Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АРАҒАНДЫ ЦИРКІ

АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ | МҰҒАЛЖАР ТАУЛАРЫ | ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Ш. БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ | ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ | ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АҚБОТА - СЕНКІБАЙ ТАУЛАРЫ | ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ | НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ |


Читайте также:
  1. АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ

Қарағанды циркі – мәдени-сағыналық мекеме. Алғашқы ойыны 1983 жылы қойылды. Ғимараттың ортасында амфитеатрмен қоршалған манеж орнатылған. 1640 орынды көрерменге арналған жоба. Барлық алаңы – 5256,7 ш.м. Авторы – А. Байков, С. Мордвинцев. Конструкторшылар – А. Кузьмин, В.В. Ларенгель.

 

ЛЫТАУ

Ұлытау – Сарыарқаның Оңтүстігі мен Жезқазған, Торғай облыстары жерінде орналасқан. Ұлытау өңірінде шоқылы, қыратты бірнеше аласа тау жүйесі бар. Жалпы орташа биіктігі – 400-600 метр, көтеріңкі орта бөлігінің биіктігі – 800-1000 метр. Солтүстігін Жақсыарғанаты, орталық бөлігін Ұлытау мен Едіге таулары, оңтүстігін Кішітау жотасы алып жатыр. Оңтүстіктен солтүстік бағыттағы ұзындағы – 230-240 шақырым. Ұлытау өңірі көбіне бозғылт қызыл-қоңыр топырақты, шөлді далалы болып келеді. Тау басында, бөктерінде қайың, арша, қара ағаш, изен, қарақат, шалғын, боз, бидайық, сораң т.б. шөптер өседі. Ұлытау қазақ халқының ұлттық қалыптасуында тарихи маңызы бар өлкелердің бірі.Ұлытау – қазақ жерінің нақ орталығындағы географиялық «кіндігі» іспетті тарихи тау.Ұлытаудың жер бедері мен Табиғат зонасы: Ұлытау- Қазақстандағы ең үлкен аудан. Ол Торғай қолатының оңтүстік-шығысын және Бетпақдаланың қиыр бөлігін алып жатыр. Ұлытаудың жер бедері оңтүстік батысқа қарай бірте-бірте аласара бастайды. Ең биік нүктесі-Ақмешіт шыңы. Ең аласа жері - Мыңбұлақ ойысы. Пайдалы Қазбалары: Ұлытау жері - мыс қоры жөнінен әлемдегі ең ірі кен көздерінің бірі. Кеніштердің бәрін ұлы отан соғысына дейін атақты ғалым- Қаныш Сәтбаев ашқан. Осы байлықты қазір«Қазақмыс» корпорациясы игеріп жатыр. Ауа райы: Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық. Жазғы орташа температурасы +22С градус болса, қыста орташа -22С градус болады. Су қоры: Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. 64 сала Торғай мен 34 сала Кеңгір өңір халқының су қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ аудан аумағында Қарақойын, Шұбар-Теңіз сияқты үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес. Ұлытау өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Шаруашылық қажетіне пайдалану үшін Кеңгір сияқты бірнеше су қоймалары салынған.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі: Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді,7 пайызы бұталы,1пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік өседі. Ұлытау-Жезқазған аумағында 100 ден астам сүтқоректі, 250 ге жуық құс түрі мекендейді.

Ескерткіштер мен тарихи орындары: палеолит дәуіріне жататын Обалысай, Мұзбел, Жаманайбат қоныстары, тылсымға толы Теректідегі таңбалы тастар, Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық орталығы болған Орда-Базар қаласының орны, сонда жерленген Жошы ханның кесенесі, Басқамыр, Аяққамыр жұрты, Белең ана, Болған ана, Жұбан ана мазарлары, Алаша ханның кесенесі, Домбауыл кесенесі, Дүзен мазары, Сырлытам, Айранбай мазары, Сандыбай батыр кесенесі, Бұзау мазары, Ерден мазары, Дұлығалыдағы Құлмұханбет ишан мешіті, Қорғантастағы Ахмет ишан мешіті, Жаһуда ишан мешіті, 8-18 ғасыр аралығындағы түрік қағандары мен хан ордасы ескерткіштерінің орны сияқты тарихи ескеткіштер мен орындар бар. Аттары аңызға айналғандар: Шоқан Уәлихановтың өзі «Бақсылардың бақсысы» атаған атақты Қойлыбай бақсы Әбурахманұлы. Ол кісі шыққан тегі де, жатқан белі де, кіндігі кесілген жері де белгілі Ұлытау өңірінің адамы. Әулие 14 ғасырдың аяғына қарай туылып 15 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген. Кешегі бір дін десе, тіземіз дірілдеген, тәуірімізді таптаған, дәстүрімізді даттаған, тіліміз сақауланған, санамыз ақауланған, миымыз мақауланған зар заманның өзінде, аруағына тағзым етіп, дертіне дәру, шаншуына шапағат іздеп әулиенің басына түнеушілердің легі бір толастаған емес. Сол өңірдің бір топ иманды да зиялы азаматтары 1993 жылы басына сымбатты кесене орнатқан.

Кербалақ атты Ер Шоштан- жар құлағы жастыққа тимей, Кербалақ тұлпарымен құйғытып жүріп, үлкен нәубет бастарына түсіп, азып- тозып бара жатқан Балталы-Бағаналы балаларының басын қосып, Ұлытау-Кішітау бөктеріне қоныстандырған тұлға. (16- ғасырда өмір сүрген). Жаулыбай Өтегенұлы- Ұлытау өңірінен шыққан, Жоңғар шапқаншылығы кезінде ел қорғаған аруақты батыр.

Төлек Өтепұлы - сөз бастаған шешен, қол бастаған көсем, ел мүдесін ойлаған елші болған кісі. (Шақшақ Жәнібектің жездесі, Сандыбай батырдың әкесі. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың кесенесіне жерленген). Сандыбай Төлекұлы - 17 жасында жоңғар шапқыншыларымен шайқасып, жекпе-жекте аты шыққан, Бағаналы руының ұранына айналған аса белгілі батыр. (1740-1815 жылдары өмір сүрген). Ерден Сандыбайұлы - Ұлытау өңіріндегі Бағаналы Найманнан шыққан қоғам қайраткері. Атбасар дуанының аға сұлтаны болған адам. (1808-1863ж.ж өмір сүрген). Уәйіс Байжанұлы - табаны күректей 30 жыл болыс болған, Бағаналы Найманың тұңғыш болысы. (Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың кесенесіне жерленген). Бабыр Бөкеншіұлы - (1770-1864ж.ж) өмір сүрген. Ел билеп болыс болған. Кенесары көтерілісіне белсене ат салысып қолдаған, он баласы мен он екі немересі сол көтеріліске бастан аяқ қатысқан. (Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың кесенесіне жерленген). Аманбай Тоқанұлы- Қоқан, Хива хандықтарының қарақшыларымен шайқасқан батыр. (Ерден Сандыбайұлының замандасы).

Досбол датқа Қорлыбайұлы- ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген дауылпаз дана шешен. 1816 жылы Ұлытау аумағында дүниеге келген. Ағыбай Қоңырбайұлы- Кенесары көтерілісінің қаһарманы. Бас батыр дәрежесіне көтерілген қолбасшы. Жанайдар Орынбайұлы- Кенесары көтерілісінің айтулы батыры. Төлек Жәуке батыр- Кенесары көтерілісінің айтулы батыры. Ұлытау-Жезқазған қойнауындағы байлықты ашуда, түсті металлургия өндірісі мен Қарсақбайдың өркендеу тарихында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Кенді игеру үшін Қарсақбай мыс зауыты, Жезқазған кеніші және Байқоңыр көмір шахтасы салынған. «Менің өмірімнің жарқын жылдары Ұлытау-Жезқазған өңірімен тығыз байланысты. Осы өлкеде жүргізген зерттеулерім, мені, қатардағы инженер-геологты, академик қылып шығарды.....»-деген академик Қаныш Сәтбаев

Ұлытау

Ауасы дерттің дауасы,

Ұлытау деген тау осы.

Қазақтың осы Адамы,

Қазақтың осы Хауасы.

 

Кетбұғы төгіп отты өлең,

Көсегем мұнда көктеген.

Әмірлер, Ақсақ Темірлер,

Бұл тауға соқпай өтпеген.

 

Шежіре сырға қанық ек,

Едіге жырға жанып ек...

Алаштың туын ең алғаш,

Тіккен жер Керей, Жәнібек.

 

Жұлдыздың бөлек жарығы,

Ұл-қыздың ерек дарыны,

Тамсантқан Асанқайғыны,

Аңсатқан Кенесарыны.

 

Тірліктің нұрын күткенде ел,

Бірліктің туын тіккен жер,

Қазаққа садақ кезеген

Талай жау тізе бүккен жер.

 

Төріне еркін төрлерсің,

Көгіне құстай көлберсің.

Бұл таудың қызын қызыл гүл,

Жігітің жойқын сел дерсің.

 

Елтідік ерке назына,

Ықылас күйдің сазына.

Ғұлама Қаныш ақтарған,

Қойнауы толы..қазына.

 

Сақтаған ханның ордасын,

Баптаған қалжың жорғасын.

Жеңгейдің назы қылыштай,

Ерлердің сөзі қорғасын.

 

Ақталған жұрттың тірлігі,

Сақталған ұлттың бірлігі.

Қазаққа тұңғыш астана,

Даламның осы кіндігі.

 

Ұққанға тарих жетеді,

Жүректі тербеп кетеді.

Ұлтымның бұл тау ұясы,

Үш жүздің ортақ мекені.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ| ОРЫС - ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)