Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау

Читайте также:
  1. Айқындауыштың тыныс белгісі
  2. Аржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
  3. Аржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. β – коэффицентінің тұжырымдамасы
  4. Аржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
  5. Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
  6. Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
  7. Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.

 

Дәрігер науқас адамның шағымдарымен, сырқат анамнезімен және өмір тарихымен танысқан соң, оны қарап зерттеуге кіріседі. Көбінесе сұрастыру кезінде-ақ көптеген маңызды мәліметтер жиналып, алынған мағлұматтар дұрыс диагноз қоюға, кейін ем тағайындауға мүмкіндік береді. Басқа жағдайларда сұрастыру арқылы тек алғашқы болжам ғана жасалынып, кейін объективті зерттеу кезінде көбірек көңіл аударуды қажет ететін мәселелер анықталады. Ауру адам ессіз күйде болса, анамнез жинау мүмкіндігі мүлдем болмайды, сол кезде объективті тексерумен қатар қосымша зерттеу әдістері (лабораториялық, инструменталдық) қолданылады.

Жалпы көруді аурудың ес-түсін, қалпын, дене құрылысын бағдарлаудан бастайды, содан соң қызуын өлшеп, антропометриялық мәліметтер жиналады. Науқастың жалпы жағдайын төрт түрлі деп анықтауға болады: қанағаттанарлықтай (қалыпты жағдайда), орташа (қалыпты жағдайдан төмен), ауыр және агониялық (өліммен жанталас). Сонан соң барып аурудың сана-сезімін тексереді.

Сана-сезім жағдайы мына түрлермен анықталады: 1) ашық сана; 2) бұлыңғыр сана - науқас сұраққа дұрыс жауап бергенмен, қоршаған айналасын анықтай алмайды. 3) ступор (stupor) — науқас қоршаған ортасын түсіне бермейді, сұраққа жай, сылбыр жауап береді. 4) сопор (sopor) — науқас үнемі ұйықтап жатады да, тек қатты дыбыстан не айқайлағанда ғана жауап береді, бірақ айтқан сөздің мәнін түсіне бермейді. 5) кома (coma) — науқастың ес-түссіз, санасыз күйі, кейде рефлекстер де мүлдем жоғалады.

Сана-сезімнің бұзылуы жоғарғы нерв жүйесіндегі әр түрлі патологиялық өзгерістердің нәтижесінде, соның ішінде ми қан айналымының нашарлауынан, ішкі ағзалардың қатаң ауруларынан пайда болады. Комалардың ішінде: уремиялық, бауырлық, диабеттік, гипогликемиялық, алкогольдық комалар жиірек кездеседі.

Уремиялық кома — кей жағдайда жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде, бірақ көбіне бүйрек жұмысы нашарлауының ақырғы кезеңдерінде кездеседі; ол организмнен азоттық қалдықтардың шығарылуы нашарлағанынан пайда болады.

Бауырлық кома — бауыр қызметі әлсіреген шақта тез дамиды; алдымен психикалық ауытқулар (невроз, ұйқының бұзылуы, эйфория, депрессия) ретінде байқалуы мүмкін.

Диабеттік команың (ацидоздық) алғашқы белгілерін (көп мөлшерде зәр шығару, шөлдеу, терінің кебуі) науқастардың өздері де байқамай қалады.

Гипогликемияльқ кома - қант диабеті сырқаты бар адамдар инсулиннің мөлшерін қажетінен жоғары қабылдаған уақытта пайда болады.

Маскүнемдік кома кезінде аурудың ауызынан арақтың иісі шығып тұрады.

Апоплексиялық кома миға қан құйылғанда болады, аурудың беті күрең қызыл тартып, дем алысы тереңдеп, шуыл пайда болады.

Қояншық комасы — қояншық ауруы кезінде болады.

Науқастың төсектегі қалпы былайша сипатталады: 1) активті, не белсенді, яғни науқас төсекте еркін қозғалып, отырып, жүре алады; 2) пассивті, не қозғалыссыз — науқас айналасындағы өзгерістерге аса көңіл бөлмей, қозғалыссыз жатады; 3) мәжбүрлік қалпы — бұл жағдайын жеңілдетуге, мысалы, ауыру сезімін, я ентікпені азайтуға бағытталған қалпы. Мысалы, жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді.

Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері көмектесіп, тьныс алуы аздап та болса, жеңілдейді. Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен, пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы) ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел қатты қысады.

Іші қатты ауырған (аппендицит, жедел перитонит) жағдайында науқас адам аяқтарын тізеден бүгіп, шалқасынан қозғалыссыз жатуға мәжбүр болады. Ойық жара сырқаты кезінде науқас ішінің ауыратын жерін алақанымен басып, тізесі мен шынтағына сүйеніп, немесе төмен еңкейіп тұрады. Менингитпен сырқаттанған адамның қалпы осы ауруға тән: науқас тізеден бүгілген аяқтарын ішіне тартып, бір жақ қырымен жатады, желке еттерінің қатаюы нәтижесінде басын кейін қайырып ұстайды. Кейбір аурулар жағдайында науқастың мәжбүрлік қалпының өзіне тәндігі соншалық, дәрігер бір көргеннен-ақ тұжырым жасай алады.

Тері қабатын зерттеу. Тері қабатының жағдайына назар аударатын шағым - терінің қышуы. Терінің қышуы кейде тері қабатының өзгеруімен (псориаз) байланысты, я ішкі ағзалар ауруларының сыртқы көрінісі ретінде де пайда болуы мүмкін (бауыр және өт жолдары аурулары, лимфогранулематоз), сондай-ақ аллергиялық аурулардың алғашқы белгісі ретінде де байқалады.

Теріге келесі бір көңіл аударатын жағдай: оның түсінің өзгеруі. Вегетативтік нерв жүйесі аурулары бар адамдардың терісінің бозаруы мен қызаруы кезектесіп тұрады. Ал терінің үнемі бозарып тұруы және күннен-күнге бозарғанының ұлғая түсуі мына жағдайларда байқалады: кенеттен не біртіндеп қан кету (ойық жара ауруы, геморрой, гинекологиялық аурулар), қан жүйесі аурулары (гемолиздік анемия, Верльгоф ауруы, т. б.), жедел және созылмалы жұқпалы аурулар, сепсис, қатерлі өспелер, улану және т. б. Бірақ кейде дені сау адамның тері асты тамырларының нашар дамуынан бет-әлпетінің бозғылт тартуы байқалады.

Сондай-ақ терінің бозаруы басқа себептерден де болады: бүйрек аурулары кезінде тері тамырларының қысылуы; тамырлардың тарылуына әкеліп соғатын жағдайлар (қорқу, естен тану, құсу, гипертониялық криз, тону); тамырлар жүйесіндегі қанның жеткіліксіздігі (қолқа сағасының тарылуы, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі). Әсіресе терінің кенеттен бозаруына көңіл бөлген жөн, себебі бұл жағдайларда (ойық жара ауруы, перитонит, т. б.) науқасқа шұғыл көмек көрсету қажет болуы мүмкін. Әдетте бұл аурулардың бет-әлпеті кенеттен бозарып, басы айналып, есінен танып қалады, тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді.

Бозару әр түрлі болады. Терінің аздап сарғыштанып бозарып гемолиз себебінен туындаған қан аздылықтан (Аддисон-Бирмер анемиясы, гемолиздік анемия) болса, хлороз кезінде жасыл реңді, ал қатерлі өспелерде жердің түсі тәрізді болып келеді. Кейбір сырқаттар жағдайында терінің түсі көкшіл тартады, оны көгеру (цианоз) деп атайды. Терінің мұндай реңі қанның құрамындағы бұрынғы қалпына келтірілген гемоглобиннің көбеюіне байланысты болады. Оның екі түрлі себебі бар: шеткі қан айналымының нашарлауы, немесе өкпедегі газ алмасудың жетіспеушілігі. Кейде осы екі себеп те қатар келеді, яғни бір адамның басынан табылады.

Адамның терісі мен кілегей қабаттары сары түске боялуы кездеседі (icterus — сарғаю), және оны тудыратын себеп қанның құрамындағы билирубиннің көбеюі болып табылады. Гипербилирубинемия деңгейіне және пайда болу мерзіміне сәйкес сарғаю реңдері әр түрлі: лимон тәрізді ашық сарыдан күңгірт не жасыл сарыға дейін. Сарғаю алдымен кілегейлі қабаттарға (таңдай, тіл асты), содан соң барып бетке, алақанға, табанға, кейін бүкіл дене терісіне таралады (1-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз).

Теріні қараған кезде кей жерлерінде пигментациясы жоғалған ошақтарды (vitiligo) көруге болады. Пигменттің мүлдем көрінбеуі (альбинизм) сирек кездеседі (2-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз). Терінің түсін анықтап болған соң оның ылғалдылығы зерттеледі. Дені сау адам ыстық күндері, күш жұмсап жұмыс істеген шақта, ыстық сусыңдар ішкенде, т. б. жағдайларда терлейді, яғни оның ылғалдылығы артады. Қатты терлеу (гипертиреоз, гипогликемия, дене қызғанда, туберкулез, экссудативті плеврит, іріңді сырқаттар, жұқпалы аурулар) ауруларына да тән. Іштің қатты түйіліп ауруы (колика), кенеттен пайда болған тамырлар жетіспеушілігі (коллапс, шок, естен тану) сияқты себептер де науқастың қалыпты дене қызуы жағдайында терлеуін тудырады, оны салқын тер деп атайды.

Бұған қарама-қарсы тері ылғалдығының азаюы, яғни терінің құрғақшылығы кездесуі де мүмкін. Мысалы, организмнің суды көп жоғалтуы (диарея, құсу), қантты және қантсыз диабет, қалқанша безінің қызметінің нашарлауы (микседема) қатты жүдеген шақтарда кездеседі. Тері бетіндегі бөртпелердің диагностикалық маңызы зор (3-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз). Ол жұқпалы аурулар кезінде кейде бірден диагноз қоюға, немесе оны басқа аурулардан ажыратуға мүмкіншілік туғызады. Бөртпелер сипаттамасы әр түрлі: нүктелік петехиялар, розеола, эритема, есекжем, ұшық, т. б.

Тырнақтар әр түрлі аурулар кезінде өзгереді. Әсіресе саусақтардың буындары барабан таяқшалары тәрізді өзгеріп, тырнақтар сағат әйнегіне ұқсап дөңестенеді (созылмалы іріңді сырқаттар, эндокардит, бауырдың созылмалы аурулары, жүректің туа біткен ақаулары) (4-сурет). Организмдегі ұзақ уақыт темірдің жетіспеуі салдарынан тырнақтар тегістеледі, кейін қасық тәрізді ойыла дөңестенеді (койлонихия).

 

 

 

 

4-сурет. Барабан таяқшалары тәрізді саусақтар

Қолмен сипалап қарау нәтижесінде терінің созылғыштығын және қатаюын, бір сөзбен тургорын анықтауға болады. Ол оның құрамындағы коллойдтар мөлшеріне және қан айналысына байланысты болады. Қартайғанда сұйықтықты жоғалтатын кейбір созылмалы ауруларда, қатты азайған кезде терінің беріктігі кеміп, оңай қыртысталады. Терінің тургорын анықтау үшін оны екі саусақтың арасында қыртыстайды. Қалыпты жағдайда тері қыртысы берік, тығыз болады және қолды босатқан уақытта тез арада бұрынғы қалпына келеді.

Пальпация әдісімен терінің белгілі жеріндегі оның ыстығының жоғарылауын не төмендеуін де анықтауға болады. Тері қызуының көтерілуі сол тұстағы қан айналымының күшеюіне байланысты десек, оның төмендеуі, керісінше, қанның жеткіліксіздігінен болады.

Шырыш қабықшалардың және терісінің көгеруі көп ауруларда кездеседі (өкпе эмфиземасы, өкпе қабынуы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі, өкпенің іріңді аурулары т. б.). Сол сияқты бұндай жағдай өкпе-жүрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарда да байқалады. Өкпе артериясының эмболиясында, пневмоторакс кезінде көгеру жіті және тез дамыған түрде кездеседі. Аталған аурулар кезіндегі көгерудің себебі —өкпедегі газ алмасуының бұзылуы нәтижесіндегі қанның оттегімен қанығуының жетіспеушілігінен болады. Экссудативтік плеврит кезінде науқастар көбінесе бозарады. Науқастың терісінің өте айқын бозаруы өкпеден көп мөлшерде қан кеткенінде байқалады.

Өкпенің крупозды қабынуы кезінде беттің көгеруімен қатар көздің шырышты қабығының қызаруы мен сарғыштануы, еріннің кілегей қабатында, мұрында ұшық шығуы (herpes labialis) жиі кездеседі.

"Дабыл таяқшалары" симптомы — аяқ пен қолдың саусақтарының буынының үлкеюімен қатар тырнақтардың дөңгеленіп сағат әйнектеріне ұқсас өзгеруі, өкпенің созылмалы іріңді үдерістеріне (бронхоэктаздар, өкпенің созылмалы абсцесі) тән.

 

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 2823 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы | Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі | Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп | Олды хирургиялық деңгейде өңдеу | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ| Артериялдық қысымды өлшеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)