Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Читайте также:
  1. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  2. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  4. Азақ тілі. Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі
  5. Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы
  6. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы

Акционерлік қоғамды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және оның қызметін атқарудың тәртібін сақтау; акционерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; акционерлік қоғам органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті мен қызметі оның лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібі және олардың өкілеттігі мен жауапкершілігі туралы дауларды, сондай-ақ аталған қатынастардан туындайтын басқа да дауларды шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басшылыққа алуы тиіс, олардың ережелерін дау туындаған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ерекшеліктерін ескеріп қолданған жөн. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Заңда көрсетілгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері тікелей қолданылады [34, 12 б.].

Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі – қоғам), ал акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға акционер деп танылады.

Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар, бірлесіп не жалғыз қоғам құрылтайшылары болуы мүмкін. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) Заңның 7-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.

Соттар мүліктік жауапкершілік туралы мәселені шешкен кезде қоғам өз меншігіндегі мүлік шегінде жауапкершілік көтеретіндігін және акционерлердің міндеттемелері бойынша жауап бермейтіндігін негізге алуы тиіс.

Өз тарапынан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құны шегінде оның қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін жарғы белгілейді, онда Заңның 9-бабының 2-тармағында аталған міндетті ережелер қамтылуы тиіс. Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес қоғам өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға құқылы.

Заңның және өзге де заңнамалық актілердің нормаларынан туындайтын, атап айтқанда, алдын ала айқындалған кепілді мөлшерде дивидендтер алуға артықшылық берілген акциялардың меншік иелерінің жай акциялардың меншік иелері алдындағы басым құқығын, корпоративтік хатшының міндеттерін және т.б. реттейтін басқа ережелерді Заңның 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген өзге ережелер деп түсіну керек [35, 12 б.].

Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. Заңның 14 және 15-баптарына сәйкес акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы, бірақ оған қатысуға міндетті емес. Акционердің жалпы жиналысқа қатыспауы оның өзінің міндеттерін бұзуы деп қаралмауы тиіс.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 296-бабының ережесі бойынша акционердің қоғам істеріне ұзақ уақыт қатыспауына байланысты оны хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды [36, 12 б.].

Акционер қоғамды басқаруға қатыспағанда және оның тұрғылықты жері (тұратын жері) белгісіз болған жағдайларда, қоғам дивидендтерді ол көрсеткен банк шотына не қоғамның дивидендтері бойынша берешегін аудару үшін ашылған акционердің шотына салуы тиіс.

АК-нің 115-бабына сәйкес акция бағалы қағаз ретінде қаржылық құрал түріндегі мүлікке жатады, демек, оны АК-нің 242-бабының ережесін қолданып, иесіз деп тануға жол берілмейді.

Акционерлердің өздерінің құқықтарын жүзеге асыруы жөнінде дауларды шешу кезінде, акционерлердің, оның ішінде ірі акционерлердің Заңның 14-бабында бекітілген құқықтары шектелмеуге тиіс екендігін соттардың ескергені жөн, ал қоғам жарғысында олардың өзге де қосымша құқықтары белгіленуі мүмкін.

Акционердің тіркеушіге және акцияларды номиналды ұстаушыға акцияларды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгеруі туралы он күн ішінде хабарлау міндетін орындамауының салдары үшін қоғам мен тіркеуші жауапты болмайды.

Акция басқа бір тұлғаға ауыстырылған кезде оған деген меншік құқығы мәміле жасалған және ол туралы қоғамға хабарланған кезден бастап емес, қоғам тіркеушісі акцияларды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акцияларды сатып алушының жеке шотына енгізген кезден бастап туындайды.

Акционердің мәртебесі қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі жеке шоттан жасалған көшірмемен расталады.

Корпоративтік дауларға жататын акционерлік қоғамдар органдарының шешімдеріне акционерлердің дау айтуы туралы дауларды ерекше талап қоюмен іс жүргізу тәртібінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қарайды [37, 26 б.].

Акционерлік қоғамдар органдарының шешімдеріне дау айту туралы өтініш арызданушының құқықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуы туралы оған белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа беріледі.

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне дау айту туралы арыздарды қарау кезінде, акционердің заңды мүдделерін шектейтін Заңды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді немесе жарғыны бұзушылыққа: акционерге («алтын акция» иесіне) акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн туралы уақтылы хабарламау (хабарламау); жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты (материалдарды) акционерге танысу үшін бермеу; сырттай не қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді уақтылы бермеу және т.б. жататынын ескеру қажет.

Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың заңда белгіленген императивтік рәсімдерін, оның ішінде оның алдағы уақытта өткізілетіні туралы хабарлау мерзімдерін, күн тәртібі материалдарының дайын және қол жетімді болуын бұзу акционерлердің Заңның 14-бабында көзделген құқықтарын бұзуға әкеп соғады, бұл акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болуы мүмкін.

АК-нің 178-бабына сәйкес акционерлердің өздерінің құқықтарын қорғауы туралы дауларды шешу кезінде талап қоюдың жалпы мерзімі қолданылады.

Дивидендтер алуға құқылы акционерлердің тізімі дивидендтерді төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуы тиіс.

Қоғамның берешегінің пайда болу мерзіміне қарамастан акционер алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.

Дивидендтер белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы негізге алына отырып есептелетін өсімақы төленеді (АК-нің 353-бабы, Заңның 22-бабының 1, 6-тармақтары). Заңның 22-бабының 1-тармағын қолданған кезде соттар дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататынын ескеруі тиіс, сондықтан, егер ондай шешім қабылданбаса, сот дивидендтерді өндірмейді.

Қоғамның артықшылық берілген акциялары бойынша дивидендтер толық төленбейінше, оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.

Қоғамның болмаған акционерлердің шоттарына артықшылық берілген акциялары бойынша дивидендтерді аударуы міндеттемені тиісінше орындағаны болып есептеледі.

Қоғамның өткен қаржы жылындағы таза кірісін бөлу және бір жай акцияға есептелетін дивиденд мөлшерін айқындау тәртібі артықшылық берілген акцияларды иеленген акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін, сондықтан осы мәселе Заңның 13-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысында қаралады.

Қоғам жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қоғамның атауын, орналасқан жерін, банктік және өзге де деректемелерін, дивидендтер төленетін кезеңді, төлем басталатын күнді, дивидендтерді төлеудің тәртібі мен түрін, сондай-ақ тиісінше бір жай немесе артықшылық берілген акцияға есептелген дивиденд көлемін көрсетіп, дивидендтерді төлеу туралы тиісінше шешімді немесе ақпаратты бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялауға міндетті.

Артықшылық берілген акция бойынша дивидендтің кепілді мөлшері белгіленген ақшалай түрде, сондай-ақ мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қандай да бір көрсеткішке қатысты индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін. Заңның 25-бабына сәйкес дауыс беретін акциялардың отыз және одан да көп пайызын сатып алу тәртібі сақталмаған кезде, оларды иеленуші тұлға (тұлғалар) өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялардың жиырма тоғыз пайызынан асатын акциялардың бір бөлігін аффилиирленбеген тұлғаларға иеліктен шығаруға міндетті. Осы талап сақталмаған жағдайда мүдделі тұлғалар осындай мәмілені жасауға мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа шағымдануға құқылы. Сатып алушылар болмаған кезде осы акцияларды қоғам сатып алады [38, 82 б.].

Банктің жоғары органы акционерлердің Жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. Банк акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге Жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Банк жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға аудиторлық ұйым растаған, Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарымен көзделген талаптарға және уәкілетті мемлекеттік органның талаптарына сәйкес қағаз көздерде жасалған шоғырландырылмаған жылдық қаржы есептілігін (егер Банктің еншілес ұйымдары жоқ болса) немесе жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарымен көзделген талаптарға және уәкілетті мемлекеттік органның талаптарына сәйкес қағаз көздерде жасалған шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржы есептіліктерін (егер Банктің еншілес ұйымдары бар болса) тапсырады. Акционерлердің Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:

а) Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;

б) корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту;

в) Банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;

г) Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе Банктің

орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;

д) Банктің бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;

е) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;

ж) Директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;

з) Банктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;

и) жылдық қаржы есептілігін бекіту;

к) Банктің есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;

л) Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;

м) Банк акцияларының ерікті делистингі туралы шешімдер қабылдау;

н) Банкке тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Банктің өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;

о) акционерлердің Жалпы жиналысын шақыру туралы Банктің акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу және мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында беру туралы шешім қабылдау;

п) Банк акцияларды Акционерлік қоғамдар туралы Заңна сәйкес сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);

р) акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;

с) акционерлерге Банк қызметі туралы ақпарат беру тәртібін белгілеу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралын анықтау;

т) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою;

у) шешім қабылдау Акционерлік қоғамдар туралы Заңында және Банк Жарғысында акционерлердің Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын Директорлар кеңесі шақырады. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің Төрағасы Банктің акционерлерін Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы хабарландырады.

Мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының 2003 жылғы 17 қыркүйектегі №17-81/6582 тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшыларының қатысуымен Тыңдау жөніндегі комиссия 2002 жылға республикалық мемлекеттік меншік объектілерін басқару бойынша 26 мемлекеттік орган және оларға ведомстволық бағынысты 112 ұйым басшыларының есептерін тыңдауды өткізді. Тыңдау нәтижелері бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды, олар аталмыш объектілерді басқару жөніндегі кемшіліктерді болдырмау үшін мемлекеттік органдарға жіберілді. Жоғарыда көрсетілген тапсырмаға сәйкес тыңдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама 2004 жылғы 8 сәуірдегі № КГИП-5-1/3059 хаты арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілді [39, 12 б.].

Экономиканың стратегиялық салаларына мемлекеттік бақылауды күшейту үшін және “Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы № 490-ІІ Заңын іске асыруда Комитет “Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелері” және “Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірледі және министрліктерге келісуге жіберді.

2003-2006 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес аймақтық электр желілері компанияларын жекешелендіруді аяқтау және электр-энергетика салаларын одан әрі қалыптастыру мақсатында Комитет 2004 жылғы І-тоқсанда “Кейбір аймақтық электр желілері компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, ол 2004 жылғы 26 наурыздағы № КГИП-1-1/2589 хаты арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілді [40, 15 б.].

Қазіргі уақытта республикалық меншікте 177 акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттері бар 123 акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы министрліктер мен ведомстволарға берілді, 54 акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттері Комитеттің иелігінде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы №118 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын (бұдан әрі – Салалық бағдарлама) орындау үшін, акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді есептеу және аударудың уақытылылығы мен толықтылығы мақсатында Комитеттің басшылығымен министрліктер мен ведомстволар акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы оларға берілген акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналыстарын өткізу кестесін бекітті. Ақпарат 2004 жылғы 31 наурыздағы №КГИП-4-4/1618 хаты арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілді [41, 12 б.].

“Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы № 194 өкімін (бұдан әрі - Өкім) орындау үшін “Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы” Үкіметтің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысы қабылданды. Бұдан басқа, Өкімге сәйкес Комитет “Жекешелендіруге жатпайтын мүлікті ұлттық компанияларға беру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, ол қазіргі уақытта келісуге жіберілді [42, 12 б.].

Салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағын орындау үшін Комитет “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 909 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі және ол келісуде (Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғам басқармасының төрағасымен жасалатын Үлгілік келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар; акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтердің уақытылы аударылмауына акционерлік қоғамның бірінші басшысының жауапкершілігін күшейтуді көздейді).

Бұдан басқа, Комитет ұлттық компаниялардың орта мерзімді даму жоспарын әзірлеуге қатысады. 11 ұлттық компанияның Даму жоспарларының жобалары Қаржы министрлігімен келісілді, 4 ұлттық компания Жоспарларының жобалары келісу сатысында. Көрсетілген ақпарат 2004 жылғы 30 наурыздағы № КГИП-4-1/2702 хаты арқылы ЭЖМ-ға жіберілді.

2004 жылғы І-тоқсанда мемлекеттік бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер түсімдері 7 872 мың теңге сомасында жоспарланды. Есепті тоқсанда мемлекеттік бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер түсімдері 33 140 мың теңгені құрады.

2004 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 420 республикалық мемлекеттік кәсіпорын бар, оның ішінде 266-ы – жедел басқару құқығында (РМҚК) және 154-і шаруашылық жүргізу құқығында (РМК).

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен 19 республикалық мемлекеттік кәсіпорын қайта ұйымдастырылды, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18 РМҚК-сы қосылу жолымен 5 ғылыми орталық болып қайта ұйымдастырылды; Қазақстан Республикасы Іс басқармасының “Күйгенжар” РМК-сы мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды.

11 республикалық мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру және тарату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобалары келісу сатысында.

2003 жылдың және ағымдағы жылдың 6 айының қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының есептерін алдағы тыңдауларға дайындық мақсатында 2004 жылғы 31 наурыздағы № КГИП-3-2/1631 хаты арқылы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттеріне министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мүлкінің тиімді және мақсатқа сай пайдалануына тексеруді жүргізу тапсырмасы берілді.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта мемлекеттік басқару органдарына 2005 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің республикалық бюджетке аударымдар нормативін келісу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

2004 жылы мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімі 587 128 мың теңге сомасында көзделді. 2004 жылдың І-тоқсанында мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің аударымдар мөлшері өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 162,4 %-ға көбейді және 283 493 мың теңгені немесе жоспарланған жылдық көрсеткіштің 48,3 %-ын құрады.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті жалға (жалдауға) беру мониторингі “Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы” (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Ереже деректеріне сәйкес министрліктер мен ведомстволар тоқсан сайын ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өздерінің иелігіндегі мүлікті мүліктік жалға беруі жөніндегі жиынтық есептерді береді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 20 министрлік пен агенттіктің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындары 1787 мүліктік жалдау шартын жасады, аумағы 228,6 мың шаршы метр үй-жай, 445 бірлік жабдық және 2,02 мың га жер мүліктік жалға берілді. Ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кірісіне 181 802 мың теңге аударылды.

Республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі объектілерді жалға (жалдауға) беру мониторингі Комитеттің 2001 жылғы 3 сәуірдегі № 72 бұйрығымен бекітілген А-1, А-2, А-3 есептілік нысандарына сәйкес тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттері республика бойынша жалпы аумағы 138,8 мың шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес қордың үй-жайларын мүліктік жалдаудың 1 476 шартын, республикалық меншіктің басқа объектілерін жалдаудың 29 шартын жасады. Республикалық бюджетке 68 241 мың теңге аударылды.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыстар, Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншікті басқару жөніндегі департаменттері коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жлдаудың 6 541 шартын жасады, аумағы 450,7 мың шаршы метр үй-жай, 373 бірлік жабдықты мүліктік жалға берілді. Жергілікті бюджетке 151 121 мың теңге аударылды.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар 600 мүліктік жалдау шартын жасады, аумағы 65,8 мың шаршы метр үй-жай, 291 бірлік жабдық мүліктік жалға берілді, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың кірісіне 30 786 мың теңге аударылды [43, 32 б.].

2004 жылы мемлекеттік бюджетке мемлекеттік меншік мүлкін жалдаудан түсімдер 682 631 мың теңге сомаға жоспарланды. 2004 жылдың І-тоқсанында мемлекеттік меншік мүлкін жалдаудан түсімдер 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21,2 %-ға көбейді және 219 362 мың теңгені немесе жылға жоспарланған көрсеткіштің 32,1 %-ын құрады.

2004 жылдың 1 сәуірінде инвестициялық және басқа міндеттемелерімен сатып алу-сатудың 288 шарты Комитеттің (63 – орталық аппараттың, 225 – Комитеттің аумақтық органдарының) жекешелендіруден кейінгі бақылауында болды.

Жекешелендіруден кейінгі бақылау инвесторлардың шарт міндеттемелерін орындауын тексеруді жүзеге асыруды, жекешелендірілгеннен кейін объектілердің құқықтық, экономикалық, техникалық жай-күйіне талдау жүргізуді; экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген кәсіпорындарды басқару тиімділігінің мониторингін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 мамырдағы № 491 және 2002 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулылары) қамтиды.

Сатып алушылардың қабылдап алған міндеттемелерін орындауына бақылау объектілерге бара отырып, тікелей тексеру арқылы, жекелеген жағдайларда Қаржы бақылау комитетінің аумақтық басқармаларын тарта отырып жүзеге асырылады. Инвестициялық міндеттемелердің орындалуын бағалау үшін ірі және күрделі объектілерге консалтингілік фирмалар жіберіледі. Осы мақсатпен 2004 жылға арналған объектілерді басқарудың тиімділігіне талдауды жүргізу, экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиімділігінің мониторингін, инвестициялық және басқа да міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі консалтингілік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілді. Конкурс қорытындылары бойынша 39 консалтингілік фирмамен бас шарттар жасалды.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Комитеттің аумақтық органдарының 54 келісім-шартының шарттық міндеттемелерінің орындалуына тексеру жүргізілді, оның 6-н – консалтингілік фирмалар, 15-н – Қаржылық бақылау комитетінің аумақтық басқару органдары және 33-н Комитеттің аумақтық органдары жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша 15 сатып алу-сату шарты аяқталды деп танылды, оның ішінде басқа негіздер бойынша бақылаудан 2 шарт алынды.

Осы кезең ішінде орталық аппаратта жекешелендіруден кейінгі бақылау жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізілді, онда 6 сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушылардың міндеттемелерді орындауы туралы есептер қаралды. Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша 3 шарт аяқталды деп танылды, 1 шарт қолданылуын тоқтатты, 2 шарт бойынша инвестициялық бағдарламаны түзету шешімі қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша 2004 жылғы 1 тоқсанда мынадай: “Қазхром” ТҰК”, “Евразиялық Энергетикалық Корпорациясы”, “ССТКБӨ” сияқты акционерлік қоғамдарда қаржы-шаруашылық қызмет пен лицензиялық қызметке талдау жүргізілді. Жүргізілген талдаудың нәтижелері туралы ақпарат 2004 жылғы 1 сәуірдегі № КГИП-2-1/1668 хаты арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілді.


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 497 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ | Анықтамалар | КІРІСПЕ | Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы | Акционерлік қоғамды құру тәртібі | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | Оғам акционерінің міндеттері | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі| ОРЫТЫНДЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)