Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп

Читайте также:
  1. Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі
  2. Емдеу және реабилитациясы.
  3. Жұмыс уақытындағы ішкі және сыртқы ақпараттарға қойылатын тәртіппен, шектеулермен танысу.

Аурухананың тамақ бөлімдеріне арналған қолданыстағы санитарлық ережесінде қаралған тағамның құрылысы, дайындауы және ұстау талабы қатаң бақылану керек.

Тамақ бөлімдерінің көрнекті жерінде Санитарлық ереже ілулі тұру керек. Бұл ереже аурухана басшылығы мен аурухананың тамақ бөлімінде жұмыс істейтін әр жұмыскерге мәлімет болып табылады.

Тамақ блоктарының буфет және тарату жұмыскерлерінің медициналық бақылау мен тексеруі медициналық байқаудың қолданыстағы міндетті нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

Тамақ даярлаушылар санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

Тамақ даярлау бөлмелерінде аурухана бөлімдерінің асхана ыдыстарын жууға қатаң тиым салынады.

Аурухана бөлімдерінің буфет пен тамақ блоктарының жабдықтары аурухана және емхана жабдықтарының қолданыстағы табеліне сәйкес болу керек.

Тамақ тағамдары мен нанды орталықтандырылған түрде жеткізу мүмкіндігі болмағанда, оны тасу үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді, яғни кем дегенде жылына 1 рет санэпидемиялық орындарында паспорттау жүргізіледі. Бұл көлікпен жамылғыларды, құрал-жабдықтарды, науқастарды, т.б тасуға тиым салынады.

Жартылай дайын тамақтар тасу.

Аурухананың буфеттік бөлімдеріне дайын тамақтарды көлікпен әкелу кезінде термос, қол арба немесе тығыз жабылатын ыдыстар қолданылады. Оларды жуу және сақтау тамақ блогі жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.

Аурухана жанындағы буфетті бөлмелер:

буфетті ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйенің барлығына қарамастан ыстық және суық су үнемі болу үшін электрқайнатқышпен жабдықталу керек;

қосылған қос секциялы жуатын ванна, ыдыстарды кептіру мен шаюға арналған тор;

- тамақтарды жылытуға арналған электроплитка және мармитті қондырғы;

- асхана ыдыстары мен құралдарын сақтайтын және тағамдарды (нан, тұз, қант) сақтайтын шкафтар;

- тамақтарды таратуға арналған үстел;

бір науқасқа арналған ыдыстар жиынтығы: бір шұңғыл, ұсақ және тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы, асханалық және шай қасық, кружка;

"Буфет үшін" белгісі бар жинайтын мүліктер (шелек, шүберек, щетка, т.б) қамтамасыздандырылу керек.

Тамақты дайындап болғаннан кейін, оны бөлімдерге жеткізіп таратуға 2 сағат бөлінеді. Тамақ тарату және көлікпен әкелгенде ластанбау керек.

Науқастарға таратқаннан қалған тамақты буфетке қалдыруға қатаң тиым салынады, сонымен тамақ қалдығын жаңа тағамдармен араластыруға болмайды.

Науқастарға тамақты кезекші мейірбике немесе буфетші таратады. Тамақты "тамақты тарату үшін" деген халатпен тарату керек.

Палаталарды немесе басқа да бөлмелерді жинайтын санитарлық персонал тамақ таратуға жіберілмейді.

Бөлмедегі ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде тамақтанады. Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы тоңазытқыштарда (тез бұзылатын тағам) сақталады.

Науқастарға берілген тағам өлшемі мен ассортименті дәрігердің рұқсатымен қабылданады.

Әркез тамақты таратқаннан кейін буфет пен асханаларда дезинфекциялық ерітінді пайдалана отырып мұқият тазаланады.

Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады. Ыдыстардың кірлеуін қарастыра отырып, мына ретпен жуылады: шай қасық пен кружка, тәрелкелер, содан соң асханалық құралдар. Буфетті бөлмелердің көрнекті жерінде ыдыстарды дезинфекциялау және жуудың нұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана ыдыстарын жуу;

қалдықтарға арналған ыдысқа тамақ қалдықтарын щетка немесе күрекшемен салады;

45 минут деохлор 0,015 % ерітіндісімен дезинфекциялынады;

жуу құралдары қосылған 40° қыздырылған сумен жуылады;

1-секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 40° қыздырылған сумен жуу;

ағып тұрған ыстық суда (40°) ыдыстарды шаю;

кептіру.

Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады.

Ыдыс және үстелдерді жууға арналған шүберектерді тазалап болғаннан кейін 0,1 % деохлор ертіндісіне 60 минутқа салып қояды, сосын кептіреді және арнайы белгіленген орында сақтайды.

Тазалағыш мүліктерді еден жуып болғаннан кейін, сол тазалауға қолданылатын шелекке 0,1 % деохлор ерітіндісін құйып қояды, одан әрі ағып тұрған суға шайып кептіреді, мүліктің қажеттілігіне орай, қолданылуына бақылау жасалынып отырады.

Тамақ бөлмесі мен буфеттегі қызметшілер жеке басының гигиенасын ережеге сай сақтауға міндетті. Тамақ бөлімінің персоналы дәретханаға барар алдыңда халатын шешу керек. Дәретханадан кейін, қолын 2 минуттай 0,1 % Дезоксона ертіндісінде өңдейді.

Аурухана бөлімдеріндегі тамақ бөлімдері мен буфеттегі жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына аурухананың бас дәрігері жауап береді.

Тамақты дайындау және тарату кезіндегі санитарлық талапты бақылауына бөлімнің буфетшілері мен аспаздар жауап береді; диета дәрігері тамақ бөлімі жұмыскерлерінің санитарлық талабына бақылау жасайды.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1019 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі| Олды хирургиялық деңгейде өңдеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)