Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  2. Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері
  3. Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы
  4. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
  5. Акционерлік қоғамды құру тәртібі
  6. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты

Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.

Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды түлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, корпорациялардың эмиссияқ саясаттарын арттыруға жағдайлар туындады. Ал акционерлеудің басты ерекшелігі – ол эмиссиялық саясатты жетілдіруге ат салысуы.

Акционерлік қоғамды құру процессі негізгі екі процессте жүргізіледі: ұйымдасып жатқан акционерлік қоғамды қаржыландыру және акцияны эмиссиялау. Осы процесстердің ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына байланысты халықаралық тәжірибеде акционерлік қоғамның құрылуының симультативті (бірмезгілде) және суксессивті (келе-келе) құрылу ажыратылады.

Акционерлік қоғамды қаржыландыру деп құрылып жатқан қоғамға акциялардың номиналын төлеу үшін капиталды беру операциясы. Басқаша айтқанда, құрылып жатқан акционерлік қоғамды қаржыландыру, яғни әдепкіде ақша қаражатын оның акцияларына салу немесе акцияның номиналына сәйкес алғашқы сатып алу [30, 52 б.].

Егер, құрылуға қаржыландыру- бұл ақша капиталын акцияға салу болса, ал эмиссия оған кері процесс, яғни жариялап сату жолмен бағалы қағаздарға салынған капиталды алу.

Бағалы қағаздардың өмір циклі келесі кезеңдерден тұрады:

- бағалы қағаздардың жаңа шырылымын жасау;

- бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру(алғашқы эмиссия);

- бағалы қағаздардың айналымы(сату- сатып алу);

- қарыздық (облигациялар және т.б.) бағалы қағаздарды өтеу(сатып алу).

Бағалы қағаздар эмиссиясы дегеніміз - акционерлік қоғамдардың құрылған процессінде, сонымен қатар жарғылық капиталдың ұлғаюы немесе қосымша қаржы ресурстарын тарту кезіндегі акцияларды, облигацияларды және басқа да қаржы құралдарын айналымға шығару.

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды:

- эмиссиялық саясаттың теориялық негіздерін қарастыру, оның мәні, мақсатын анықтау;

- эмиссиялық механизмді қарастыру;

- акциялар-акционерлік капиталды қалыптастыру құралы ретінде талдау жүргізу;

- облигацияларға құрылымдық талдау жүргізу;

- Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық саясатты жетілдіру жолдарын қарастыру. Сонымен қатар,эмиссия саясатының өнімдерін талдау.

«Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамының несиелік саясаты туралы нағыз Меморандум (әрі қарай – Меморандум) «Қазақстан даму банкі» акционердік қоғамының (әрі қарай – Даму Банкі) лизингілік қызметтерін жүзеге асыру барысында несиелік саясаттың және саясаттың негізгі қағидалары мен басымдылығын анықтайды, қаржы салымы басымдылықтарын, несие қаражаттарын тартуға арналған көлемдік шектеулер, лимиттер, бағытар, мүмкін шарттар, несиелеу және лизингті өткізу тәртібі мен мерзімі, өзіндік капиталды орналастыру, ортақтаса қаржыландыру, кепілдіктерді, тапсырмаларды және қаражат түрінде (әрі қарай – кепілдік) орындауды қарастыратын басқа да міндеттемелерді беру, агент функциясын орындауды бекітеді.

Меморандум тұжырымдамалық және бекітіп тұратын сипатты болады және Даму Банкімен Даму Банкі ішкі құжаттамаларымен бекітілетін, қаржылық тәуекелдермен басқару және активтер мен пассивтермен басқару, кірме саясаты, ішкі несиелік саясатты анықтау үшін негіз болып қызмет етеді [31, 12 б.].

Қаржы жобасын сұрыптау барысында басымдылық өнімнің қазақстандық өндірушілермен шығарылатын бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ететін, шығыс тұрғысынан сыртқы нарыққа перспективалығы, қосылған құн мен жоба технологиялық және экономикалық тізбектерін алдын-ала дамыта отырып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құратын, өндірістердің бүтін жүйесін құруға бағдарланған жобаларға берілуі керек.

Шет елде жүзеге асырылатын жобалар үшін, басымдылық келесілерге берілуі керек: Қазақстандық тауар өндірушілерінің шет елден өндірістік нысандарды иемденуі, шикі заттар мен жартылай өңделген өніммен қоса, олардың дамуын қамтамасыз ететін немесе өндірісті өңдейтін, қазақстандық кәсіпорындармен технологиялық байланысты жобаларға; Қазақстандық өнімдер экспорынынң ұлғаюына және алға жылжуына, Қазақстан Республикасы транзиттік әлеуетінің дамуына әсер ететін, жобалар инфрақұрылымы; Қазақстан Даму Банкі несиелерін қамтамасыз етуде заем жинаушы елдердің мемлекеттік кепілдіктері ұсынылатыны бойынша, Қазақстан Республикасынының бейрезиденттерінің жобаларымен Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстан Даму Банкіне ұсынылғандар; Даму Банкі нағыз пункт талаптары есебімен, акцияның бақылау пакеті Даму Банкіне тиесілі (әрі қарай – еншілес ұйымдар – лизинг беруші) лизинг беруші-ұйымдарымен лизингілік қызметтерді жүзеге асыру үшін қаржы салымы басымдылықтарын бекітіледі.

Даму Банкі өзінің қызметінде қаржыландырудың келесі түрлерін қолданады: Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіру, сонымен қатар, қаржы салымы жобаларын ортақ қаржыландыру; Экспорттық операцияларды ортақ қаржыландырумен қоса, несиелеу; Қаржы салымы жобаларын ортақ жобалық қаржыландыру; Қаржы салымы жобаларын жобалық қаржыландыру; Даму Банкі (әрі қарай-лизинг беруші ұйымдар) қатысатын, жарғылық капиталдағы лизинг-беруші ұйымдарды несиелендіру); қаржылық лизинг, қаржы салымы жобалары мен экспорттық операцияларды және қаржы салымы жобаларын сұрыптау негізгі тұжырымдамалары; Даму Банкі қаржы салымы жобадарын және экспорттық операцияларды сұрыптау барысында келесілер негізгі тұжырымдама:

- нағыз Меморандуммен анықталған, басымдылықпен қаржы салымы жобаларының сәйкес келуі;

- рентабельділігі және өзін-өзі ақтауы;

- жобаны жүзеге асыру шешімінде құрылатын, өнім өткізу мүмкіндігі, және шикі зат базасының жеткіліктілігі;

- жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негіздемесі және қаржылық лизингтің нысанын сатып алу;

- экологиялық талаптарды сақтау;

- институтты жұмыс істеу, білікті менеджменттің барлығы;

- ұсынылатын несие құралын немесе лизингтік келісімнің тәуекелдерін жабумен қамтамасыз етудің барлығы;

- қарыз алушыдан талап етілетін талаптардың орындалуы (несие мүмкіншілігі, төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық және т.б.).

Даму Банкі несиелейтін Шектеулі несиелеу «Қазақстан Республикасының Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 15-бабында орнатылған шектеулерді ескеру арқылы жүргізіледі. Сыйақы тағайындау мөлшері және тарифтер. Даму Банкі ұсынатын қарыздар мен қаржылық лизингтерге сыйақы тағайындау мөлшері Даму Банкінің қарызға алынған және операциялық шығыстардың орташа құнын есепке алу арқылы саналады. Даму Банкінің қарызға алудың орташа құны, сыйақы тағайындаудың шектік (жоғары және төмен) мөлшерлері, тарифтер мен комиссияларды Директорлар кеңесі бекіткен тәртіпте Даму Банкінің активтер мен пассивтерді басқару комитеті белгілейді. 5 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы инвестициялық жобалар, экспорттық операциялар бойынша және лизинг беруші ұйым ұсынатын қарыздар бойынша сыйақы тағайындау мөлшері туралы шешім Директорлар кеңесімен Даму Банкінің Несие комитетінің шешімін ескере отырып қабылданады. Еншілес лизинг беруші ұйымның лизингтік қызметін жүзеге асыруда сыйақы тағайындау мөлшеріне қатысты талаптар Даму Банкімен аталған тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленеді [32, 62 б.].

1) Несиелеу мерзімі мен валюта:

Инвестициялық жобаларды несиелеуде қарыздарды берудің мына мерзімдері белгіленеді: орта мерзімді инвестициялық қарыздар (5 жылдан 10 жылға дейін);

Ұзақ мерзімді инвестициялық қарыздар:

(10 жылдан 20 жылға дейін) инвестициялық жобаларды несиелеу ұлттық валютада және шетел валютасында инвестициялық жобалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2) Несиелеу көздері:

Инвестициялық жобаларды несиелеу үшін қарыз қаражат пайдаланылады, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің қарыздары, сондай-ақ Даму Банкі мемлекеттік кепілдік негізінде алынған қарыздар пайдаланылады.

4) Қаржыландырудың төменгі сомасы:

инвестициялық жобалар бойынша Даму Банкі ұсынатын қарыздың төменгі сомасы 5 млн. АҚШ долларына балама көлемдегі белгіленеді.

Несиелеу, қаржылық лизинг немесе кепілдеме беру жағдайында Даму Банкі мен еншілес ұйым-лизинг берушінің өзара ұсынатын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың төменгі сомасы 5 млн. АҚШ доллары балама көлемінде белгіленеді.

Несиелеу, қаржылық лизинг немесе кепілдеме беру жағдайында Даму Банкі мен еншілес ұйым-лизинг берушінің өзара ұсынатын инвестициялық жобаларды қаржыландырған жағдайда аталған тармақшаның бірінші бөлігіндегі талаптар Даму Банкіне таралмайды.

4) Шешімдерді қабылдаудың тәртібі:

Банк сараптамасының нәтижесі бойынша оң қорытынды алған инвестициялық жобаны несиелеу мәселесі Даму Банкінің Несие комитетінің қарауына ұсынылады. Даму Банкінің Несие комитеті оң шешім қабылдағанда, инвестициялық жобаны несиелеу мәселесі Даму Банкінің Директорлар Кеңесіне жобаны қаржыландыру туралы шешімді қабылдау үшін қарауға беріледі.

Экспорттық операцияларды несиелеу

1) Несиелеудің мерзімі және валюта

Экспорттық операцияларды несиелеуде мерзім экспорттық операциялардың талаптарына байланысты анықталады.

Экспорттық операцияларды несиелеу ұлттық валютада және шетел валютасында экспорттық операцияның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2) Несиелеу көздері [33, 72 б.].

Экспорттық операцияларды несиелеу үшін: мемлекеттік бюджеттегі қарыздарды қоспағанда, қарыз қаражаттар; Даму Банкінің жарғылық қорындағы оның көлемінен 20% аспайтын көлемдегі қаражат.

3) Несиелеудің төменгі сомасы

Даму Банкі ұсынатын экспорттық операциялар жөніндегі қарыздың төменгі сомасы 1 млн. АҚШ долларына балама көлемде белгіленеді.

Даму Банкінің несие портфеліндегі экспорттық операцияларды несиелеудің үлесі Директорлар кеңесімен анықталады.

4) Шешімді қабылдау тәртібі

Банк сараптамасының нәтижесі бойынша оң қорытынды алған экспорттық операцияларды несиелеу мәселесі Даму Банкінің Несие комитетінің қарауына ұсынылады. 5 млн. АҚШ долларынан аспайтын сомадағы балама экспорттық операцияларды несиелеу бойынша шешім Даму Банкінің Несие комитетімен қабылданады. 5 млн. АҚШ долларынан аспайтын сомадағы балама экспорттық операцияларды несиелеу бойынша шешім Даму Банкінің Несие комитеті оң шешім шығарғанда, Директорлар Кеңесіне экспорттық операцияларды қаржыландыру туралы шешімді қабылдау үшін қарауға беріледі. Лизингтік келісімдерді жасау.

1) Қаржылық лизинг шартының мерзімдері және валюта.

Қаржылық лизингтің шартын жасағанда мына мерзімдер белгіленеді:

- орта мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейін);

- ұзақ мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін). Лизингтік келісімдер ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырылады.

2) Қаржыландыру көздері

Лизингтік келісімдерді жүргізу үшін қарыз қаражат, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен алынатын қарыз пайдаланылады.

3) Лизингтік келісімнің төменгі сомасы

Даму Банкі жүзеге асыратын лизингтік келісімнің төменгі сомасы лизинг беруші ұйымның лизингтік келісімдерді жүргізу лимитінен аспайтын көлемде, Даму Банкі иелік ететін жарғылық капиталда жүз пайыз үлесте (барлық акциялармен) белгіленеді.

Акционерлік қоғамның мүлкі оған меншік құқығында тиесілі. Акционерлік қоғамның акцшшары акционерлерге меншік құқығында тиесілі. Мемлекетке немесе мсмлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі акциялар пакетінің молшеріне қарамастан акционерлік қоғамның мүлкі сол акционерлік қоғамның оннің жеке меншігі болып саналады. Акционерлік қоғамда ез қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлік болады, өз міндеттемелері бойынша оз мүлкі шегінде жауап береді жәнеөз қатысушыларының міңдеттемелері бойынша жауап бермейді (АК-ның 85-бабының 2-тармағының 1-бөлігі).

Заң актілерінде акционерлердің акционерлік қоғамдардың борыштары бойынша жауап беретін жағдайлары көзделген (АК-ның 85-бабының 1-тармағы). Мысалы, АК-ның 85-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне сәйкес "корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді".

Акционерлік қоғамның мүлкінің негізін жарғылық капитал құрайды. Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшылар анықтайды, бірақ ол айлық есептік көрсеткіштің 50000 есе мөлшерінен кем болмауға тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 10-бабы). Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың тікелей акцияларды төлеуі және үшінші жаққа акцияларды сатуы арқылы қалыптасады (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабының 1-тармағы).

Акционерлік қоғам акционерлердің жалггы жиналысының шешімі бойынша жарғылық капиталды акциялардың нақты құнын арпыру немесе қосымша акциялар шығару арқылы ұлғайта алады. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін жол беріледі. Акционерлік қоғам шығынға ұшыраса, заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде, акциялар эмиссиясын жүзеге асыруға құқылы емес. Егер акционерлік қоғам акцияларды немесе акцияға айырбасталатын басқа бағалы қағаздарды шығару жөніндегі өз ниетін хабарласа, онда ол бұл жаңа акцияларды немесе акцияға айырбасалатын басқа бағалы қағаздарды, заңда белгіленген тәртіпте, өз акционерлеріне, оларда бар акцияларға бара-бар сатып алу құқығына сәйкес, тең жағдайларда ұсынуға міндетті. (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 16-бабының 1-тармағы).

Акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздароның бұл қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелері болып табылады. Міндеттемелер пассив құрайды, ол акционерлік қоғамның баланстық мүлкі есебінен жабылады. Акционерлік қоғам атаулы акциялар, купоңдық және дисконттық облигациялар, басқа да айырбасталатын бағалы қағаздар, туыңды бағалы қағаздар, опциоңдар шығара алады. Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеу формасын, тәсілін және тәртібін акционерлік қоғамның жарғысы немесе бағалы қағаз шығарғанда заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескерілген проспект анықтайды. Өз кагшталының мөлшері теріс болса немесе өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде теріс болып қалса, банкроттық туралы заңға сәйкес қоғам төлемге қабілетсіздік немесе дәрменсіздік белгілеріне сай келсе, не бұл белгілер қоғам дивидендтер төлегеннен кейін пайда болса, акционерлік қоғам акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқылы емес (АК-ның 91-бабы) [4, 28 б.].

Акционерлік қоғам меншігінің объектілерін иелену, пайдалану және оларға билік ету жағын оның органдары жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Мүлікті пайдаланудың маңызды мәселелерін шешу тек соның ғана құзырында. Жиналыстар аралығында меншік иесінің құқық леттігін директорлар кеңесі, сондай-ақ алқалық (басқарма) және жеке (директор, бас директор, президент) атқарушы органдар жүзеге асырады.

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 341 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ | Анықтамалар | КІРІСПЕ | Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы | Акционерлік қоғамды құру тәртібі | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | Оғам акционерінің міндеттері | ОРЫТЫНДЫ | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам| Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)