Читайте также:
|
|
Қоғам жарияланған акциялардың шығарылуын мемлекеттік тіркеу үшін оның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарияланған акциялар санын кобейту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде құжаттарды табыс етуге міндетті.
Қоғам акционерінің міндеттері:
1) акцияларды төлеу;
2) осы акционерге тиесілі акцияларды тіркеуші мен нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлау;
3) қоғамның не оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де қүпия болып табылатын ақпаратты жария етпеу;
4) заң актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындау [20, 82 б.].
Егер қоғамның жарғысында бұл мәселе акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылмаса, қоғамның акцияларын оның жарияланған акциялары саны шегінде орналастыру туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуден кейін орналастыруға құқылы. Акцияларды орналастыру аукциондар, жазылым арқылы жүзеге асырылады. Халықтық акционерлік қоғамның өз акцияларын жазылым арқылы орналастыру құқығы жоқ. Қоғамның жазылым арқылы орналастырылатын акциялары директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы бойынша сатылуға тиіс, бұл орайда акцияларды орналастыру бағасы осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алушы барлық тұлғалар үшін бірыңғай болуға тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 18-бабы).
Акционерлердің қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды орналастыру ниеті бар қоғам оларды сатқанға дейін отыз күн ішінде жазбаша хабар жіберу немесе баспасөз басылымында жариялау арқылы өз акционерлеріне тең жағдайлармен, өздерінде бар акцияларға барабар, бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген баға бойынша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті. Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетін акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.
Ационерлік қоғам акциялардан басқа облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 3-бабының 4-тармағы және 12-бабының 6-тармағы). Бағалы қағаздардың өзге түрлерінің бірі - опцион. Опцион дегеніміз - белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін опциоңда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады. Мысалы, қоғам өзі шығаратын акцияларды сатып алуға опциоңдар жасасуға құқылы.
Акционерлік қоғам өзінің белгілі бір мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген, үшінші тұлғалардың кепілдіктерімен қамтамасыз етілген облигациялар, қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлік қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы (АК-ның 91-бабының 3-тармағы).
Жарғыда айырбасталатын бағалы қағаздар шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Айырбасталатын бағалы қағаз дегеніміз - бұл акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырмашылық шегінде жол беріледі.
Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеудің нысаны, әдісі және тәртібі акционерлік қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар эмиссиясының (шығару шарттары) проспектісімен заң акгілеріңде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырын белгіленеді (АК-ның 91-бабының 4-тармағы).
Акция құжатсыз бағалы қағаз болып табылатындықтан, акционердің құқықтарын дәлелдеу үшін Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізімінің айрықша маңызы бар. Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауға тиісті тіркеушісі ғана қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімін жасауды, жүргізуді және сақтауды жүзеге асыра алады. Қоғам өзінің тіркеушісімен қоғамның акіщяларын ұстаушылар тізілімін жасау, жүргізу және сақтау қызметін көрсету жөнінде шарт жасасуға міндетті.
Акционерлік қоғамның қызметі оның органдары арқылы жүзеге асырылады. Мыналар қоғамның органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғы-сында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға. Халықтық акционерлік қоғамда атқарушы орган тек алқалы болуға тиіс;
4) өзге де органдар (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 33-бабының 1-тармағы).
Акционерлік қоғамның жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады (АК-ның 92-бабының 1-тармағы). Жалпы жиналысты басқару органы - директорлар кеңесі немесе атқарушы орган шақырады. Көптеген мәселелер бойынша шешімдер дауыстардың жай көпшілігімен, ал неғұрлым маңызды мәселелер бойынша - білікті көпшілік арқылы қабылданады. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 37-бабының 5-тармағы акционерлердің құқықтарын қорғайды, ол бойынша, қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жыддық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін. Егер қоғамның органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін. Сот жиналысты өткізу уақыты мен орнын, оның күн тәртібін, қоғамның акционерлеріне жіберетін хабарламасының мазмұнын, жалпы жиналыстың мақсатына жетуге қажетті негізгі жағдайларда анықтау мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзіретіне мынадай мәселелер жатады:
1) қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясыңда бекіту; [21, 28 б.].
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
3) қоғамның жарияланған акцияларының снын өзгерту туралы шешім қабылдау;
4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) директорлар кеңесінщ сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мелшері мен талаптарын айқындау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
7) жылдық қаржылық есеп-қисабын бекіту;
8) қоғамның есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және жылдың қорытындылары бойынша қоғамның бір жай акциясына шаққаңдағы дивиденд мөлшерін бекіту;
9) қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
10) Акционерлік қоғамдар туралы заңның 36-бабының 1-тармағына көзделген өзге де жағдайларда шешім қабылдау.
Осы баптың 1-тармағының 1-3-тармақшаларында аталған мәселелер бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендіру қорын қайта құру нәтижесінде құрылған қоғамда - қоғамның жиналыста өкілдік еткен дауыс беретін акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Егер осы Заңда немесе қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, жалпы жиналыстың өзге меселелер бойынша шешімдері дауыс беруге қатысушы дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзіретіне беруге жол берілмейді. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
Акционерлік қоғамда міндетті түрде директорлар кеңесі құрылады, ол акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспаганда, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Заң актілерінде белгіленген жағдайларда бір акционері ғана болатын акционерлік қоғамда оны директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Қоғамның директорлар кеңесінің айрықша құзіретіне мынадай меселелер жатады:
1) қоғам қызметінің басым бағыттарын белгілеу;
2) акционерлердің жыддық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
3) қоғамның акцияларын орналастыру жене олардың жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылу бағасы туралы шешім қабылдау;
4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы туралы шешім қабылдау;
5) қоғамның жылдық қаржы есебін алдын ала бекіту;
6) жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есептік қаржы жылы үшін төленетін дивидендтерді қоспағанда, бір жай акцияға төленетін дивидендтің мөлшерін айқындау туралы шешімдер қабылдау;
7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талапттарын айқындау;
8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; [22, 29 б.].
9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық жалақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;
10) қоғамның жарғысында көзделген, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатпайтын өзге де мәселелер.
Директорлар кеңесінің айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді атқарушы органның шешуіне беруге болмайды. Қоғамның жарғысына сәйкес оның атқарушы органының құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ. Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 53-бабы).
Тіпті осы акционерлік қоғамның мүшесі болып табылмайтын кез келген азамат директорлар кеңесіне мүше бола алады. Директорлар кеңесінің мүшелерін жыддық жалпы жиналыс сайлайды. Директорлар кеңесінің саңдық құрамы кем дегенде үш (халықтық акционерлік қоғамда - кем дегенде бес) адам болуға тиіс (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 54-бабы). Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы оның мүшелері арасынан сайланады (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 56-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Егер жарғыда өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесінің шешімдері директорлар кеңесінің отырысқа қатысқан мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабыдданады. Дауыстар саны тең болған кезде директорлар кеңесі төрағасының немесе директорлар кеңесінің отырысында төрағалық етуші адам даусының шешуші дауыс болуы қоғамның жарғысында көзделуі мүмкін (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 58-бабының 2-тармағы). Акггионерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің өкілеттігі кез келген негіз бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның күнделікті қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы органалқалы немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін (АК-ның 92-бабының 5-тармағының 1-бөлігі). Атқарушы орган заң актілерімен және қоғамның жаргысымен басқа органдардың және қоғамның лауазымды адамдарының құзіретіне жатқызылмаған кез келген қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдаута құқылы. Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Атқарушы қоғамның мүшесі осы қоғамның акционері болуға міндетті емес. Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істей алады. Атқарушы орган мүшесінің қызметі, құқықтары мен міндеттері Акционерлік қоғамдар туралы заң, қоғамның жарғысы, сондай-ақ осы адамның қоғаммен жасасатын жеке еңбек шарты арқылы айқындалады.
Егер артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтерді қоспағанда, дивидендтер төлеу жөніндегі шешім акционерлердің жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен қабылданған болса, оңда қоғамның акциялары бойынша дивидендтер ақшамен немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді оның бағалы қағаздарымен төлеуге мынадай жағдайларда ғана жол беріледі: мұндай төлеу қоғамның жарияланған акцияларымен және шығарған облигацияларымен, оның үстіне, акционердің жазбаша келісімімен жүргізіледі [23, 12 б.].
Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің мерзімділігін қоғамның жарғысы және (немесе) акция шығару проспектісі айқындайды. Мынадай жағдайларда қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жол берілмейді:
1) өз капиталы теріс мөлшерге жеткенде немесе егер қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде өз капиталының мөлшері теріс шамаға айналғанда;
2) егер қоғамда төлем қабілетінің жоқтығы байқалса не онда өзінің акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде көрсетілген белгілер пайда болса;
3) егер сот немесе акционерлердің жалпы жиналысы арқылы қоғамды тарату туралы шешім қабылданған болса.
Жылдық қорытындысына қарай қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жыддық жалпы жиналысы қабылдайды. Егер бұл жағдай қоғамйың жарғысында көзделсе, тоқсанның немесе жарты жылдың қорытындысына қарай қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу мәселесі дирекгорлар кеңесінің шешімімен жүргізіледі. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім ол қабылданғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішіңде баспсөз басылымыңда жариялануға тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі шешім қабылданған күннен кейінгі он күн ішінде баспасөз басылымында міндетті түрде жарияланатын, қоғамныңжай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойышна дивидендтер төлеу, кез келген дивидендтерді төлеуге тыйым салынатын жоғарыда аталған жагдайлардан басқа реттерде, қоғам органының шешім шығаруын талап етпейді. Дивидендтер төлеу мерзімділігін және бір артықшылықты акцияға төленетін дивиденд мөлшерін қоғамның жарғысы белгілейді. Артықшылықты акциялар бойышпа есептелетін дивидендтер мөлшері осы кезеңде жай акциялар бойынша есептелетін дивидендтер мөлшерінен кем болмауға тиіс. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленіп болмайынша, оның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жүргізілмейді [25, 29 б.].
Қоғамның акцияларымен мәмілелер жасауды кейбір ережелер реттейді. Ең алдымен, акционерлердің қоғам акцияларын сатуына қоғамның кедергі жасау құқығы жоқ. Акционер бұл жөнінде қоғамды хабардар етпестен, акцияларын кез келген тұлғаға сатуға құқылы. Қоғам өзінің акцияларын сатқысы келетін тұлғаға оларды қоғамның өзі немесе үшінші тұлғалар ұсынылған шамадан артық бағамен сатып алғысы келетіні жөнінде ұсыныс қана жасай алады. Алайда, акционердің мұндай ұсынысты қабылдамау құқығы бар.
Акционерлік заңдар акциялармен мәмілелер жасау туралы ережелерді түжырымдауда және басқа да бірқатар жағдайларда әр түрлі тұлғалардың өзара байланыстылығын білдіретін терминді пайдаланады.
Қоғамның аффилиирленген (қосылма) тұлғасы- шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) акционерлік қоғам қабылдайтын шешімге, оның ішіңде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілтен өкжеттіктер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты акционерлік қоғамның осындай құқығы бар кез келген тұлға.
Жеке өзі немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге бағалы қағаздардың қайталама рыногынан қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп пайызын сатып алу ниеті бар адам бұл жөнінде қоғамды және бағалы қағаздар рыногына реттеу мен қадағалау жүргізетін мемлекеттік органға хабарлауға міндетті.
Әлде бір тұлғаның (немесе өзара байланысты тұлғалар тобының) қоғам акцияларының отыз және одан да көп пайызын сатып алуы белгілі бір дәрежеде қалған аюшонерлердің мүдделеріне нүқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан оларды қорғау мақсатында заң шығарушылар акционерлердің өз акцияларын отыз және одан да көп пайызын сатып алушыларға сату және, тиісінше, сатын алушының онымен бірге бизнес жүргізуді жалғастыруды қаламайтындардың барлығының акцияларын сатын алу құқығын да көздеген. Бағалы қағаз қайталама рыногынан қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп пайызын сатып алған тұлға оны сатып алудан кейінгі отыз күн ігдінде қалган акционерлерге қолындағы акцияларын сату жөніндегі ұсынысты баспасөз басылымында жариялауға міндетті. Акционер өзіне тиесілі акцияларды оларды сату жөніндегі ұсынысты ол жарияланған кезден бастап отыз күн ішіңде қабылдауға құқылы. Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сату туралы жазбаша келісімі алынған жағдайда, оны сатып алу туралы ұсыныс жариялаған тұлға отыз күн ішінде акдиялардың құнын төлеуге міндетті. Акцияларды сатып алудың аталған тәртібі сақталмайтын жағдайда қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп пайызын иеленетін тұлға (тұлғалар) өзімен (өздерімен) аффилиирленбеген тұлғалармен өзіне (өздеріне) тиесілі акциялардың бір бөлігін (қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын) иеліктен шығаруға міндетті. Аталған ереженің қоғамды кагшталдарды біріктіру нысаны ретінде түсінуге сай келмейтінін атап айту керек. Бұл ереже тұлғалық жағдайға бейім, мұның өзі мұндай ереже қалыптасқанда, қоғамның шаруашылық серіктестікке қарай бет бұратынын көрсетеді [26, 18 б.ліспейтін болса, оған өзінің акцияларын сатып алуды міндеттеуі мүмкін. Қоғам акционердің талап етуімен орналастырылған акцияларды сатып алуы тиіс, акционер мұндай талапты акционерлердің жалпы жиналысы мынадай шешімдер қабылдағанда қоя алады:
1) қоғамды қайта ұйымдастыру (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердің жалпы жиналысына қатысыл, оған қарсы дауыс берсе);
2) қоғамның ірі мәміле немесе мүдделі тұлғалардың қатысуымен мәміле жасасуы (егер акционер осындай шешім қабылдау туралы мәселе қаралған акционерлердің жалпы жиналысына қатысын, оны қабындауға қарсы дауыс берсе);
3) қоғамның жарғысына осы акционерге тиесілі акциялар бойынша құқықтарды шектейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жөнінде шешімдер қабылдаған жағдайда.
Акционерлердің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде акционер өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы талап қоюға құқылы. Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сатып алуға міндетті.
Акционердің қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығы бар. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды. Егер кепіддің талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердің дауыс беруге және өзі кепілге салған акция бойынша дивидендтер алу құқығы болады. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды: 1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген; 2) қоғамның бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепілге берілетін және оның кепілінде жатқан бағалы қағаздардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес пайызынан аспаған; 3) егер қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, кепіл туралы шартты директорлар кеңесі мақүлдаған жағдайда ғана кепілге қабылдай алады.
Ірі мәмілеқоғамның тағдырына әсер ете алатындықтан, заң шығарушылар оны жетілдіру жөнінде бірқатар талаптар қояды. Мыналар:
1) нәтижесіңде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлгдерінің жиырма бес (халықтық акционерлік қоғамда - он) және одан да көп пайызы болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен айыратын мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
2) нәтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес (халықтық акционерлік қоғамда - он) және одан да көп пайызы мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле ірі мәміле деп танылады [27, 22 б.].
Мыналар 1) белгілі бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты белгілер бір тұлғамен не сол тұлғаның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын бірнеше мәміле; 2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен рәсімделген мәмілелер; 3) жарғынен немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер деп танылатын өзге де мәмілелер өзара байланысты мәмілелер деп танылады.
Қоғамның ірі мәмілені жасасуы туралы шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Қоғамның ірі мәміле жасау туралы шешімін бекітуді акционерлердің жалпы жиналысы жүзеге асырады. Акционерлердің жалпы жиналысына ірі мәмілені жасау туралы шешімді бекітуге қажетті акдаратты (құжаттардың қосымшаларымен бірге) атқарушы орган табыс етеді. Акционерлердің жалпы жиналысының қатыспаған қоғам кредиторлары мен акционерлеріне хабарлау мақсатында қоғам акционерлердің жалпы жиналысы ірі мәмілені жасасу туралы шешімді бекіткеннен кейін бес күн ішінде мәміле туралы хабарды баспасөз басылымында жариялауға міндетті. Ірі мәміле жасасу туралы шешімге қарсы дауыс берген акционер өзіне тиесілі акцияларды қоғамның осы заңы белгілеген тәртіппен сатып алуын талап етуге құқылы.
Қоғамның салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі түзілетін жағдайда мемлекет акционерлік қоғамға қолданылатын бірқатар шараларды көздеген. Егер мұндай берешекті төлеу мерзімі үш айдан өтіп кетсе, онда салық органы жарияланған акцияларга билік етуді шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қоғамның жарияланған акциялары болмайтын немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болатын жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызын, кейіннен оларды орналастыру арқылы өткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Қоғамның қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен межбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мөжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабы).
Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғмды қайта құрудың және таратудың езге негіздері мен тәртібі АК-мен және заң актілерімен белгіленеді. Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серікгестік немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы (АК-ның 93-бабы).
Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 214 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы | | | Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам |