Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Отырар Қаласы

ШАРЫН ШАТҚАЛЫ | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ | Облыс аумағында 7 аудан, 3 қала, 273 ауыл бар. | ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ | ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ | Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар. | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  2. АСТАНА ҚАЛАСЫ
  3. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ
  4. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ
  5. ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ

Отырар – Сырдарияның орта ағысында орналасқан ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Отырар – көне қала (б.д.д I ғ. – б.д XVI ғ.). Отырар қаласының қираған үйіндісі – Шымкент облысындағы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында орналасқан. Отырар – XIII ғ. «Тарбанд» деген атаумен белгілі болды. Бұл атау көне түрік руна жазбаларында кездеседі. Отырар – Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға, Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала, V-XV ғ. Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық. 1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Моңғол шапқыншылығы кезінде қала қоршауда қалып, қала тұрғындары ерлікпен шайқасып, қолбасшы Қайырхан қаза тапты. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды. Отырар қаласында ортағасырлық атақты ғалым, ойшыл – Әл-Фараби дүниеге келген. Сонымен қатар, дүние жүзіне белгілі Отырар кітапханасы болды. 2005 жылы өлкенің тарихымен таныстыратын «Отырар даңқы» тарихи-сәулеттік кешені ашылды. Ата-бабалар аллеясында «Отырарға» әлемдік атақ алып берген адамдардың есімдері алтын әріптермен жазылған. Ортасында – әл-Фарабидің ескерткіші орналасқан. «Отырар Қорғаны» - масштабы жөнінен орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Кешеннің авторлары – облыстың белгілі мүсіншілері мен сәулетшілері Насыр Рүстемов, Ержан Құдайбергенов, Нұрбол Мұсаев. Қазіргі уақытта Отырар-Төбе археологиялық ескерткіш болып табылады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ| БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)