Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы Қаласы

АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ | ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ | МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ | ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ | САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ |


Читайте также:
  1. АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  2. АСТАНА ҚАЛАСЫ
  3. ОТЫРАР ҚАЛАСЫ
  4. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ
  5. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ
  6. ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ

 

Гүлі бар таңда ашылар,

Бал шырын алмасы бар.

Бір өзінде.

Гүл қала, арман қала,

Мәңгі оты жанған қала.

Алматы жүрегімді- деп ақын Әбділда Тәжібаев жырлағандай, Алатаудан алқа тағынған ару қала Алматының еліміз тарихында алатын орны өте жоғары.

Алматы- атауы «алмалы», яғни «алмасы мол» деген атаудан шыққан. 1867 жылы Верный аталады. Қалада 1887 және 1911 жылдары 9-10 балдық жер сілкіністер болған. Өзінің бұрынғы Алматы атын тек 1921 жылдан бастап қана қайта алды.

Алматы 1927 жылы 3 сәуірде Қазақстанның астанасы болып жарияланды.

1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін республика астанасы болды.

1986 жылы 16 желтоқсанда қаланың орталық алаңында әкімшіл-әміршіл билікке қарсы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болды.

Бұл қалада 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды.

1992 жылы дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтті.

Қазір еліміздің мәдени, ғылыми, қаржы орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Алматыда мәдени-демалыс және тарихи орындары мен ескерткіштер көптеп саналады.

Жер аумағы – 28,2 мың. га.

Халқының саны – 1143,5 млн. адам.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. 1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі. Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы, негізінен, таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір, негізінен, борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті құмды-сазды қабаттардан тұрады. Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары – Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Алматының топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әр түрлі. Ең төменгі белдем қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900-1300 м биіктіктегі қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім т.б. жеміс және көкөністер өседі. Алматы республикадағы негізгі туризм орталығы болып саналады. Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина жасау өнеркәсібінің «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «Поршень зауыты», «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіпте «Алматы мақта-мата комбинаты», «Жетісу», «Қыз Жібек», т.б. іргелі акционерлік қоғамдары жұмыс істейді.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ| ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)