Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арасай мен аҒынтай батырларҒа арналҒан мемориалдыҚ кешені

ШҮЛБІ СЭС-і | ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ | ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ | Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ | ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ | МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІ |


Читайте также:
  1. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ
  2. АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  3. АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ
  4. ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  5. ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ
  6. ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

1999 жылы Қарасай мен Ағынтай батырлар жерленген жерге мемориалдық кешен орнатылды. Архитекторлары – Б. Ибраев, С. Ағынтаев. Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты

Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған уақыты еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орнаққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Қарасай мен Ағынтай батырлар да болған. 1643 жылы жоңғарларға қарсы соғыста Қарасай батыр 3 мың қолымен қатысып, асқан ерлік көрсеткен. Соған орай Сүйінбай жыраудың:

Қарасай халқы үшін атқа мінді,

Шыдамай жауыздыққа неше түрлі, - дейтіні, немесе:

Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,

Қалмақ қашты баласын, малын тастап.

Әйеліне қарауға шамасы жоқ,

Келіп еді баста жерді ластап, - деп Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлігін сипаттайды. Ағынтай батыр (1599-1672) - батыр, қолбасшы, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Орта жүздің арғын руынан шыққан. Ағынтай батыр 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған.1635 жылы болған ірі шайқаста қалмақ қолына түскен Жәңгір сұлтанды Шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батыр тұтқыннан құтқарған. 1643 жылы Орбұлақ өңіріне Жәңгір хан мен Қарасай, Ағынтай батырларда кеткен есесін қайтаруды мақсұт тұтқан Батыр қонтайшы кеудесіне кек қатып, 50 мың қолдық шерігін бастап қазақ даласына енеді. Тосын хабардан Жәңгір хан жанына бар болғаны 600-ге жуық сардарларын жинап үлгереді. Бірақ та Салқам Жәңгірдің жанына топтасқан 600 сарбаздың әрқайсысы жүзге татитын батырлар еді. Олардың ішіндегі Шапырашты Қарасай, Арғын Ағынтай батырлар жауға қарсы еуропалық әдіс-тәсілдерді пайдалануда ерекше көзге түскен. 1643-1644 жылдары Қарасай батырмен бірге Ағынтай батырмен барлық шайқастарға қатысып, жауға әрқашан тойтарыс беріп, жас сарбаздарға үлгі болып отырған. 1644 жылы соңғы рет досы Шапырашты Қарасай батырмен бірге 66-65 жасқа келген шақтарында жоңғарлардың 2000-ға жуық әскерлеріне тойтара соққы беріп, жеңіске жеткен. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Оның жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды «Ағынтай жұдырығы» деп атап кеткен.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Облыс аумағында 13 аудан, 5 қала, 744 ауылдар бар.| АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)