Читайте также: |
|
2011 жылы 4 шілдеде Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің символы – еліміздің көк байрағы салтанатты түрде көтерілді. Тудың көлемі:
- флагшток биіктігі -111 метр, тудың ені -13 метр, тудың ұзындығы -30 метр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Желбіреген көк ту туралы, ҚХР-нан отанын сағынып оралған, көк байрақты көрген сайын жүрегі тебіреніп, жаны езілген белгілі сазгер, әнші, ақын Ермұрат Зейіпханұлы:
«Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені»- деген рухты ән шығарған.
Сонымен қоса, «Атамекен» кешенінің алдындағы төбеде желбіреген еліміздің бас байрағынетелікешкөріпшабыттанған –ақын АзаматМәлжанбайұлы да көк байраққа жыр арнаған.
Ата жұрт қазығыңа ат байладым,
Нарға айналар болайын ақ тайлағың.
Ақырзаман болғанша желбірей бер,
Қазақия төрінде бас байрағым.
Ерін алға шығарып ту ұстарлық,
Өткен жоқпа ер қазақ ұрыс салып.
Үлгі алайық бабалар ерлігінен,
Жаудың туын өлетін жығып барып.
Бөрілі байрақ даңқы боп ұранымның,
тарихымнан өрлікті ұға білдім.
Бақыты үшін қазақтың қалықтаған,
Талмаса екен қанаты қыранымның.
Көк туым, бақытым мен барым сенсің,
Тамырдағы тулаған қаным сенсің.
Өле-өлгенше шырқайтын әнім сенсің,
Кеудемдегі жүрегім, жаным сенсің.
Ерке Есілдің тарылмай кең арнасы,
Тек алдыға жылжысын ел арбасы.
Ғасырларда сағынып әрең жеткен,
Қазағымның бұл нағыз төл ордасы.
Бақыты үшін құлпыра берсін мәңгі
Қасиетті қазағымның Елордасы.
«САЛТАНАТ САРАЙЫ»
«Салтанат сарайы» ғимараты 2000 жылдың басында салынды, ол қалалық парк аумағында, Есіл өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Аумақтың жалпы көлемі – 32500 шаршы метр, «Салтанат сарайы» ғимаратының көлемі – 6420 шаршы метр. Ғимарат мәр-мәр таспен және гранитпен безендірілген. Салтанат сарайында Президенттік шырша және басқа да салтанатты кештер өткізіледі. Оның бас дәлізінде сенбі күндері неке қию рәсімі өтеді.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ | | | Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ |