Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ | МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІ | Облыс аумағында 13 аудан, 5 қала, 744 ауылдар бар. | АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ | СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ | ВОЗНЕСЕНИЯ ГОСПОДНЯ» ПРАВОСЛАВТЫҚ СОБОР | ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ | ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ |


Читайте также:
  1. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  2. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  3. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  4. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  5. ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ
  6. ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ

Батыс Қазақстандағы бірегей және сирек кездесетін сәулет өнерінің ескерткіші Абат-Байтақ Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бесқопа ауылының шығыс беткейінде он екі шақырымшамасында орналасқан. Ескерткішті XIX ғасырда француз саяхатшысы Жозеф Кастанье ашқан, ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында белгілі зерттеуші М.Меңдіқұлов зерттеп, шамамен ХIII ғасырдың бас кезіндегі, Алтын Орда дәуіріне дейінгі қыпшақ ұлысының Хорезммен тығыз байланыста болған уақыттың қалдырған мұрасы деп болжамдаған. Ескерткіш белгілі пәлсапашы Асан қайғының баласы Абат батырға арнап тұрғызылған. Бұл қабірден қазба жұмыстары кезінде үш адамның мүрдесі табылған. Байтақ - кең, шексіз деген мағына береді. Далалықта мұндай ғаламат құрылыстар негізінен хан төре тұқымы жерленген қабыр үстінен бой көтерген. Абат-Байтақ кесенесі маңында Қыз әулие бейіті бар. Кесененің биіктігі – 14,5 метр, кезінде 16 метр болған. Күйдірілген кірпішпен қаланған. Мұндай кесене бұрын Ұлы далада, Орта Азияда, Поволжье жақта, Әзірбайжанда болған. Бұл кесене Сары Қобда өзенінің бұрынғы бассейні аумағында тұрғызылған. Сол кездегі заман ағымына сай бұл ескерткіштің алыстан келе жатқан жолаушыға жарқырап көрініп тұруы үшін төбесіне алтын жалатқан бояулармен өрнектер салынуы мүмкін деген болжам бар. Кесене құрылысы бірнеше жылдар бойы жүргізілген. Құрылысқа тек қана жергілікті материалдардан жасалған кірпіштер пайдаланылған. XVIII-XIX ғасырларда кесене маңында көптеген адамдар жерленгенін түрлі үлгіде, өзгеше жасалған құлыптастардан байқауға болады. Олардың саны 200-ден асады. Кесенеден 15-20 шақырым қашықтықтағы қорғандарды қазғанда шамамен XIII ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орда уақытының сирек жерлеу орындары табылады.2007 жылы Абат-Байтақ кесенесіне жаңарту жұмыстары жүргізілді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 418 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орталығы – Ақтөбе қаласы.| МҰҒАЛЖАР ТАУЛАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)