Читайте также: |
|
2005 жылы 16 сәуірде Елбасының қатысуымен Сыртқы істер министрлігі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Сыртқы саяси мемлекеттік басқару мекемесінің бас ғимараты кез-келген елдің келбеті болып саналады. Өйткені, көбінесе дәл осы ғимарат шетел өкілдерінің жиі келіп тұратын орны. Алғаш көргендерінен алған әсерлерінен жалпы Республика туралы ой-пікір қалыптасады. Сыртқы істер министрлігінің жаңа ғимараты шетелдік қонақтарды өз келбетімен таң қалдырды десек, артық айтқан болмас едік. Оны басқа елдердегі осыған ұқсас офистермен салыстыра отырып, мынадай тұжырымға келеміз: Қазақстан тек ТМД елдерінің ғана емес, басқа да мемлекеттердің алдына шықты.
Объектіні 2 жарым жыл ішінде «Мабетекс» швейцарлық компаниясы салды. Ғимараттың іші де, сырты да үйлесімділігімен адамды қайран қалдырады, тамаша әсер береді. Жаңа ғимарат ескісінен екі есе үлкен, яғни 5 қабатты және көлемі – 20 мың шаршы метр. Тұрған орны да сәтті таңдалған – «Байтерекке» қарама-қарсы орналасқан. Жаңа объектіні ашып жатып, Нұрсұлтан Назарбаев жібек лентаны кесіп, Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевқа Мемлекеттік Туды табыс етті. Бұл – Астана тарихындағы ең маңызды күн екенін Президентіміз атап өтіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы саяси мемлекеттік басқару мекемесінде не бары 5 қызметкер және жұмыс орындарының Алматыдағы кішкентай жеке үй болғанын еске түсіріп өтті.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
АСТАНА ҚАЛАСЫ | | | НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ |