Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыпатай батыр кесенесі

ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ | Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар. | ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ | ОТЫРАР ҚАЛАСЫ | БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ | Облыс орталығы – Тараз қаласы. | АЙША-БИБІ КҮМБЕЗІ | ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ | КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ |


Читайте также:
  1. А оживить ее можно? – вдруг спросил Батыржан, до того молчавший.
  2. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  3. АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ
  4. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  5. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  6. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  7. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ

Қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданында туылған. Сыпатай батыр (1837-1889 жж.) белгілі Сауық батырдың ұлы болған. 1857 жылы Г.Х. Тасфорт пен Ш. Уәлихановтың Жетісудағы экспедициясына және Қоқан хандығына қарсы халық көтерілісіне қатысқан. 1860 жылғы Ұзынағаш көтерілісінің басшыларының бірі болған. Ұзынағаш соғысында орыс әскерлері жағында болып қатысқан. Қоқандар шапқыншылығында қарсыластарға мықты айбын көрсетіп, ортақ жеңіске барын салған Сыпатай батыр қазақ сарбаздарының отрядын басқарған. Қоқан хандығының әскерлерінде қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Сыпатай батыр атағын алды. IX ғ. салынған Сыпатай батырдың кесенесі Мерке ауданында орналасқан. Сыпатай батыр Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68) – батыр. Ұлы жүздің Дулат тайпасының Ботбай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты танылған адам болған. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Көз көрген кескінін К. Әзірбаев: «зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып түсіреді екен. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты», – деп суреттейді. XIX ғасырдың 1-жартысында қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай батыр Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. Атқа мініп, қол жинап, салық жинап жүрген Қоқан ханының жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді. Арқадан ығысқан Кенесары хан оңтүстікке келіп, Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаған соң ел азаматтарын бастап, Сыпатай батыр Кенесары ханға қосылып, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары хан қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай батыр одан бөлініп, өз әскерін бастап кетіп қалады. Оның өзіндік себебі де бар еді. Жиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батырды – Андас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындар елін Қоқан басқыншыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қоныстығына жер береді. Қырғыздардың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші әкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасаған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Сөйтіп екі жақтың арасындағы қантөгіске қатысудан бас тартады. Кейіннен 1960-жылдары Черняев бастаған орыс әскерінің Қоқан хандығына қарсы жорығына Сыпатайдың балалары қатысады. Сыпатай батыр қайтыс болған соң оның асы 1870 жылы Меркіге таяу жерде Сарыкемерде берілді. 1992 жылы С. б-дың 210 жылдығы аталып өтілді. Мазары жаңғыртылып, қайта салынды. 2002 жылы Сыпатай батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 885 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АРАХАН КЕСЕНЕСІ| БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)