Читайте также: |
|
Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15-16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16-17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағызелді мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған. Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 224 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ | | | ШАҚПАҚ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ |