Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Музыка аспаптары

Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. | Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. | Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау | Жалпы сипаттама | Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері | Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі | Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері | Имылдарға үйрету әдісі. |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. Австро-немецкая музыкальная культура XX века
  4. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  5. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  6. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
  7. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бірі – музыка аспаптары. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Музыкалық дарыны мол қазақ халқы басқа тарихи-профессионалдық дәстүрі бар елдер сияқты балаларына белгілі бір музыкалық аспапта нота арқылы білім беріп, айрықша оқытпағанымен де оларды өз ортасынан шыққан музыканы асқан шеберлері-әнші,күйші жыршы, жырау ақындар секілді тума таланттардың өнерпаздық өнегелі өнерлерін үйретіп олардан үлгі алуға баулып отырған.Халқымыздың музыкалық аспаптарының үнінен қазақ ұлтының сыршыл сезімдерін таңғажайып құбылыстарымен ұштастыра білгенін байқауға болады. Өз даласының күнкөріс кәсібіне тән, өмір құбылыстарын адамның сезім түйсігімен байланысып жатқанын музыка аспаптарының көмегімен халқымыз біздің заманымызға жеткізе алды. Сондықтан баланы ұлттық музыкаға тартып, халық өнеріне құрметпен қарау, оны сүю, ұлттық салт- дәстүрлерді қастерлеуге тәрбиелеу басты парызымыз. Ұлттық дүние бала жүрегінен орын алса, оны өмірдің мәні деп қабылдаса, онда ол ертеңгі өзінің Отанының, халқының, туған жерінің азаматы болады деп сеніммен айтуға болады.

Халқымыздың өткендегі аса бай музыкалық мұрасы бүгінде кәсіби музыка мәдениетіміздің асыл қорын молайтып, сарқылмас бір қайнар бұлағына айналып отырғаны баршамызға мәлім. Осы орайда профессор Құдайберген Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» былай дейді: «Музыка мәдениетін күшейту ісінде халық музыкасының мұраларын тексерудің маңызы өте зор. Өйткені болашақтағы жоғары мәдениетті музыкамен қолда бар музыка мәдениеті арасының жібі үзілмеуі керек. Қазақтың қалың ебекшілеріне түсінікті, әсерлі болу үшін жаңа музыка олардың құлағына жат болмауы керек. Жат болмау үшін өзінде бар музыкаға бір жағынан байланысты болуы керек. Бұрыннан бар музыка мұраларын жетістіріп, толықтырып, көркейтіп, көркемдеу жағын күшейтіп, қарапайым түрлерін гармониялап, халық музыкасындағы өмірге, тіршілікке шақыратын, ерлік, талап, жігер тудыратын элементтерін саралап алып, кертартпа, сары уайым, жастық туғызатын жағын жойып, - осы ретпен ғана қазақ ұлтының… музыкасын дамытуға болады».

Қазақ халқы музыкалық дыбысқа қызыққан. Музыкалық дыбыс- өзіндік мәні мен маңызы, қадірі мен қасиеті, ерекшелігі бар дыбыс. Мәні- адамның аңсаған арманын, қуанышы мен күйінішін, өмір құбылыстарын сан алуан сиқырлы иірімдер арқылы санаға жеткізіп, жүрегіңе құйып беретіндігінде. Маңызы- сол сиқыры да сүйкімді ырғақтарымен, тебіреністі тербелістерімен адамды дүние сырын түсінуге, сұлулықты сезінуге жетелеп, жан рақатына бөлейтіндігінде, қарапайымдылығында, табиғилығы мен түсініктілігінде. Көңілді ырғағымен өмірге қызықтыра, құлшындыра түсіп, мұңды сазымен бірер сәтке өткеніңді ойыңа оралтып, ойландырып, толғандыратындығында. Адамдардың музыкалық дыбысқа құныққаны соншалық, бір аспаппен шектелмей, барша дыбысты толық қамтитын жаңаша, күрделі де сапалы аспап жасауға үнемі құлшынып отырған. Қанша аспап жасаса да, олар бірінің үнін бірі қайталамаған. Осыдан келіп аспаптардың алуан түрі шыққан. Қазақтар осы құдіретті де қасиетті дыбысты шығару үшін бітімі бөлек, даусы ерек, тұлғасы алуан түрлі музыкалық аспаптар ойлап тапқан. Соның арқасында адам ой-арман, қимыл-қозғалыс, көңіл-күй, нәзік сезім бәрі-бәрін музыкалық дыбыс арқылы бейнелей алатын мүмкіндікке ие болған.

Адам қолынан шыққан қобыз үнінде мұң, зар басым болса, сыбызғы үнінде қуаныш, шаттық бар. Домбыра байсалды дыбыс шығарса, шертердің үні салтанатты келеді.Қазақ халық музыка аспаптарын жетілдіру 1960-1970 жылдарда ерекше қарқынмен алға басты. Бұл жолда өнер зерттеушісі, ғалым Болат Сарыбаев еселі еңбек етті. Ол бұрын халықтың музыкалық өнерінде болып, кейіннен жоғалған жиырмадан астам ұлттық музыка аспаптарында ойнау дәстүрлерін табу істерімен де айналысты.Сөйтіп, бұрын белгісіз болып келген шертер, сазсырнай, жетіген, асатаяқ, нарқобыз, шаңқобыз, қоссырнай секілді аспаптар қайта тіріліп, халық музыкасы санынан берік орын алды. Осының нәтижесінде фольклорлық- этнографиялық «Ғасырлар үні», «Шертер», «Жетіген», ансамбльдері, «Отырар сазы» оркестрі өмірге келді.«Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы -ән, күй сазында» -дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбунәсір әль-Фараби.

Музыка ғылымына тереңірек үңілер болсақ, ол жеті қабат аспан әлемінің қозғалысындағы үндестікті түсіндіреді, қозғалыс бар жерде жарық, жарық бар жерде быбыс бар екенін дәлелдейді. Жеті музыкалық нота аптаныңжеті күні, жеті қат аспан әлемі, жеті қат жер қыртысына теңеледі. Жалпы, қазақ дүниетанымында жеті саны киелі, қасиетті болып саналады. «Музыка туа біткен дарындылық пен инстинкт түйсіктердің нәтижесінде дами келе ғылым дәрежесіне жетті. Адамның музыкалық өнері оның туа біткен жеке-дара қабілет нышандарына байланысты, бірақ ол даму нәтижесі, тәрбиелеу мен үйрету нәтижесі» (Фараби). Яғни музыкалық қабілет адам бойында үйрену, тәрбиелеу барысында дамиды екен. Жалпы музыка жастарға ұлттық, музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде, ішкі дүниесінің әсем де сұлу болып өсуінеықпал жасайды.Жас сәби шыр етіп дүниеге келген күннен бастап оны ұнамдылыққа, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу керек. Егер жас бүлдіршін кішкентайынан музыканы шын ықыласымен тыңдап түсіне білсе, ән салып, би билесе, халқымыздың ұлттық аспаптарының бірінде ойнауды үйренсе, онда олар үшін рухани ләззат алып, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, шынайы биік армандар мен мақсаттарға ұмтылып, өнерлі де тәрбиелі адамзат болып өсуі хақ. Ал, бұл міндеттерді жүзеге асыруда мектептің, оның ішінде музыка мұғалімінің атқаратын міндеті зор. Жас жеткіншектерді ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға жеткізген өнер иелері- Құрманғазы, Сейтек, Дәулеткерей, Тәтімбет, Дина, Біржан сал, Кенен т.б. ұлы адамдарымыздың мұраларын дәріптей келе, қазіргі кездегі белгілі өнер қайраткерлерінің туындыларында насихаттаған дұрыс. Халқымызды музыка мәдениетінің тынысы мол, шоқтығы биік, сан алуан мазмұнды, әр салалы түрлі болып келеді.

Жас жеткіншектерді халқымыздың алтын қорымен таныстыру дегеніміз- оларға өз халқының тарихына, тіліне, өнеріне, салт-санасына сүйіспеншілік есігін ашып беру деген сөз. Қазақ халқының фольклорлық аспаптары-қымбат мұра, асыл қазына.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуендігі мен саздығы), орындаушылық дәстүрі бар. Қазақтың күй мұрасы: «төкпе күйлер», «шертпе күйлер» деп екіге бөлінеді. Төкпе күйлер дәстүрінде оны екпіні қарқынды, жігерлі, дауылды болып келсе (Батыс Қазақстан өңірінің күйлері), ал шертпе күйлер көбінесе адамның ішкі ой толғаныстарына туған жер мен табиғат сұлулығына, адам өміріндегі сыр – сипатқа құралған пәлсапалық ой түйіндері басым болып келеді. Сондағы әуен, үн шығаратын көне аспаптарының ішіндегі ең бастысы – домбыра болған. Ендігі әңгіме қобыз аспабы жөнінде түсінік беруден басталады. Бұл сабақ Қорқыт туралы аңыз - Бұнда Қорқыттың «Әуіппай» атты күйі: - аштықтың азабын тартып, қолындағы баласына беретін тамақ болмай, оны жұбата алмай әбіржіп келе жатқан анаға арналып шығарылған. Қорқыт осы күйді ойнаған сәтте жас нәресте күйдің әуенінен елтіп ұйықтап кетеді. Күйдің құлаққа жайлы естілетін, көңілің тынышталатындай, бесік жыры тәріздес. Осы тұста Қорқытты «Ұшардың ұлуы» атты күйін қоса тыңдау артық болмайды. Күйді мазмұны: - аңшылықты кәсіп ететін бір жігіттің «ұшар» атты аңшы иті болады. Күндердің күнінде әлгі жігіт дүние салады да, соңында жалғыз анасы және иті қалады. Сонда жігіттің анасы баласын жоқтау айтып жоқтайды. Оған қосылып ит те жоқтап ұлиды. Осы кезде ел аралап келе жатқан Қорқыт осы оқиғаның куәсі болып осы күйді шығарған екен. Күйді тыңдағанда баласын жоқтаған ананың зары, иесін іздеп жылаған иттің дауысы қыңсылап естіледі. Және зарлап ұлыған дауысы алма – кезек естіліп отырады. Күйді тыңдатар адында оқушыларға қобыздың суретін бар болса өзін көрсетіп таныстыру қажет. Балаларды ұғымына сай етіп күйдің шығу тарихын баяндап беру керек. Балаларға жетекші сұрақтар қоя отырып, күйді бірнеше рет тыдатып, қай жерде ананың зары, қай жерде иттің ұлыған даусы естілетінін анықтатамыз. Бұл күйді тыңдатудағы негізгі мақсат – жоғарыдағы атап кеткендей оқушыларды ұлттық музыкамызды құрметтеп, оны түсінуге баулу, ұлттық салт – дәстүрімізді үйрету және сонымен қатар музыка тілі турылы түсінік беру.

Әрине, халқымыздың қобыз, сырнай, сыбызғы, асатаяқ, жетіген, шертер, дабыл, үскірік, т.б. көптеген аспаптары да бар. Бірақ осыларды бәрінен домбыраның орны өзгеше. Бұл – халқымыздың бетке ұстар аспабы. Сонау ықылым заманнан бері келе жатқан осынау киелі аспабымызға қазір ел ішінде ерекше көңіл бөлетіні де сондықтан. Қазақтың тілі айта алмас жан сырын, терең философиялық ойын күмбірлеген күй тілімен көпшілікке көркем етіп жеткізе алатын да осы домбыра аспабы. Сондықтан да домбары рух жебеушісі ретінде әр қазақты төрінде ілулі тұрады. Бұдан басқа да қазақтың музыкалық аспаптары: үрлемелі (саз, қоз, қамыс және мүйіз сырнай, сыбызғы, адырна, ұран) ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар), шалып ойнайтын шаңқобыз, соқпалы (дауылпаз, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.Музыка аспаптарын жаугершілік заманда халыққа хабар беруге, аңды үркіткенде, ән – күйлер орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырған. Бүгінде қазақтың ұлттық музыка аспаптарының қырықтан астам түрлері болғаны анықталып отыр.

Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағын төл келбетін қалыптастырады. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. Ал, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрін, қай саласын болса да сол фольклорымыздан тауып,ажыратып ала аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбиенің көздерін музыкалық фольклордан қарастырған жөн. Әл – Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жөнінде, - «Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан сол құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», - деп пікір айтқан. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, мәдениетті, Отанын, отбасын сүйетін, қазақтың ұлттық музыка тілін және түркі тілдес халық музыкасының тілін түсінетін тұлға қалыптастыру болып табылады.

 

29.Сабақтың тақырыбы: Оқыту әдістемесі және бағдарламалық мазмұн. Әртүрлі жұмысты ұйымдастыру түрлері. Тәрбиенің рольі.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің оқытудың әдістемесімен таныстыру. Бағдарлама мазмұны нені меңзеп қалай жұмыс жасаудағы талаптарымен міндеттерін түсіндіру.

Сабақтың білімділігі: Оқыту әдістемесінің құзіреттілігімен балаларды аспаптарды үйретуде қандай қасиеттерін дамытушылығы және муғалімнің балалардың жас ерекшеліктерінің қабылдаушылығын ескеруін оқыту.

Сабақтың дамытушылығы: Аспабтарды меңгеруде әртүрлі дайындық жұмыстарын жүргізүге талаптандыру.

Сабақтың тәрбиелігі: әр баланың мүмкіндіктерімен шама-шарқын анықтау, балаларды коллективтік сезімін дамытуда оркестр құрып бірге ойнаудағы жауапкершілігін тәрбиелеу.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 579 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі| Дәстүрлі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)