Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәстүрлі

Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. | Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау | Жалпы сипаттама | Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері | Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі | Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері | Имылдарға үйрету әдісі. | Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі |


Читайте также:
  1. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері
  2. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдық өмір мен тұрмысты зерттеу
  3. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қолөнерді және үй кәсіптерін зерттеу әдістері
  4. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеу әдістері
  5. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі отбасы және некені зерттеу әдістері
  6. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтарды зерттеу
  7. Дәріс тақырыбы:Дәстүрлі шаруашылықты зерттеу әдістері

Көрнекілігі:Макеттер, портрет,аспаптар, суреттер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2.Ойналатын шығармаларды тексеру,көрнекілік құралдарға баға беру.

3.Қорытындылау.

4.уйге тапсырма

 

 

32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»

Сабақтың тәрбиелік маңызы: Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы- оның барысында әрбір балаға жүйелі, мақсатты және жан-жақты тәрбие беретін және олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық сабақтар.

Сабақ түсіндіру қызметінің сан алуан түрін (ән салу, ритмика, музыка тындау, балалар музыка аспаптарында ойнау, музыка сауатының элементтерімен танысы) қамтиды, соның нәтижесінде балалардың музыкалық қабілеттерінің жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сабақ баланың жеке басының көптегенжақсы қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайды. Ол балалардың қуаныш, эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді, жұмыла әрекет етуге баулиды, тәртіп мәдениетіне үйретеді, байыпты көзқарасты,ой еңбегін, инициатива мен творчествоны талап етеді. Сонымен қатар сабақ балаларды ұйымдастырудың басқа да формаларына әсерін тигізетіні сөзсіз. Балалардың сабақ барысында алған білімі, іскерлігі, дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де әсерлі болады. Егер балалар сабақтарда үйретілген әндерін, билерін, хоровоттарын бейнелі де қысылмай орындаса, мерекелік салтанаттар, ойын-сауықтар тартымды, қызғылықты өтеді.

Музыкалық сабақтар барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі. Олардың құрлымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезеңі ересек пен балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен сабақ әуелі шағын топпен-10-12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізеді. Екінші топтан бастап және балалар бақшасының одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.

Сабақтың мазмұны өлең айтуға үйрету, музыка тындау, ритмика сауатының элементтерін, балалар музыка аспаптарында ойнауды қамтиды. Қызметтің бұл түрлерінен қамтылған білімдер программада және балалар бақшасында әр түрлі жастағы балдырғандарға музыкалық тәрбие беру міндеттерімен белгіленген.

Сабақтың мазмұның ашатын кейбір жалпы мәселелерге тоқталайық.

Музыкалық сабақтарда, басқа да сабақтар сияқты жалпы тәрбие беру жұмыстары жүзеге асырылады, арнайы қабілеттер дамытылады, оқу материалына творчестволық, инициативалық қатынас қалыптасады. Меңгерілген дағдының сапасына деген талап топтан-топқа өткен сайын күрделене және жоғарылай түседі.

Айрықша айта кететін жай әдеттегі сурет, қолеңбегі, есеп сабақтарына қарағанда музыка сабағында балаларды бірден музыка қызметінің бірнеше түрінде (ән айту, қозғалыс және т.б.) үйрету қатарынан жүргізіледі. Физкультура сабағы да балалардың әр түрлі дене қимылы қызметінің- гимнастика түрінде жаттығуды, ойындардың қайта құрылуын қамтиды, бірақ олардың барлығы тек қимылды дамытуға бағытталған.

Сабақты қайта құрудың қиындығы сол, педагог әр түрлі тақырыптағы, қөңіл қүйдегі шығармалар орындалып жатқанда балалардың көңіл қөтеріңкілігін бәсендетіп алмай, музыка қызметінің бір түрінен екіншісіне іскерлікпен аударуы керек.

Ендігі бір қиындық- оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізу: алғашқы танысы, оқу процессіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау кезеңдері сай келе бермеу мүмкін. Мысалы, қолға алған үш әннің біреуі жақсы меңгеріледі және нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет таңдалады, ал үшіншісі жаңадан жатталады. Ритмикаға үйрету процессі де осыған ұқсас- балалар жаңа бидің жеке элементтерін меңгереді, ал таныс музыкалық ырғақтарды қайталдайды.

 

Сабақ құрлысында қойылатын талаптар: 1. Педагог сузыка сабақтарын құрастыруды қолға алғанда мына талаптарды: балалардың ой, дене, эмоционалдық ауырлығын ескергені абзал.

2.Жатталатын репертуардағы қызмет түрлерінің жүйелі бөлінуі;

3.Музыкалық қабілеттердің, дағдыларды, білімдерді игерудің, музыкалық репертуарды жаттаудың дамуының мирас болып қалады.

Енді осы талаптарды қарастырайық.

Оқу материалы қиындық дірежесіне қарай алуан түрлі.

Ой еңбегінің белсенділігін, үлкен зейінді барынша қажет ететін тапсырмалар балаларға сабақтың бас кезіңде және оның барысында, олардың ауырлығын ескере отырып берген жөн. Мысалы: ән айтар алдында ауыр дене жаттығуларын жасауға болмайды, өйткені олар тыныс алу тәртібін бұзады және әннің көңілдегідей болып шығуына бөгет жасайды. Сондай-ақ сабақтың аяқ шеніне таман қозғалысты азайтып, жалпы ауырлықты азайтқан абзал.

Қызмет сипаты балалардың сезімдеріне әр түрлі қозғау салады. Көңілді, қызықты ойын, белсенділікті арттырады, сондықтан оны сабақтың бас кезіңде емес, мейлінше күрделі тапсырмалар орындалғаннан кейін өткізген дұрыс.

Уйрету тәжірибесінде қызметтің сан алуан түрінің мынадай жүйемен сараланып жүргізілгені дұрыс. Сабақтың басында шағын музыкалық-ырғақтық жаттығулар, көбінесе машықтану сабағында (жаңа биге, хороводқа, салтаннатты шеруге қажетті бидің, қайта құрылудың элеметтері) беріледі. Бұл қозғалыстар балалардың назарын ұйымдастырады. Жаттығудан соң балалар отырады, музыка тыңдайды және өлең айтады. Өлең айту әр түрлі вокальдық жаттығуларды творчестволық тапсырмаларды орындауды, музыкалық есту қабілетін дамыту жаттығуларын, 2-3 ән үйренуді қамтиды. Оқытудың келесі кезеңі ойын, көңілді билер, хоровод түріндегі музыкалық-ритмикалық қызмет болып табылады. Байыпты тапсырмалар жеңіл қозғалыстар тапсырмалармен алмастырылып, ауырлықты бірдей етуге мүмкіндік береді.

Сабақтың құрлымы репертуарды меңгерудің, программалық дағдының, іскерлікті бір ізділіген қамтамасыз етуге тиіс. Оқу материалы енгізудің жүйелілігі тәрбиелік және білім-беру міндеттерімен қоғамдық және салтанатты мерекелердің тақырыбымен, табиғат құбылыстарының мән-мағынасымен танысумен бірегей айқындалуға тиіс. Музыкалық қабылдау мен орындаушылық дағдыларды меңгеру кезеңдерін анықтау барынша күрделі. Тек кейбір дағдыларды белгілі бір жүйелік пен игеруге болады, мысалы, бидің жекелеген элементтерін, гимнастикалық жаттығулар қайтадан шеңбер жасап тұру, қосарлану, жалпы шеңберден шағын шеңберлерге ауысу немесе балаларға музыка туралы кейбір мағұлмат беру.

Сабақтың құрлымы мейлінше икемді және балалардың жасына қарай, материалдық мазмұнына, ерекшелігіне қарай түрленіп отыру керек. Сабақтың ырғақтық жаттығуларсыз, ән салудан немесе музыка тыңдаудан, сондай-ақ жаңа әнді орындаудан немесе қозғалысқа арналған пьесалардан бастай беруге болады. Мектепке дейінгі балғын және кіші жастағылармен сабақтар барынша еркін, ықыласты, ойнақы болып келеді. Музыка қызметінің кейбір түрлеріне өзара байланысты болуы мүскін; өлең айту мен музыка тыңдау әр түрлі ойын қимылдарымен сүймелденеді. Мысалы, М.Раухвергердің «Шымшық» әнін балалардың бәрі қосылып айтады да, ал «Улетела птичка... ай!» деген сөзіне келгенде бүлдіршіндердің қай-қайсысы болсын, шымшықты бейнелеп бөлме ішінде «ұшып» кете барады. Өз кезегінде қозғалыс көбінесе әнмен, әзілмен сүймелденіп, ойын қимылдарының іс-әрекетінің жүйелігін аңгартып отырады.

Залды жарақтау: Балалар бақшасында музыка сабақтары залда немесе топтар бөлмелерінде өткізіледі..

Зал кең, жарық, ал күнделікті сабақтар мен мерекелер кезіңде сәнді де жинақы болу керек. Қабырғалари көңіл көтерерлік түстерге боялады, бұлармен терезе перделері, сүт түсті шамдар, өсімдіктер, сәнді ыдыстардағы гүлдер астасып тұрады. Безендіруге 1-2 эстамптты, балаларға таныс композиторлардың портретерін пайдалануға болады.

Залдың орталық қабырғаларын әшекейлеп, безендіруге қатты көңіл бөлінеді. Онда В.И.Лениннің портреті, оны төменгі жағында сәнді қыш вазаларға салынған гүлдер.

Залды безендіру бөлмені жоспапрлауға, қолда бар материалға, жарақтарға байланысты түрліше болып келеді.

Педагог аспапта ойнап отырып, балалардың барлығын көріп отыруы үшін рояьді(пианиноны) залдың ең қолайлы жеріне қою керек.

Көптеген балалар бақшасында зал әрі дене шынықтыру жасайтын орын болып есептелетіндіктер, мұнда(ішінара) спорт жабдықтары: доптар, гимнастикалық таяқшалар, шеңберлер және т.б. сақталады. Бұл жабдықтар кажетіне қарай музыка сабақтарында да пайдаланылады.

Балалдардың музыкалық аспаптары, ойыншықтар, дидактикалық құралдар, би, ойындарға арналған атрибуттар, методикалық әдебиеттер әдетте залға жақын арнайы бөлмеде сақталуға тиіс. Бұл өзінше музыкалық-методикалық кабинет. Құрал-жабдықтардың орналасуы педагогикалық және эстетикалық талкаптарға жауап беруі керек.

Сабақтарды, мерекелерді, ойын-сауықтарды өткізген кезде тазалық талаптарын сақтау қажет. Залдың шағын алаңы -75м квадрат, үлкен алаңы -130 м квадрат, жарықтану коэффиценті 1:5, қыздыратын шамдармен жасанды түрде жарықтандыру – кемінде 100 лк, люминесцендік жарықтандыру – кемінде 200 лк, ауаның температурасы 10-18 градус болуы тиіс. Әрбір сабақ басталар алдында залдың ауасы тазартылып, еденді ылғал шүберекпен сүртіледі. Еденді мастикамен қатты баттастырып, сүртуге болмайды, өйткені қимыл-қозғалыс кезіңде балалар тайғанап кетуі мүмкін. Балалар жеңіл, кең киіммен және тапочкамен жаттығулар жасайды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Музыка аспаптары| Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)