Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы

Читайте также:
  1. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  2. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  4. АЗАҚСТАН ТАРИХЫ
  5. Азақ тілі. Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі
  6. Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда оның міндетемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланаған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жаупты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді.

Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе.

Акционерлік қоғамның құқықтық ережелері, акционерлердің құқықтарымен міндеттері ҚРАК-нің заң құжаттарына сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың құқықтық ережелерінің ерекшеліктері заңдармен белгіленеді[4, 22 б.].

Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. 10 шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтгық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді.

Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудің сәті келмей отыр.

Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлтгық Банктің техникалық нормаларын асқақтатьш, заң техникасының талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сол түзетілген ағылшын-америкаңдық моделін дәстүрлі континенттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты.

Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық зандар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді.

Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы. Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық жөне құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды.

Алайда қазіргі кезде де "оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтандыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу құқығы" (АҚ туралы заңының 86-бабының 6-тармағы), "қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабының 1-тармағы), "халықтық акционерлік қоғам" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабы), "жарияланған акцияларын билік етуді шектеу", "қоғамның акцияларға мәжбүрлеп алып қою" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабы) секілді кейбір құқықтық нысандардың акционерлік заңдардан орын алуы орынсыз болып көрінеді [2, 15 б].

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 85-бабының 1,2-тармақшаларына сәйкес, "өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады" [4, 19 б.].

Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойьшша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойьшша жауап бермейді.

Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Корпоративтік (бірлескен) жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді (ҚРАК-ның 85-бабы) [4, 19 б.].

Акционерлік қоғам – коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны.

Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (ҚРАК-ның 85-бабының 5-тармағы). Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар [4, 19 б.].

Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді.

Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала белгіленген адамдар арасында бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша жабық қоғам болып есептелетін (2003 ж. 16 мамырға дейінгі АК-ның 86-бабының 3-тармағы).

Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойьшша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойьшша жауап бермейді.

Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Корпоративтік (бірлескен) жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді (ҚРАК-ның 85-бабы) [4, 19 б.].

Акционерлік қоғам – коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық қоғам шығарған акцияларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы.

Ашық қоғам заңда көзделген тәртіп пен баспа сөз басылымдарында кірістер мен шығындар туралы жылдық және тоқсандық баланстармен есептерді жарияалауға міндетті.

Акцияларды оның құрылтайшылары және алдын ала белгіленген адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғам өздері шығарған акцияларды тек жабық әдіспен орналастыруға құқылы.

Жабық акционерлік қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акциоенрі оларды қоғамның басқа қатысушыларына, ал олар бас тартқан жағдайда - қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті.

Жабық акционерлік қоғамның акцияларын сату рәсімінің ерекшеліктері заң актілерінде айқындалады.

Жабық акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында өз әрекетімен қоғамның мүдделерін елеулі түрде бұзған қатысушының акцияларын қоғамның сот тәртібімен мәжбүрлеп сатып алу мүмкіндігі көзделуі мүмкін.

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында заңда белгіленген тәртіп пен есептелген капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда заң актілерінде олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкідігімен негіздемелері көзделуі мүмкін.

Жабық қоғамдар мемлекеттік монополияларды сақтау үшін немесе үшінші тұлғалардьщ енуін шектеу үшін құрылатын. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның негізгі мақсаты болудан қалды да, тұлғалық жағдай алдыңғы қатарға шықты.

Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз. Онда тұлғалық элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым түсіп отырды.

2003 ж. 16 мамырдағы Заң бойынша АК-ның жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заңда да жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүру мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар заңды тұлғаның мұндай ұйымдық құқықтық нысанынан бас тартуға бел байлады деген қорытынды шығады. Сондықтан 2003 ж. 16 мамырдан кейін құрылған жабық акционерлік қоғамдар жарамыз деп танылады, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға өзгертілуі немесе 2005 ж. 16 мамырға дейін таратылуы тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 90-бабыньщ 2-тармағы).

Ашық қоғамдар - акционерлік қоғамның барынша табиғи жөне кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері акционерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады. Ашық қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатьш алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін (АК-ның 85-бабының 3-тармағы).

Жалпы ереже бойьшша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегінде акционерлер бола алтын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатьш алуға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 5-бабының 2-тармағы).

Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда 1998 ж. бастап қоғамның жаңа нысаны - халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері жөне акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган Ұлттық Банк болып табылады. Ұлттық Банк, сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылу тәртібін де белгілейді.

Қоғам:

1) ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа қоғам қосылған жөне одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда);

2) өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде айлық есептік көрсеткішінің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған;

3) акционерлердің саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мөртебесінен айырылады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4-бабының 1, 2- тармақтары).

Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлекеттің қолында болады.

Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің контрагентермен қатынастарында мемлекеттік органның және коммерциялық ұйымдардың атқаратын қызметін үйлестіреді және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар, Үкіметтің бірқатар қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады [5, 82 б.].

Акционерлік қоғамға оранған ұлттық компания, шын мәнінде, заңды тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю.Г. Басин. Мүмкін, уақыт өте келе, заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны – ұлттық компанияны мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамдардың таратылуына байланысты мемлекет ұлттық компаниялардың қандай жариялық-құқықтық нысанға өзгеруі керектігін шешуі тиіс [6, 12 б.].

Акционерлік қоғамның мүлкі оған меншік құқығында тиесілі. Акционерлік қоғамның акциялары акционерлерге меншік құқығында тисілі. Жалпы ереже бойьшша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегінде акционерлер бола алтын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатьш алуға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 5-бабының 2-тармағы).

Акционерлік қоғамдар туралы заңдарда 1998 ж. бастап қоғамның жаңа нысаны - халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері жөне акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган Ұлттық Банк болып табылады. Ұлттық Банк, сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылу тәртібін де белгілейді.

Мемлкетке немесе мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі акциялар пакетінің мөлшеріне қарамастан акцианерлік қоғамның мүлкі сол акцианерлік қоғамның өзінің жеке меншігі болып саналады.

Акционерлік қоғамда өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлік болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді (АК-ның 85-бабының 2-тармағының 1-бөлігі).

Заң актілерінде Акционерлердің акцианерлік қоғамдардың борыштары бойынша жауап беретін жағдайлары көзделген (АК-нің 85-бабының 1-тармағы). Мысалы, АК-нің 85-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне сәйкес «корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді».

Акционерлік қоғамның мүлкінің негізін жарғылық капитал құрайды. Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшылар анықтайды, бірақ ол айлық есептік көрсеткіштің 50000 есе мөлшерінен кем болмауға тиіс. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың тікелей акцияларды төлеуі және үшінші жаққа акцияларды сатуы арқылы қалыптасады. Жалпы ереже бойьшша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегінде акционерлер бола алтын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатьш алуға құқылы.

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 433 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ | Анықтамалар | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | Оғам акционерінің міндеттері | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам | Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі | Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері | ОРЫТЫНДЫ | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Акционерлік қоғамды құру тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)