Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ф. М. ДостоевскийдіҢ семейдегі Әдеби мемориалдыҚ мҰражайы

ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ | Облыс орталығы – Тараз қаласы. | АЙША-БИБІ КҮМБЕЗІ | ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ | КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ | АРАХАН КЕСЕНЕСІ | СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ | ШҮЛБІ СЭС-і | ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ |


Читайте также:
  1. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  2. ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ
  3. ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  4. ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
  5. ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  6. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ

Достоевскийдің Әдеби-Мемориалдық Мұражайы – Семей қаласындағы мәдени-ағарту мекемесі. Орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің туғанына 150 жыл толуы қарсаңында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1971 жылы 7 мамырдағы №261 Қаулысына сәйкес ашылды. Мұражай жартылай ашылған кітап пішінінде бұрынғы жазушы тұрған (1857 - 59) екі қабат ағаш үйге жапсарлас ғимаратта орналасқан. Құрылыстың алаңы 87,7 шаршы метр. Бірінші қабаты сыртынан салынған. Екінші қабатында XIX ғасырдың тұрғын үй интерьеріне сәйкес 4 бөлме орналасқан. Олар – ас үй, қонақ бөлме, кабинет, ұйықтайтын бөлме. Барлығы – 54 шаршы метр. Бөлмелері аласа – 2,45 метрден келеді. Мұражайдың кіре берісіне Достоевский мен Ш. Уәлихановтың достығын бейнелейтін қоладан құйылған мүсін қойылған. Мұражайда жазушының алғашқы “Бейшаралар” (1846) романынан бастап, “Ағайынды Қарамазовтар” (1880) романына дейін, сондай-ақ, әр жылдары басылған толық жинақтары, әлем тілдерінде шыққан туындылары, ғалымдардың жазушы шығармалары туралы жазған зерттеу еңбектері қойылған. 2000-нан астам экспонат бар. Жазушының Сібірде өткізген жылдарын (1849 - 59) бейнелейтін экспозициялар бір бөлімде жеке жинақталған. Омбыдағы кезеңі “Өлі үй” атты композиция арқылы көрсетілген. Осы бөлімде жазушының “Сібір дәптері”, “Өлі үйден жазбалар” атты шығармаларына суретшілер А.Н. Корсакова мен З.А. Толкачеваның салған иллюстрациялары қойылған. Мұражайда жазушының Уәлихановпен жазысқан хаттары, оған байланысты көптеген құнды экспонаттар бар.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ| ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)