Читайте также:
|
|
Жаңа театрдың ғимараты классикалық эллинизм, маньеризм және барокко үлгісінде салынуда. Жоба авторлары ежелгі грек-рим және қазақтың ұлттық сәулет өнерін үйлестіруге тырысқан. Көрермен залы 1250 адамға есептелген. Партердің сыйымдылығы – 450 орын. Онда итальялық стиль барынша байқалады. Орталық сахнаның ауданы – 935 шаршы метр, биіктігі – 38 метр. Оның жанында екі қаптал және арьерсцена, көркемдік-қойылым бөлімі орналасқан. Арьерсценамен шеберхана және бірқатар арнайы цехтар жалғасқан, олардың көмегімен театр өзі декорациялар құра алады. Таға пішінді көрермен залы төрт төменгі қабат орындарынан, бес балконнан тұрады. Көлемі, жабдықталуы жағынан театр сахнасында маңызды әлемдік опера, балет және концерттер қою, қабылдау мүмкіндігі бар.Театр ең заманауи сахналық және жарық құрылғыларымен жарақтандырылған, көтергіштер 50 тоннаға дейін көтере алады. Ғимаратта, сонымен қатар, 250 орындық камералық музыка залы, мейрамхана, асхана бар. Сондай-ақ, жас бишілерді оқыту үшін балет студиясы құрылатын болады. 326 орынға арналған жерүсті автотұрағы мен 92 орындық жерасты паркингі қарастырылған. Театр Тұран даңғылы және Дінмұхаммед Қонаев көшесінің қиылысында қоныс тепкен. Опера және балет театрының жобалық шешімі халықаралық деңгейге сәйкестендірілген және әлемдік құрылыс тәжірибесі ескерілген. Құрылыстың жалпы аумағы 64 мың шаршы метрді қамтиды.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 165 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | | | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ |