Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  2. Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері
  3. Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы
  4. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
  5. Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі
  6. Акционерлік қоғамды құру тәртібі

Ұйымдастырушылық-құқықтық түрінің көптеген өзгерулеріне қарамастан, «Культторг» компаниясының жарты ғасырдан асатын тарихы бар. 1954 ж. Алматы көтерме базасы ретінде құрылған, «Культторг» Акционерлік қоғамы, нарықтық қайта құрулардың барлық қиындықтарына қарамастан саудадағы өзінің бейнесін өзгерткен жоқ: жеткізушілер мен сатып алушылар қазіргі уақытқа дейін «Культторг» АҚ-ны халық тұтынатын тауарлармен кең көлемде сауда жасайтын ірі сауда ұйымы ретінде таниды. Қазіргі уақытта «Культторг» АҚ мәдени тауарлардың, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, шырша әшекейлері, карнаваль киімдері, оқушының дәптерлері, қағаз-тазалаушы тауарлар, тұрмыстық техника мен тағам өнімдерінің барлық топтарын сатуды жүргізуде.

«Культторг» АҚ үшін бәсекелес кәсіпорындар АБДИ-Компани АҚ және «Әсем» фирмасы болып табылады.

АБДИ-Компани тек ресейдің ғана емес, сонымен бірге Чехия, ГФР, БАӘ сияқты импорттық кеңсе тауарларын сатады.

«Әсем» фирмасы ресейден шығарылған қағаз-тазалаушы тауарларды сатады. Осыған байланысты ол тек қағаз-тазалаушы тауарларға ғана мамандандырылған және үлкен көлеміне орай бәсекеге қабілетті болып табылады.

«Культторг» Акционерлік қоғамы жаңа жылдық тауарларды сатуда монополист болып табылады, бұл сатудың табыстылығында оңды фактор болып табылады. Табыстылыққа әсерін тигізетін теріс фактор, бұл маусымдық сипаттағы тауарлардың (шырша әшекейлері, карнаваль киімдері) қалдығы. Сондықтан «Культторг» АҚ сатып алу мен сатуды барынша аз қалдықтармен жүргізеді.

«Культторг» Акционерлік қоғамының пиротехникалық өнімдерді сату жөніндегі лицензиясы бар, басқа лицензиялары жоқ.

2004 жылға тауар айналымы – 134108,0 мың теңгені, 2005 жылға - 187115,8 мың теңгені құрады, тауар айналымының көбеюі 35,8%, бұл 48007,8 мың теңгені құрайды.

«Культторг» АҚ-ның жеткізушілермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттары бар, фирма «Экорт» ЖШҚ кеңсе тауарларын, Ресей Федерациясында шығарылған екі мыңнан астам өнімдердің түрі. ПКП «Сыктывкарские бумажные изделия» ААҚ оқушы дәптерлерін, офистік техникаға арналған қағаздарды жеткізуге.

Shenzhen LTD (Қытай), Conson Industrial LTD шыршаларды, шыршаның әшекейлерін, карнаваль киімдерін жеткзуге және басқа да әріптестер мен жеткізушілер.

Жоғарыда аталған жеткізушілердің барлығы да сапалы және бәсекеге қабілетті тауарды жеткізеді. Осы келісім-шарттар бойынша «Культторг» АҚ барлық жеткізушілермен 1993 ж. қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп келеді, тауарды жеткізу мен жаппай сатуда өзінің де тәжірибесі бар.

«Культторг» Акционерлік қоғамы тауар экспортын жүргізбейді. Сату Қазақстан Республикасында жүргізіледі.

«Культторг» АҚ-ның әкімшілік жауапқа тартылулары жоқ. Сондай-ақ әріптестерімен, жеткізушілермен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен сот үдерістері жоқ.

Құнсыздануға қатысты өткізілетін өнімінің бәсекеге қабілеттігіне байланысты қауіптілік факторлары жоқ.

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы | Акционерлік қоғамды құру тәртібі | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | Оғам акционерінің міндеттері | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам | Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі | Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері | ОРЫТЫНДЫ | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осымшалар| Дети угадывают. Сундук открывается; Иван достает перо.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)