Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орыс - ҚырҒыз мектебі

МҰҒАЛЖАР ТАУЛАРЫ | ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Ш. БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ | ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ | ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АҚБОТА - СЕНКІБАЙ ТАУЛАРЫ | ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ | НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ | БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ |


Ғимарат 1879 жылы орыс-қырғыз (қазақ) мектебі үшін арнайы тұрғызылды. Мектепте сауаттылыққа үйретумен қатар, слесарлық, ұсталық және ағаш шеберлігі кәсіптеріне оқытқан. Мектеп екі жылдық болған. 1919 жылы бұл ғимаратқа облыстық әскери комиссариаты орналасқан. Ғимарат 20-30 жылдары Оралдық техникалық мамандырылған мектепке берілген. Кейін №75 кәсіптік-техникалық училищеге берілді. 1963 жылы ғимарат Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына берілді. Содан 1973 жылы 12 сәуірде Орал облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды. Ғимарат екі қабатты, кірпіштен қаланған. Шатыры күмбезделіп біткен.

 

ЕУРОПА – АЗИЯ» СТЕЛАСЫ

«Еуропа-Азия» монументі Орал өзенінің оң жақ жағалауына орналасқан. Ол – Еуропа және Азия құрлығын екі бөлікке бөліп тұрған шекара тәріздес. 1984 жылы орнатылған. Архитектурасының авторлары – Ю.Г. Хакало, А.И. Кононов, П.А. Голубев.Монумент – тік бағытты тұрған үш элементті сынтасты білдіреді, ақ мрамормен қапталған. Монументтің ұшар басы “Еуропа-Азия” деген жазуы бар көгілдір шарды білдіретін композициясымен аяқталған. Сынтастың биіктігі – 15,4 метр, ені – 3,76 метр.

 

МЕШІТ

Мешіт ғимараты 1897 жылы Мұртаза Абдуллиннің қаражатына салынған. Биіктігі –12 метр. 1929 жылға дейін өзінің алғашқы бағыты бойынша қызмет атқарды. 1930 жылдан бастап мемлекеттік байланыс қызметі мекемесіне берілген. Бір қабатты ғимарат кірпіштен қаланған. Құрылыс барысында дәстүрлі тік бұрышты жоба қолданылған. Ғимарат сырты кірпішпен безендірілген. Ғимарат көлемі – 24х12х7 метр. Авторы белгісіз.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АРАҒАНДЫ ЦИРКІ| ЖӘҢГІР - ХАН КЕСЕНЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)