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамнын өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган Ұлттық Банк болып табылады. Ұлттық Бак, сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылу тәртібін де белгілейді. Қоғам:

1) ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда);

2) өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған;

3) акционерлердің саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтың акционерлік қоғам мәртебесінен айырылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабының 1, 2-тармақтары).

Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларынын барлық пакеті мемлекеттің қолында болады. Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің контрагенттермен қатынастарында мемлекеттік органның және коммерциялық ұйымдардың атқаратын қызметін үйлестіреді және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар, Үкіметтің бірқатар қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады [17, 25 б.].

Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания, шын мәнінде, заңды тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю.Г. Басин. Мүмкін, уақыт өте келе, заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны - ұлттық компанияны мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамдардың таратылуына байланысты мемлекет ұлттық компаниялардың қандай ұйымдық-құқықтық нысанға өзгеруі керектігін шешуі тиіс [18, 12 б.].

Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады (АК-ның 87-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Құрылтай құжаттары нотариата куәландырылуы тиіс. Құрылтай шартында баяндалған мәліметтер, шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты мемлекеттік әрі заңдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға заң актілерінде көрсетілген жағдайларда немесе қоғамның шешімімен ғана көрсетілуі тиіс. Жарияланған акцияларды шығару мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылтай шартының қолданылуы тоқтатылады.

Қоғамның жарғысы оның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болын табылады. Қоғамның жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкілдері (өкілі) қол коюға тиіс және нотариатта куәландыруға жатады. Қоғамның жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуға құқылы. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған үш жұмыс күні ішінде жарғынын көшірмесін беруге міндетті.

Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. заң "жарияланған жарғылық капитал", "шығарылған (төленген) жарғылық капитал" ұғымдарынан іс тартты. "Жарғылық капитал", "өз капиталы" терминдері ғана пайдаланылды [2, 12 б.]. Халықтық қоғамдағы секілді, мұнда да заң әдеттегі акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін белгілеген. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері - айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінде болады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 10-бабының 1-тармағы). Бұл Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңдағы мөлшерден 10 есе артық. Қоғамның жарғылық капиталынын ең төменгі мөлшері жөнінде жоғарыда аталған талаптар өзінің қызметің инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды [3, 12 б.].

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвестәрларға (инвесторға) осы Заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен жол беріледі (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 11-бабы) [2, 12 б.].

Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз - бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивидендтер төлеу мүмкіндіктерін анықтауда және өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.

Акция үшін төлеутүрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның орналастырылатын акциялары үшін толеуге ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтар), талап ету құқығы және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану құқығы ешізілетін болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оны бүкіл пайдалану мерзімі үшін толейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.

АК-ның 89-бабының 1-тармағынан "акционерлік қоғам шеккен залалдың орнын толтыру үшін қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық капиталды арттыруға жол берілмейді" деген норма алынып тасталды. Бұдан келіп, қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер алдындағы қоғамның борышын өтеу үшін қоғамның несие берушілері оларды сатып алуы мүмкін деген қорытынды шығады. Акциялар үшін борышты есепке алу мемлекеттік акциялар пакетіне өсер етпеуі тиіс, ейткені өзгеше істеу мемлекеттік меншікті сатып алу көзінде жекешелендіру рәсімін орағытып өтуді білдіретін болады [4, 12 б.].

Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болын табылады (АК-ның 87-бабының 1-тармағы) [4, 12 б.]. Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен міндеттерін қоғамның құрылуы сатысында ғана реттейді. Сондықтан құрылтай шартының ашық қоғам құру жөніндегі әрекеті қоғам мемлекеттік.тіркеуден өткен сәттен бастап және оның барлық құрылтайшыларының құрылтай шартыңда белгіленген міндеттемелерін орындаған соң тоқтатылады. Өз кезегінде, қоғамның жарғысы өзінің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды. Жарғыға қоғам құрыжайшыларының уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс және ол нотариаттық куәландыруға жатады. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтыру-лармен танысуға мүмкіндік беруге мнідетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішіңде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 9-бабының 3-тармағы).

Акционердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция - бұл бағалы қағаз. Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады (АК-ның 139-бабының 1-тармағы) [4, 89 б.].

Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар (АК-ның 91-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Атаулы бағалы қағаз дегеніміз - бұл өзі қуәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға таесілігін растайтын бағалы қағаз (АК-ның 129-бабының 3-тармағының 6-бөлігі). Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 12-бабының 1 және 3-тармақшалары). Құжатсыз бағалы қағаздар дегеніміз - бұл құжатсыз нысаңда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар (АК-ның 129-бабының 3-тармағының 3-бөлігі).

Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді. Бұл ережеден бірнеше өзгешелік бар. Егер:

1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса. Шектеу қою үшін артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабыңдаңды деп есептеледі;

2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;

3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішіңде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 14-бабының 3-4-тармақшалары).

Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс (АК-ның 139-бабының 3-тармағы, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 13-бабының 5-тармағы).

Қоғам акционерінің:

1 ) қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) сауал салынғаннан кейін 30 күн ішінде қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға;

4) қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дауласуға;

5) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;

6) қоғамның жарғысы мен заңдарда көзделген өзге де құқыктары бар.Заң акционерлердің ішінен ірі акционерлерді бөліп көрсетеді. Басқа акционермен салыстырғанда, ірі акционердің құқықтары көп болады. Ірі акционердегеніміз - бұл акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп (халықтық қоғамда - бес және одан да көп) пайызын қолында үстайтын және өзара жасалған келісімдердің негізінде әрекет ететін акционер немесе бірнеше акционер. Әрбір акционердің жоғарыда аталған құқықтарынан басқа, ірі акционердің сондай-ақ:

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

2) директорлар кеңесше акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша меселелер енгізуді ұсынуға;

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

4) өз еңбегінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап ету құқығы бар.

Қоғамның жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін [19, 12 б.].

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 1237 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ | Анықтамалар | КІРІСПЕ | Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы | Акционерлік қоғамды құру тәртібі | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам | Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі | Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері | ОРЫТЫНДЫ | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары| Оғам акционерінің міндеттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)